Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған, Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған. Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде, Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...
Баяғыда бір етікші болыпты. Ақшадан жұрдай болса керек. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі былғарыдан етік пішеді де: