Зеландия жағалауына таман, Холштейн қорғанының қарсысында бір кездерде сыңсыған қалың орманды Вен және Глен деген екі елді арал болушы еді. Олар ұлы құрылықтан онша қашық жатпайтын, екеуінің арасы да бір-біріне тиіп тұр.
Күндердің күнінде әлгі аралдың біреуі ғайып болды. Түнде адам айтқысыз аласапыран дауыл соғып, теңіз арнасынан асып шайқалып, көтеріліп кетті, қариялардың айтуына қарағанда ондай сұмдықтар сирек болатын көрінеді. Дауыл үдеп, жел күшейе берді. Ақырзаман болғанда жер жүзін топан су қаптайды деген рас шығар, жер гуілдеп дөңбекшіп, шайқалып, өзінен-өзі соғылған мұнара басындағы қоңырау оған үн қосып азан-қазан.
Міне, тап осы түні Вен аралы теңіз түбіне кетіп, одан еш қандай белгі де қалмады. Кей-кейде жаздың тымық түндерінде, әсіресе теңіз тыныш жатқанда балықшылар қайық тұмсығына ілінген шам сәулесімен (әсіресе көздері жақсы көретіндер) жоғалған Вен аралын көре алар еді, оның аппақ шіркеу күмбездері, биік қабырғалары бәрі-бәрі мөлдір теңіз түбінен ағараңдап айқын көрінетін.
Ал екінші аралдың халқында зәре жоқ, Венге туған күн бұларға да келетіндей күтті, «Вен Гленді шақырып жатыр» деген сенім туды. Балықшылар бас қоса қалған жерде жоғалған аралды көргендерін, тіпті су түбінен оның күмбірлеген қонырауының үні келіп жататынын майын тамыза айтатын, бірақ мұның бәрі тек үрей еді. Бұл үн, шын мәнінде, жабайы аққулар әні болатын, жаздың жайдары түнінде теңіз бетінде ойнаған аққулардың сыңсыған үні кейде үзік-үзік қоңырау даусындай талып естілетін.
Осы кезге дейін, Глен аралын мекендейтін шалдар, сол қарғыс атқан түнді әлі ұмытпаған, олар тағы біздің бала кездерімізде Вен мен Гленді және ұлы құрлықты жалғастырып жатқан бұғаздармен су қайтқан шақтарда арбамен өтуші едік, су сонда арба дөңгелегінің діңгегінен ғана келетін еді деп те айтады, ал қазір қайықпен, кемемен қатынайды екі араға.
Сондықтан да болар, «Теңіз Гленді де жұтады» деген сөз жиі айтылады, күндердің күнінде сол сөздің расталмасына кім кепіл.
Дауыл соға қалса балалардың «Мүмкін, бүгінгі түнде Вен Гленді алып кетуге келетін шығар!» – деп зәре-құттары қалмайтын. Сол үрей мен қорқыныш үстінде құдайға жалбарынып, дұға оқи бастайтын. Дұға сүрелерінің аяғына жетпей балбырап ұйқыға кететін, ал таңертеңгісін көздерін ашқанда, өзінің әсем орманымен, көкмайса шабындығымен, көзге жылы қоңырқай шаруа үйлерімен Глен өзінің баяғы орнында тұратын. Орман жақтан құстардың мың құбылта сайраған даусы естіледі, бұл орманда сондай-ақ аң мен құс, көртышқандар да көп-ақ, бірақ олар қаншама иісшіл болса да теңіз суының иісін сезе қойған жоқ.
Дегенмен аралдың ғұмыры қысқа еді. Алдын ала пәлен күн қалды деп кесіп айту қиын шығар, бірақ күндердің күнінде бұл аралдың да орнынан табылмасы, әйтеуір, анық.
Мүмкін, сен кеше ғана жағалауда тұрып Зеландия мен Глен арасындағы бұғаз суына шомылып, сылаң қағып еркелеген аққуларға қарап қызықтаған боларсың, тоғайлы жағалауды бойлай ақ желкендерін түсіріп жіберіп, баяу жылжып жүзіп бара жатқан қайықтарға қарап тұрған боларсың, басқа жол болмағандықтан арба дөңгелегіне суды шашырата шылпылдатқан аттармен бұғазды кешіп өтіп аралға кеткен боларсың.
Міне, сен туған аралыңнан алысқа сапарға аттанып барасың, мүмкін, жер шарын айналып, бірнеше жылдан соң Отаныңа бір-ақ ораларсың. Қарасаң өз көзіңе өзің сенбейсің, сенің алдыңда жан-жағы тоғаймен көмкерілген жайқалған жап-жасыл шабындық жатар еді, көзге жылы ұшыраған сәнді шаруа үйлерінің алдында көш иісі бұрқыраған мая-мая шөп. Сонда сен қайда тап болдың? Хольштейн қорғаны өзінің алтын жалатқан күмбездерінің бұрынғыша жарқылымен көз тартады, тек ол жағалауда емес, одан көп кейін алыстап кеткен. Теңіз жағалауына жету үшін тоғаймен, жазықпен жүріп келесің, жүріп келесін... Ал арал жоқ, Глен қайда? Сенің алдында арал түгіл одан белгі де қалмаған, ашық теңіз! Вен келіп Гленді алып кетеді деген қауесет рас болмаса игі еді? Япырай, сол бір дүниенің айран-асырын шығарған ғаламат, бүтін бір аралды су астына түсіріп жіберердей сілкініс, әсіресе ежелгі Хольштейн қорғаның ары таман ысырып тастаған дауылды түн қашан ғана тынады екен. Алайда, ешқандай дауыл соққан түн болмаған еді. Оның бәрі күндіз, жарқыраған күн астында өзгерді. Адамзаттың ақыл-ойы үлкен бөгет салдырып, бұғаздағы бар суды тартып алады да, Гленді ұлы құрлықпен жалғастырады. Бұрынғы өткел болып жатқан су орнына көкмайсалы құрақ өсті, сөйтіп Глен Зеландиямен бірігіп кетіп еді. Ескі қорған тап баяғы орнында. Вен келіп Гленді ертіп әкеткен жоқ, Зеландия өзінің қамқор қолын созып, аралды құрлықтан бөліп жатқан суды құрғатып, екі арасын мықтап тұтастырды. Арал өзінің бар қазынасымен келіп енді Зеландия жері бірнеше шаршы метр кеңейді. Мұның бәрі ып-рас, бұл туралы тіпті газеттерде де жазылған болатын. Қайткенмен де Глен жоғалады деген қауесет рас болды ғой арал бүгінде жоқ.
Вен мен Глен
- ramuk_b
- 15 қазан 2018
- 1592
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Вен мен Глен ертегісі, Ханс Кристиан Андерсен ертегілері
Ұқсас жаңалықтар:
Ғылым, білім туралы мақал-мәтелдер
Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. Ғылым - теңіз, білім - қайық. Кітап - ғылым – тілсіз мұғалім....Суға батып кеткен ғибадатхана
Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады,...Орман
Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу. Кейде тынық, Кейде сұлық, Кейде дауыл гу де гу....Мінез адам көрсеткіші
Міндеттері: Оқушылардың мінез - құлқы туралы түсініктерін кеңейту. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажыратуды білуге үйрету; Жақсы мінез...«Теңізге саяхат»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжай- балабақшасы Жамекова Кулай Ермековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.