Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар түрлері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлерін өз беттерінше іздену арқылы меңгерту және жаттығу жұмыстары кезінде еркін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы мен ерекшелігін ажырата алады.
2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жетік меңгереді.
3. Жаттығу жұмыстарын орындау кезінде дауыссыз дыбыстардың түрлерін еркін таба алады.
Қалай көрінеді:
1. «Категориялық топтастыру» стратегиясы.
2. «Түртіп алу» стратегиясы.
3. «Бес жолды» стратегиясы.
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекілігі: дауыссыз дыбыстардың түрлеріне арналған кесте, топшамалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
270 - жаттығу.
ІІІ. Қызығушылығын ояту.
«Категориялық топтастыру» стратегиясы.
ІІ. Мағынаны тану.
1) «Түртіп алу» стратегиясы.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқи отырып, (Ү, -, +,?) «Түртіп алу» стратегиясы бойынша берілген кестені дәптерлеріне сызып, толтырады. 10 мин. уақыт беріледі.
«Ү» «-» «+» «?»
Білемін Білмеймін Жаңалық Күдікті, таңқалу
Дауыссыз дыбыстар салдыр мен үннің қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді болып үш топқа бөлінеді.
Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Олар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ
Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, бірақ үннен салдыры басым дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз.
Ұяң дауыссыздар мыналар: б, в, г, ғ, д, з, ж
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстарды үнді дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыз дыбыстар мыналар: р, л, м, н, ң, у
2) Жаттығу жұмыстарын орындау.
264 - жаттығу.
Мәтінді көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын - бір, ұяң дауыссыздардың астын – екі, үнді дауыссыздардың астын ирек сызықпен сызыңдар.
265 - жаттығу.
Төменде берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.
268 - жаттығу.
Мына өлең шумақтарындағы һ, ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер? Мағыналық жағына талдау жасаңдар.
ІІІ. Толғаныс.
1) «Бес жолды өлең» стратегиясы.
264 - жаттығудан өздерінің қалауы бойынша сөз алып, соған бес жолды өлең құрау.
Зат есім (кім? Не?)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
1 сөйлем (4 сөз)
Синоним –
2) Үйге тапсырма.
1. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау.
2. 269 - жаттығу.
3) Бағалау.
Оқушының аты - жөні Ереже Категориялық топтастыру Түртіп алу Жаттығу жұмысы Бес жолды өлең Оқушының өз бағасы Мұғалімнің бағасы Қорытынды баға
Дауыссыз дыбыстар түрлері
- asemgul
- 4 маусым 2014
- 22540
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дауыссыз дыбыстар түрлері
Ұқсас жаңалықтар:

Дауыссыз дыбыстар. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі
Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Дауыссыз дыбыстың өзара үндестігі туралы түсінік беру. Сөздерді дұрыс айтып, сауатты жазуға...
Дауыссыз дыбыстар
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жақаева Асемгүл Есқабылқызы...
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері. Сабақтың мақсаты: Дауыссыздарды қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін білдіру, олардың айтылу...
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: дауыссыз дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту; фонетикалық талдау және жаттығу жұмыстары мен қосымша...
Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.