Сайтқа кіру Тіркелу

Септікті оқыту

• Дамытушылық: оқушыларды дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, топта жұмыс жасауға, бірінің пікірін тыңдай білуге үйрету
• Тәрбиелік: халық педагогиканы пайдалана отырып тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, қайталау, жаттықтыру
Көрнекіліктер: үйлердің суреті (септіктер ауылы, жалғаулар ауылы, демалыс ауылы) үлестірме карталар, презентация
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айтамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылар сұрақ - жауап, жазбаша жұмыс орындау арқылы жалғау түрлерін қайталайды

 Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
 Олар қандай түрлері?
 Жіңішке сөзден кейін қандай көптік жалғау жалғанады?
 Жуан сөзден кейін қандай көптік жалғау жалғанады?
 Тәуелдік жалғауды көрсететін есімдіктер қандай?
 Жіктік жалғауды көрсететін есімдіктер қандай?
 Қазақ тілінде қандай сөздер жіктеледі?
1 - карточка
Сөйлемдерді толықтырып жазу
Менің шеше... – дәрігер.
Сенің әке... – құрылысшы.
Дәптер..., кітап... үстелде жатыр.
2 - карточка Сенің апа... – студент.
Сіздің оқушы... мұражайға барады.
Әнші..., ғарышкер..., ұшқыш..., дәрігер... – бұл жақсы мамандықтар.
3 - карточка Біздің отбасы... үлкен.
Ата..., әже... – зейнеткерлер.
Алма..., алмұрт..., жүзім... өте тәтті жеміс....

ІІІ. Сергіту сәті
Бір дегенім – бірлік
Онсыз болмас – тірлік
Екі дегенімін – еңбек
Еңбек бәрін – жеңбек
Үш дегенім – үлес

Үлес үшін – күрес.
Төрт дегенім – терме
Тұрған жақсы – ерте.
Бес дегенім – белең
Сан үйреніп – келем.

ІҮ. Жаңа тақырып:
Мұғалімнің сөзі: Бүгін сабақта септіктер әлеміне саяхат жасаймыз. Ережені қайталап, мысал келтіреміз.
«Ерте - ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, Септік деген дәулетті, бай шал болыпты. Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты, сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?» — деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда «нені айтып, кімді ғана қарғайын?» — деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, « неде, кімде екен себебі?» - деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?» — деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен. Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» - деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Оқушылар септіктер кестесімен танысады

Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? Не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен

Ү. Мәтінмен жұмыс
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай “бестік” қойылыпты Маратқа Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Маратта
Жетеді онда, ынта, жігер, талап та.
Қай өнерде табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне, сондай жақсы бала Маратпен,
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең.

Тапсырма: Марат деген сөзге қандай жалғау жалғанады?

Жазбаша жұмыс
Оқушы деген сөзбен сөйлемдер құрастыру
Оқушы... дәптері таза
Оқушы... жауап алды
Оқушы... тақтаға шақырды
Оқушы... бірге жетістіктерге қуанамыз
Оқушы... мұғалім сұрақ қойды

ІҮ. Сабақты бекіту
Қазақ тілінде неше септік бар?
Қандай септік үндестік заңына бағынбайды?
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма
110 бет 1-ші тапсырма (сөздерді екі қатарға бөліп жазу), ереже.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×