Сайтқа кіру Тіркелу

Ақпараттың көлемін анықтау (шеберлік – класс)

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, «Горный ЖББОМ» КММ
Математика-информатика пәні мұғалімі
Жағыпарова Арай Бақытқызы

Шеберлік – класс
Тақырыбы: “Ақпараттың көлемін анықтау” (слайд)

Мақсаты: Ақпарат өлшемін, ақпарат көлемін анықтау есептерін шешіп үйрену арқылы таным белсенділігін арттыру.
Ақпаратты өңдеу тәсілдері:
• Ақпаратты сақтау;
• Ақпаратты жөнелту;
• Ақпаратты өңдеу.

Ақпараттың көлемі
Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т. с. с. өлшенген ақпараттың көлемі.
Мәтіннің ақпараттық көлемі
I - ді анықтау үшін N - символ санын, К - символдағы бит санына көбейту керек: I=N*K

Ақпаратты есептеу
Windows (CP1251)- та кодтағанда – 256, яғни 28 символ қолданылады.
Осыдан келіп 1 символдың ақпараттық көлемі 1 байт немесе 8 битке тең болады.

Юникод
Unicode - та кодтауда 65536 символ = 216 = 256*256 қолданылады. Демек, бұл кодтауда 1 символдың ақпараттық көлемі
2 байтқа немесе 16 битке тең болады.

Есептер қарастырайық
1. Unicode - та әр символ екі байтпен есептелетінін біле отырып, 24 символдан тұратын сөздің ақпараттық көлемін анықтаңыз.
1) 384 бит; 2) 192 бит;
3) 256 бит; 4) 48 бит.
Шешуі:
1 символ = 2 байт, 1 байт = 8 бит
24 символ∙2=48 байт=48∙8 = 384 бит.
Жауабы: 384 бит

Есептер қарастырайық
2. Әр символ 2 байтпен есептеледі деп, берілген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңыз.
Бір пұт - 16, 4 килограмм шамасында.
• 1) 32 Кбайт; 2) 512 бит;
• 3) 64 бита; 4) 32 байт.

Шешуі:
1 символ = 16 бит = 2 байт.
• Сөйлемде 35 символ бар, демек Unicode - та кодтағанда ол 70 байт = 512 бит болады.
Жауабы: 512 бит

Есептер қарастырайық
3. Компьютерде терілген мақалада 8 парақ, әр парақта 40 жол, әр жолда 64 символ болса, мақаланың ақпараттық көлемін әр символ 16 битпен есептеледі деп табыңыз.
• 1) 320 байт 2) 35 Кбайт
• 3) 640 байт 4) 40 Кбайт

Шешуі:
1 байт = 8 бит, 1 Кбайт = 1024 байт
• Барлық көлем: 64 ∙16 ∙ 40 ∙ 8 бит=327680бит
327680/8= 40960 байт.
40960/1024=40 Кбайт
Жауабы: 40 Кбайт

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×