Сайтқа кіру Тіркелу

Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы

Сабақтың тақырыбы: Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Литерлік шаманың мәнін өзгерту командаларын оқушыларға әр түрлі есептерде қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды Turbo Pascal бағдарламалау тілінде литерлік шамаларды қолдана отырып, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Литерлік шаманың мәнін өзгерту командалары арқылы оқушылардың логикалық - құрылымдық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ типі: Практикалық.
Бағдарламалық - дидактикалық қамтылуы: Есептеуіш техника кешені, интерактивтік тақта, Turbo Pascal бағдарламалау тілі, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақ уақыты:
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Бекіту.
V. Үй тапсырмасын беру.
VІ. Қорытындылау.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысын тексеріп, құрал - жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Алдыңғы өтілген тақырып бойынша сабақ сұрап, өткен сабақ бойынша сұрақтар қою:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. «Алгоритм» сөзі қай ғалымның атынан шыққан?
3. Алгоритмнің қасиеттері.
4. Алгоритмнің түрлері.
5. ЭЕМ - да есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады?
6. Математикалық модель құру не үшін қажет?
7. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
8. Программа құру дегеніміз?
9. Программаны жөнге салу кезеңінің мақсаты неде?
10. ЭЕМ - да есеп шешу және нәтижелерін талдау кезеңі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
53 - мысал. А=”сабақ” екені берілген. А литерлік шамасының мәні меншіктеу командаларын орындағаннан кейін қандай болатынын анықтау керек.
Шешуі
А[1, 1]:=”т” А[1, 1]:=”т” → ”табақ”
А[1, 2]:=”қа” А[1, 2]:=”қа” → ”қабақ”
А[3, 1]:=”л” А[3, 1]:=”л” → ”қалақ”
А[1, 2]:=”құ” А[1, 2]:=”құ” → ”құлақ”
А[4, 2]:=”ан” А[4, 2]:=”ан” → ”құлан”
Сонымен, А литерлік шамасының жаңа мәні А = ”құлан”.
55 - мысал. Текстегі “мам” әріптер үйлесімін “айр” әріптер үйлесіміне ауыстыратын алгоритмнің жазылуындағы қателерді табу керек.
алг ауыстыру ( арг лит Т, нәт лит Т )
басы бүт I
енгізу Т
үшін I бастап 1 дейін ұзын (М)
цб
егер T[I, 1] = “мам”
онда T[I, 1] = “айр”
бітті
цс
шығару М
соңы
Ш е ш у і. Алгоритмде мынадай қателер жіберілген:
1. Қиып алу операциясы дұрыс жүргізілмеген. 3 әріптен қиып алу керек, яғни T[I, 3].
2. Ұзындығы 3 (3 әріп) кесінді қажет болуымен байланысты I параметрі 1 - ден бастап ұзын(Т)- 2 дейін өзгертілуі мүмкін. Т=”маман” делік, онда келесі қиып алуларды орындауға болады:
1 2 3 4 5
T[1, 3], T[2, 3], T[3, 3] - - - - - - → м а м а н
“Маман” сөзінің ұзындығы 5 - ке тең болғанда, I 1 - ден 3 - ке дейін өзгере алады.
Алгоритмнің дұрыс жазылуы:
алг ауыстыру (арг лит Т, нәт лит Т) program _54; {Ауыстыру}
var t: string;
i: integer;
басы бүт I begin
енгізу Т readln (t);
үшін І бастап 1 дейін ұзын (Т)- 2 for i:=1 to iength (t) — 2 do
цб
егер T[I, 3] = “мам” If copy (t6 i6 3) = ‘бан’ then
онда T[I, 3] = “айр” begin
бәрі delete (t, i, 3);
цс insert (‘тум’, t, i);
end;
шығару Т writeln(t);
соңы end.
1 - тапсырма.
«Ма» сөз үйлесімін «па» сөз үлесімін ауыстыратын алгоритмі мен программасын құрыңдар.
2 - тапсырма.
«Жарық» сөзін «пырақ» сөзіне ауыстыру.
3 - тапсырма.
A= «Қазақстан» делік. Текстерді табыңдар:
A[1, 3]+A[8, 2];
A[6. 1]+A[8. 2]+A[7. 1]+A[2. 1]+A[9. 1]+A[4, 1];
A[6. 1]+A[8. 2]+A[4. 2].
V. Үй тапсырмасын беру. Литерлік шаманың мәнін ішінара өзгерту командасын қолданып, есептер шығарып келу.
VІ. Қорытындылау. Оқушылардың сабаққа қатысып, берілген жауаптарына, орындаған тапсырмаларына қарай бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алгоритм және оның қасиеттері

Алгоритм және оның қасиеттері

ОҚО, Мақтарал ауданына қарасты «Шұғыла» жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Темиров Абжаппар...
Алгоритмді жазу тәсілі

Алгоритмді жазу тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...
Turbo Pascal программалау тілі әлемі

Turbo Pascal программалау тілі әлемі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «№14 орта мектебі» информатика пәні мұғалімі Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика...
Сызықтық алгоритм

Сызықтық алгоритм

БҚО, Зеленов ауданы, Щапов орта жалпы білім беретін мектебінің математика - информатика пәндер мұғалімі Сексенбаева Алтынай Кировқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×