Тәрбиелік - Оқушыларды оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Дамытушылық - Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін артыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, сабаққа даярлығын, оқушылардың сабаққа қатысымын тексеріп, жаңа сабаққа даярлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Төменде металдардың астында сұрақтар жасырылған. Жасырылған сұрақты ашу үшін алдымен осы металға сипаттама беру керек. Толық және дұрыс сипаттама берілген жағдайда сұрақ ашылады.
Сұрақтары:
1. Металдардың периодтық жүйеде орналасуы.
2. Металдардың физикалық қасиеттері.
3. Жемірілу дегеніміз не?
4. Металлургия дегеніміз не?
5. Металдардың химиялық қасиеттері.
6. Бейне сұрақ.
Сурет. Тайқазан 1399 жылы Түркістанда құйылған. Оның диаметрі 2 м 45 см, салмағы 2 т. Тайқазан 7 металдан құйылған. Осы металдарды ата.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
Жұмбақтар.
Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
Электроника саласында ірімін.
Көптеген құймаларға кіремін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін ………..
Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрағым,
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын.
Балқытам деп мені қиналды көбісі,
Қазақстан әлемде кенім жөнінен бірінші.........
Қара металлургияның жанымын,
Машина, трактордың қанымын.
YIII қосымша топшада болсам да,
Металл атаулының көп қолданылатын түрімін..........
Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір көп әр өлкеде
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде?........
Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады..........
III. Жаңа сабақ меңгерту.
Эпиграф: “Кальций – тіршілік тірегі, құрылыс негізі.”
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде кальций IY периодта, II топтың негізгі топшасында орналасқан. Салыстырмалы атомдық массасы 40, реттік нөмірі ( ядро заряды) 20.
Кальций сілтілік металдардан кейін тұр. Ол II топтың негізгі топшасында орналасқан сілтілікжер металдардың қатарына жатады( ертеректе олардың оксидтерін «жер» деп атаған), олар суда ерігенде сілтілер түзеді.
Атом құрылысы. Кальцийдің соңғы энергетикалық қабатында 2 электрон бар. Кальций атомындағы электрондардың орналасуы:
+20Р ) 2e - ) 8e - ) 8e -) 2е -
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2 p6 3s2 3p64s2
Кальций тұрақты +2 тотығу дәрежесін көрсетеді және тек негіздік қасиет көрсететін қосылыстар түзеді.
Табиғатта кездесуі. Кальцийдің қосылыстары табиғатта кең таралған. Ол жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 - орын алады, ал массасы бойынша 3, 6%. Табиғатта кальцийдің қосылыстарын кез келген жерде кездестіруге болады: өйткені тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан құралған. Ол теңіз бен өзен суларында да кездеседі, өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1 кг – ға дейін кальций бар, ол сүйектің, тіс эмалінің, қанның құрамында болады.
Табиғатта ең көп таралған қосылыстарының бірі – кальций карбонаты СаСО3. Ол алуан түрлі минералдар түзеді: бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, кальцит, маржандар, т. б. аралас минералдар. Бұлардың көбісі бағалы болып есептеледі. Ерте кезден – ақ бұл минералдарды көркемөнер туындыларын жасауға қолданған.
Кальций табиғатта гипстің СаSO4•2Н2О, фосфорит пен апатиттің (негізгі құрауышы Ca(PO4) 2) флюориттің СаҒ2 және т. б құрамында кездеседі.
Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары екң таралған. Фосфориттің ең ірі кен орындары Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шилісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда, гипс Жамбыл облысында, цементке қажетті балшық Шымкент, Семей маңында өндірілсе, әктастың қоры және отқа төзімді балшық еліміздің көптеген облыстарында өндіріледі.
Физикалық қасиеттері. Кальций – күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Оның тығыздығы 1, 54 г\см3. Сілтілік металдардың тығыздығына жуық. Кальций ауамен тез әрекеттесіп, тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жұқа ақ қабықшамен қапталады, сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций – қатты металл, оның балқу температурасы 851ºС.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.