Сайтқа кіру Тіркелу

Экономика және экология (қолданбалы курс бағдарламасы)

Түсінік хат
Бүгінгі таңда мектепте білім беруді жетілдірудің жетекші бағыттарының бірі жалпы орта білім беру деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оны отандық және шетелдік ғалымдар өз еңбектерінде «... бүгінгі күннің мектептері оқушының тұлғалық қасиеттеріне бет бұрғандығын, оның жеке икемділігі мен қабілеттіліктеріне барлық жағдайды жасау керектігін»,- дәлелдеп, мектептің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытуды енгізуді негіздеген. Бағдарлы оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға, оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.
Бағдарлы оқыту жалпы оқыту үдерісінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт - бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша 11 сыныпқа аптасына 1 сағат қолданбалы курс барлығы 34 сағатқа негізделген.
Ұсынылып отырған бұл бағдарламада географиялық білімнің ғылыми түсінігін кеңейтуге басты назар аударылады. Сондықтан бұл бағдарламада экономикалық - географиялық ұғымдар мен заңдылықтарға ерекше мән беріліп, география ғылымының соңғы жаңалықтарымен жарақтандырылып отыр. Курс барысында оқушыларды табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық проблемаларды шешуге, сондай - ақ алған білімдерін күнделікті өмірді қолдана білуге үйретеді. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде дәлелдей біледі, ізденпаздыққа шығармашылыққа талпынады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 - 11 - сыныптарына арналған «География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы...
Бейінді мектепте WEB программалау курсын оқыту

Бейінді мектепте WEB программалау курсын оқыту

Гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы орта мектептерде информатика пәні бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары төмендегідей мақсаттарды...
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс

Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл...
Пікірлер: 2
Пікір білдіру
850603
  • 850603
  • 20 қыркүйек 2015 21:28
Білім сайт сіздерге мың рахмет! Жұмыстарыңыз алға бассын
k_zhiger
Білімсайт Құтқардыңдар,рахмет коп коп...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×