Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғи және антропогендік апаттар

Сабақтың тақырыбы: Жапон балладасы. Жер сілкіну.

Сабақтың мақсаты: 1. Білім алушылық. Жапониядағы Хиросима, Нагасаки және Фукусима жарылыстарының тарихын, оның зардаптарын түсіндіру. Табиғи және антропогендік апаттардың салдарын салыстыра білу.
2. Тәрбиелік. Оқушыларды мейірімділікке, ауызбіршілікке, көшбасшылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Қосымша танымдық материалдар
арқылы оқушылардың дүнетанымын, ой - өрісін және өзіндік пікірін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. (қазақ әдебиеті және география)

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: СТО әдістері

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, оригами, дүниежүзінің физикалық картасы, ватман, маркерлер,
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, медицина, экология, өнер
Сабақтың құрылысы: 1. Сабақты ұйымдастыру.
2. Қызығушылықты ояту
3. Мағынаны тап
4. Рефлексия
5. Бағалау.
6. Қорытындылау.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Оқушылармен амандасып, класты
түгендеп, сабаққа дайындығына көз жеткізу.

Оқушыларды топқа бөлу. 2/ Оқушылар ортаға шығып, молекула тәріздес қозғалады, орын алмастырады. Мұғалімнің белгісінен кейін олар жұптасады. Содан кейін 5 оқушыдан бірігіп атом құрады. Оқушылар 3 топқа бірігеді. Әр топқа қызыл, жасыл, көк хризантема гүлдері беріледі.

І. Қызығушылықты ояту.
Миға шабуыл «Атом» сөзіне ассоциация құру. – 3/

ІІ. Мағынаны тап.
ІІ. Мағынаны тап.
1. «Хиросима» тақырыбында видео көрсетіледі. 3/
2. Ғ. Мүсіреповтың «Жапон балладасы» шығармасы бойынша топтық жұмыс. - 7 - 9/
Таңдау бойынша «Арқаның әңгімесі», «Тастың әңгімесі», «Көздің әңгімесі» бөлімдері бойынша тапсырмалар орындалады.
І – топ. Сурет салу
ІІ - топ. Көрініс көрсету.
ІІІ – топ. Интервью алу.
3. Картамен жұмыс. 5/
1. Бұл оқиға қай жерде болған?
2. Шығармада аталған географиялық обьектілерді кім көрсетеді?
3. Жапония қандай сейсмикалық белдеуге жатады?
4. Жапонияда қай жылы үлкен жер сілкінісі мен апатты цунами болды?
4. «Фукусима» тақырыбында видео көрсетіледі. 3/
5. Венн диаграммасын құру. 5/

6. Палитрамен жұмыс. 2/
Ортақ сөз «бомба». Бомбаның түсі қандай болар еді? (Қара)

Әр топ қолдарындағы түрлі – түсті хризантема гүлдерінің түсі арқылы осы қара түске қалай өзгертер едіңіз?
Көк хризантема – көк ашық аспан, бейбітшілік, тыныштық.
Сары хризантема – сары, нұрын шашқын күн, сары алқап.
Жасыл – хризантема – жасыл желек, орман, табиғаттың сұлулығы.

7. Танымдық материалдар. 3/
Жасыл түс табиғатты, тіршілікті білдіретін болса, жер сілкінісін алдын - ала хабарлайтын «жанды сейсмографтар» туралы мәліметтерді тыңдайық.
8. «Жапония. Апат. Тырна» Осы сөздерде қандай байланыс бар? 3/
Хиросима, Нагосаки апатынан кейін халықтың ауыр тағдырын, қиын жағдайын жапондықтардың төл өнері оригами арқылы тырна жасап, оны таратқан сайын олардың мұңы, зары, ауыртпалығы, қасіреті азаяды деген пікірде болған Олар осылай өздеріне жұбатқан.
9. Рефлексия.«Еркін хат». 5/
«Жұбаныш хаты» Оқушылардың әрқайсысы қолдарына берілген тырналарға жапон халқына хат жазады. (оларды үлкен ватманға жабыстырады.

10. Үйге тапсырма. 1 - 2/
Эссе жазу. «Ел тыныштығы – менің тыныш ұйқым»

11. Бағалау. 2 - 3/
Бағалау критериі бойынша оқушылар өз - өздерін бағалайды.
Бағалау парағы
Оқушының аты Ассоциация құру Топпен жұмыс Картамен жұмыс Венн диаграммасы Палитрамен жұмыс «Жапония. Апат. Тырна» Қорытынды
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Химиялық ұғымдар

Химиялық ұғымдар

Сабақтың білім беру мақсаты: Ойша саяхат арқылы оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық:...
Бақшада

Бақшада

Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі...
Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Ауаның қасиеттері

Ауаның қасиеттері

М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль...

"Ақсақ құлан, Жошы хан" (қазақ әдебиеті, 5-сынып)

Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×