Қаныш Сәтбаев – Ұлт мақтанышы және ғылымның жарық жұлдызы
- 12 желтоқсан
- 130
- Ғалымдар
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы.
Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери-теңіз министрлігінің стипендиясына оқиды. Бұл оған онан әрі қарай әскери қызметтің ауыртпалығын басынан кешуіне міндеттеді. әуелі ол Термезде болды, онан кейін майданға Түркістан полкінің әскери дәрігері ретінде қызмет етті. Лодзья түбінде ол герман тұтқынына түсті, 1916 жылдың басында тұтқынға түскен әскери азаматтарды алмастырудың нәтижесінде Швеция арқылы оралды, Ақпан революциясынан кейін Асфендиярұлы Термездегі және Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал онан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттары алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан.
Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факултетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) – Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері – рның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. «Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол асытына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды.