Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар.
Бір бала жасынан мал бағып, отын - су алумен күнелтеді. Жазда бұтына жарғақ шалбар киіп, ылғи жалаңаш жүреді екен. Денесі күнге күйіп, қап - қара болыпты.
Бал аштырам деп кемпірді өлтіріп алған баяғы хан, не істерін білмей, қазы - билері болып жиналып, ақыл таба алмай, сол күнге дейін дағдарып отыр екен деседі.
Алдар жаман торғайды байға елу атқа сатқанына мәз болып, «осы құрғыр артымнан қуып келіп жүрмесін» деп, тездетіп жүріп, тағы бір тауға келеді. Таудың бауырында тағы бір ел көреді.
Алыс жақтан ұшып келе жатқан екі қаз жолай су таба алмай, жер шарлап, ұзақ жүріпті. Шілденің шыжыған ыстық күндері екен. Ақыры бір сарқынды көлшікке келіп қоныпты.
Бағзы заманда бір қаланың ақкөңіл әрі өте жақсы бір басқарушысы болыпты. Басқарушы таныса да, танымаса да елдің бәрімен амандасып, жағдайын сұрайды екен. Өзіне ісі түскендерге де қуана көмектеседі.
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті.