Сайтқа кіру Тіркелу

Дене шынықтыру сабақтарында қазақтың ұлттық ойындарын пайдаланудың маңызы

Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру элементтеріне бай. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас ағзаның дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез - құлық ерекшеліктерін, білек - күшін, дененің сомданып шынығуын қалыптастырады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді.

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы туралы М. Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М. Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
- жалпы ойындар;
- қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
- ашық алаңқайдағы ойындар;
- қыс мезгіліндегі ойындар;
- демалыс ойындары;
- ат үстіндегі ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айта келе ғалымдар сабақта және тәрбие жұмысында, мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға негіз болады,- деп пікір білдірген.

Сонымен, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде деп негіздеме береді. Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев. «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі. 1. 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар. 2. 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар 3. 15 пен 20 жас аралығындағы жастар. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс. Ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да мектепке дейінгі тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В. И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл - ойы, парасаты ұлттық салт - сананы сіңіру арқылы байи түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде және дене тәрбиесі пәндерінде пайдаланудың өзектілігі қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды дене тәрбиесі сабағында қолдану оқушылардың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы..

Сабақта ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді.
Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т. б. балалардың еңбекке деген қарым - қатынасы мен қабілеттерін арттырады. «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді
Ғалымдардың пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс - әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл - әрекеттің символы болып табылады.
Негізінен қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 ОЖББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Еслямгалиев Әділғазы Еркінғалиұлы...
Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Баланың тілін дамытудағы ойынның маңызы

Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене...
Ұлттық ойын - халық мұрасы

Ұлттық ойын - халық мұрасы

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылы, Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің мұғалімі Құлманова Злиха Санаққызы...
Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар

Атырау қаласы №2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы Ұлттық ойындар: Дене тәрбиесінде. Сабақ тақырыбы:...
Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, № 31 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шильдебаева Сәуле Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік :...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×