Сайтқа кіру Тіркелу

Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар (күнделікті сабақ жоспары)

56. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар.
57. Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі. Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні.
58. Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.
59. Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.
60. Әр түрлі популяциялардың, экожүйелердің өзара әрекеттесуі


Биология 9 сынып
Тақырыбы: §56 Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертедегі адамдар туралы білім беру
Дамытушылық: Оқушыларды көрнекіліктер арқылы ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды оқу процесінде тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: плакаттар, кестелер.

I. Ұйымдастыру
- Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:
А
А) Антропогенездің қандай факторлары оның ертеректегі сатыларында басты рөл атқарды
Б) Қандай факторлары кейінгі сатыларында басты рөл атқарды?
Б
А) Антропогенездің факторлары
Б) Антропогенездің негізгі әлеуметтік факторы

ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру
Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір - бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г - нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір - бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір - бірімен үнемі қарым - қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан - ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым - қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті
Бас сүйек: 1. Дриопитек 2. Аустралопитек (ми көлемі: 450 - 650см3) 3. Питекантроп ( ми көлемі: 750 - 1100см3) 4. Неандерталь адамы(ми көлемі: 1400см3) 5. Кроманьон адамы (ми көлемі: 1400 - 1500 см3) 6. Саналы адам (ми көлемі: 1600см3)
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1, 9 млн — 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эйсен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" — маймыл және "anthropos" — адам сөзінен — алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.

Питекантроптың ортан жілігінің құрылысы адамның ортан жілігіне ұқсас болуы, оның тік екі аяқпен жүріп тіршілік еткенін аңғартады. Оның кейбір белгілерінің маймылға, ал кей белгілерінің адамға ұқсастығына байланысты оған маймыладам (питекантроп) деген ат берілді. Кейіннен оның қаңқа қалдықтары Қытай, Германия, Венгрия, Солтүстік және Оңтүстік Африка жерлерінен де табылды. Питекантроптың қаңқа қалдықтары табылған кезде, әлі де аустралопитектердің де, епті адамдардың да қаңқа қалдықтары табылмаған еді. Сондықтан көп уакытқа дейін питекантроптар адамтектес маймылдар мен адамдар арасын байланыстыратын тіршілік. Питекантроптар иесі саналып келді. Қазіргі кезде питекантроптарды архантроптарға (ежелгі адамдарға) немесе тік жүретін адамға ("ноmо erectus") жатқызады. Ежелгі адамдардың сыртқы дене құрылысының едәуір айырмашылықтарына қарамастан, олардың бәрін бір ғана түрге жатқызады. Архантроптар жер бетінде бұдан 1 млн жыл мен 500 мың жылдар аралығындағы кезеңде тіршілік еткен.

Бұларды қаңқа қалдықтарының табылған жерлеріне сәйкес питекантроп, синантроп (қытай адамы), гейдельберг адамдары деп те атайды. Ежелгі адамдардың сыртқы белгілері аустралопитектермен, епті адамдармен салыстырғанда қазіргі адамдарға көбірек ұқсас әрі миының салмағы да үлкен. 750, 900 г, кейде 1000 — 1100 г - дай. Архантроптардың бойының ұзындығы 165 — 170 см, бұл белгілердің бәрі де олардың қазіргі адамдарға едәуір ұқсас екендігін дәлелдей түседі. Дегенмен архантроптардың қас үсті доғасы айқын байқалады әрі маңдайы тайқы және жазық, иегі алға қарай шығыңқы емес. Ежелгі адамдардың жақ сүйектері ірі, бас сүйегінің бет бөлімі жақсы дамыған, ал ми сауыты әлі де кішілеу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тарих КТЖ 5 сынып

Тарих КТЖ 5 сынып

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 5-сынып Кіріспе сабақ Зерттеу сұрағы: Қазақстанның ежелгі тарихында не оқытылады? Ежелгі Қазақстан тарихына жалпы шолу...
Адам нәсілдері

Адам нәсілдері

Білімділік: Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту,...
Адам нәсілдері

Адам нәсілдері

Адамның тарихи даму кезеңдерінің ерекшеліктерін, олардың өмірі мен шаруашылықтағы маңызы, мекен ету орталықтары жайында білімін кеңейту, тереңдету....
Тас дәуірі

Тас дәуірі

ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Тарих пәні мұғалімі Бибосынова Алтынгүл Елтайқызы...
Орта тас ғасыры (Мезолит)

Орта тас ғасыры (Мезолит)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сағымбаева Жансая Мергенбайқызы Сабақтың тақырыбы: «Орта тас...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×