Сабақтың тақырыбы; Генетиканың қысқаша даму тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың бойында генетика ғылымы туралы түсінік қалыптастыру, генетика ғылымына үлес қосқан ғалымдар еңбегімен таныстыру.
Дамытушылық: тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын түсіндіру арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын ояту арқылы ауызбіршілікке, білімді және дені сау ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың өткізілу әдісі: топтық жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, маркер, стикерлер, ноутбук.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, география, математика.
Сабақтың түрі: Ізденіс - танымдық сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
(оқушыларды түгелдеп, талапқа сай отырғызу)
Оқушыларды топқа бөлу
I. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық ахуал туғызу. Тізбектелген сұрақ - жауап ойыны.
Үй жұмысын тексеру.
Қоршаған ортаның эмбриондық және постэмбриондық дамуда әсері қандай?
(темекінің, ішімдіктің, есірткінің, түрлі сәулелердің әсері)
Миға шабуыл әдісі:
- " Жігіттің жақсы болуы – нағашыдан, үйдің жақсы болуы - ағашынан " деген мақалды қалай түсінеміз?.
- Иә, балалар нағашыдан барлық жақсы қасиеттер тұқым қуалау арқылы беріледі емес пе?. Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз тұқым қуалаушылық жайында болады.
Олай болса, біз тұқым қуалаушылық туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік.
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Генетика – тірі организмдердің тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін салған Г. Мендель. Біздің заманымызға дейін генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар:
1. Гиппократ
2. Демокрит
3. Аристотель
4. Ч. Дарвин
5. Г. Мендель
Генетиканың даму тарихын зерттеушілер 3 кезеңге бөлді:
Бірінші кезең - 1900 - 1910 жылға дейін.
1900 жыл Германияда К. Корренс, Австрияда Э. Чермак, Голландияда Г. Де Фриз Г. Мендельдің жаңалығын қайталады.
1901 жылы Г. Де Фриз мутациялық теорияны ұсынды.
1903 жылы В. Иогансен популяциялардың тұқым қуалайтын заңдылығын ашты. Ген, генотип, фенотип терминдерін енгізді.
1906 жылы У. Бэтсон генетика терминін ұсынды.
Екінші кезең - 1911 - 1953 жылға дейін.
Т. Морган мен Н. И. Вавилов жаңалықтары кіреді.
Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін. Генетика басқа да ғылымдармен тікелей байланысты:
Генетика және медицина
Генетика және экология
Генетика және селекция
Генетика және педагогика
Генетика және география
Сәйкестікті тап (топтық жұмыс).
Цифрлы ойын сұрақтары:(жауап дұрыс болса 1, дұрыс емес болса 2 санын жазу арқылы жауап беру)
1 топ.
1. Фенотип терминін Г. Мендель енгізді.
2. Өзгергіштік тұқым қуалауды зерттейтін ғылым.
3. Г. Мендель ағылшын ғалымы.(222)
2. топ
1. Пангенезис теориясын Ч. Дарвин ашты.
2. Ата - ана Ғ әрпімен белгіленеді.
3. Г. Мендель 1900 жылы генетика заңдылықтарын ашты.(122)
Сөйлемдерді толықтыру.
1. Бірдей гендерді -------------- деп, әртүрлі гендерді ------- деп атайды.
2. Басым гендерді ---------------, ал басылыңқы гендерді ---------- дейді.
3. Ата - анасы ------------------- әрпімен, ұрпақтарын -------------- әрпімен белгілейді.
4. Гендердің жиынтығын ---------------, ал сыртқы көрінісін -------------------- деп атайды.
I топ тапсырмасы.
1. Генетика ғылымының даму тарихы.
2. Генетика даму кезеңдері.
3. Генетиканы қазақ халқы өмірімен байланыстыру.
II топ тапсырмасы.
1. Негізгі генетикалық ұғымдар.
2. Тұқым қуалау заңдылықтарын түсіну үшін қолданылатын таңбалар.
3. Генотип, фенотип ұғымдары.
Рефлексия.
Үйге тапсырма: Генетиканың даму тарихы
Қорытынды: Жеңген топты анықтап, оқушыларды бағалау.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы, Құрбан ата ауылы,
№9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің
биология пәні мұғалімі Назира Битанова
Генетиканың қысқаша даму тарихы
- aiboll
- 4 желтоқсан 2019
- 8887
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Генетиканың қысқаша даму тарихы, тірі организмдер, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік
Ұқсас жаңалықтар:
Генетиканың даму тарихы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел...Генетиканың қысқаша даму тарихы
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ташкеев Ақан...Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып,...Жыныс генетикасы
Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының заңдылықтарын ұғынуға, ата тектің қасиеттерінің берілуі жөнінде...Мендельдің заңдылықтарына есептер шыгару
Куспанова Жамила...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.