Сайтқа кіру Тіркелу

Мутация

Мутациялық өзгергіштік.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға мутациялық өзгергіштіктің түрлері; оның типтері және болу себептерімен таныстыру, ағзаға әсері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа қызығушылығын дамыту, мәтінмен жұмыс істей білу, тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, сызбанұсқаны толтыруға машықтандыру, қисынды ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжыммен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп, бағалауға және адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Шаталовтың тірек - сызбалары, бағдарламаланған оқыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақтада слайдтар, суреттер, ғалымдардың суреттері, тапсырмалар т. б
Пәнаралық байланыс: тарихпен, географиямен, өмірмен байланыс.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастырушы кезең.
Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Шаттық шеңбері әдісін қолдану. «Бір - бірімізге сәттілік тілейміз!»
- Балалар сабағымызды бастамас бұрын сабағымыз сәтті өту үшін бір - бірімізге жүректен шыққан жылы лебіздерімізді білдірейік. «Менің ойымша сендер бүгінгі сабақтан өздеріңе керекті мағлұматтарды алады деп ойлаймын!».
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болады деп ойлаймын!
- Бүгінгі сабақ бәріміздің есімізде қалсын!
- Сабағымыз сәтті өтсін!

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Құпия сан тапсырмасы.
1. Тұқым қуаламайды
2. Модификациялық өзгергіштік
3. Өзгергіштік
4. Варияциялық коэффицент
5. Реакция мөлшері
6. Мутациялық өзгергіштік
7. Варияциялық қатар
Құпия сан: 3 5 7 2 4 1 6 /Слайд 2, 3/

Ауызша сұрақтарға жауап беру:
1. Өзгергіштік дегеніміз не?
2. Тұқым қуаламайтын өзгергіштікті сипаттап, оның себебін ашыңдар және мысалдар келтіріңдер (сурет 1 - 2).
3. Ағзалар үшін «реакция мөлшері» деген не? Оған мысалдар келтіріңдер.
4. Өзгермелі нұсқа қатары деп нені айтамыз?
5. Бидай масағының белгі өзгергіштігінің мысалын қарастырған болатынбыз. /слайд 4/ Не себепті варияциялық қатардағы нұсқалардың кездесу жиілігі әртүрлі?

Сурет бойынша сұрақтар:
Мына суретте әртүрлі орта жағдайларында өсіп дамыған бір өсімдік бейнеленген. /Слаид5/
1 - өте құнарлы топырақтағы
2 - құрғақ топырақтағы
3 - көлеңкелі жердегі
4 - сулы ортадағы
1 - сұрақ:
Жас даралардың (1, 2, 3, 4) генотиптері бірдей ме?
2 - сұрақ:
Не себептен 1, 2 - даралардың фенотиптері әр түрлі болады?
3 - сұрақ:
Қандай жағдайда осы даралардың фенотиптері бірдей болуға тиіс?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгін біз өзгергіштіктің екінші түрі мутациялық өзгергіштікпен танысамыз.
/Слайд 6, 7/
Мутация - организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері – гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік. /Слайд 8/

Мутация деген ұғымды ең алғаш голландиялық ботаник және генетик Гуго Мари Де Фриз (1848 - 1935) енгізді. /Слайд - 9. ғалымның суреті/

Ол есекшөп (энотера) өсімдігінің кейбір белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және ол тұқым қуалайтындығын байқады.
Осы зерттеулерден кейін 1901 жылы «Мутациялық теория» деген еңбегі жарыққа шықты. /Слайд 10/

Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады. Оларды мутагендер деп атаймыз. Оның үш түрі бар: /Слайд 11/
Экологиялық жағдайлардың бұзылуы организмнің мутацияға ұшырауына негізгі себеп болып отыр.
/Слайд 12/

Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты 2 - ге бөлінеді.
/Слайд 13, 14/

Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутациялар: гендік, хромосомдық, Генотиптің өзгеру сипатына қарай мутация үлкен 4 топқа бөлінеді: Гендік, хромосомдық, геномдық және цитоплазмалық болып бөлінеді. Мутациялардың осы түрлері жайлы қазір бағдарламаланған карта көмегімен оқулықтан, қосымша материалдардан өз беттеріңмен оқып үйреніп, интерактивті тақтадағы мына сызбаны толтырасыңдар. Ол үшін мутацияның түрлеріне байланысты сыныпты 4 топқа бөлеміз. Әрбір топ өзінің бағдарламаланған картасы бойынша жұмыс істейді.

Оқушылардың сызба бойынша жауабы.
Ауызша сұрақтарға жауап беру.

1/ Мутациялық теорияның негізін кім қалады?
2/ Гендік мутацияның пайда болуының негізгі себептері қандай?
3/ Полиплоидия өнімдеріне не жатады?
4 /Тәжірибелік жолмен полиплоидты өнімдерді қалай алуға болады?
5 /Плазмоген қай органоидта кездеседі?
6/ Хромосомалық мутацияның қандай түрлерін білесіңдер?

Хромосомалық мутация жайлы білімімізді шыңдау мақсатында «Адасқан объектілер» тапсырмасын орындаймыз.
ІҮ. Сабақты қорытындылау мақсатында графикалық диктантты орындаймыз.

Графикалық диктант 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Сұрақтары:
1. Мутация – организм генотипінің, яғни гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік.
2. Мутация туралы ұғымды ғылымға Г. Мендель енгізді.
3. Хромосомалық мутациялар құрылымының өзгеру салдарынан болады.
4. Мутация мутагендердің әсерінен болады.
5. Мутация құбылысы тек өсімдіктерге ғана тән.
6. Химиялық мутагендерге – радиоактивті, лазер сәулелері жатады.
7. 1901 ж Де - Фриздің «Мутациялық теория» деген еңбегі жарыққа шықты.
8. Генеративтік, яғни дене жасушаларындағы мутация.
9. Мутация қандай жасушаларда пайда болатындығына байланысты екіге бөлінеді.
10. Мутация тұқым қуаламайды.

Бүгінгі сабағымыздан өзгергіштіктің екінші түрі - Мутациямен таныстық. Ал модификациялық өзгергіштік пен мутациялық өзгергіштіктің айырмашылығы неде? Соған Венн диаграммасын құрыңдаршы.

Ресми деректер бойынша Қазақстанның 34 нүктесінде ірілі - ұсақты ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізілген. Осы сынақтардың нәтижесінде атмосфераға, литосфераға, гидросфераға өте көп мөлшерде радиоактивті заттар шығарылған. Еліміздің көптеген аймақтарында радиацияның әсерінен кемтар мүгедек сәбилер дүниеге келуде. Осы сынақтардың ішінде Семей полигоны негізгі орында.
- Қай жылы алғаш Семей полигонында жарылыс болды?
- «Семей - Невада» қозғалысын басқарған кім?
- Ондағы мақсат қандай?
- Бұл сынаққа мораторий жариялаған кім?
Сонымен сабағымызды қорытындылай келе мутация пайдалы ма, әлде зиянды ма? Пайдасы мен зиянын атап шығыңдаршы.
- Ал біз өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарауымыз керек. «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» дей келе сабағымды аяқтаймын.

Ү. Рейтинг жүйесі бойынша бағалау:
ҮІ. Үйге: Мутация деген сөзге 5 жол өлең құрастыру, 1 - 5 сұрақтар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Адам генетикасы

Адам генетикасы

Антропогенетика – адам генетикасын зерттейтін ғылым. Бұл зерттеулерді жүргізгенде көптеген қиындықтар туады. Олардың негізгілері: адамға арнайы...
Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өза ...

Комплементарлық деп — екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні жарыққа шығаруын айтады. Мысалы,...
Генетиканың қысқаша даму тарихы

Генетиканың қысқаша даму тарихы

Генетика – тірі организмдердің тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін салған Г. Мендель. Біздің заманымызға дейін...
Генетиканың даму тарихы

Генетиканың даму тарихы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымы, оның даму кезеңдері. Грегор Мендель және тағы басқада генетика ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел...
Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы

Мутация және мутагенез оның селекция тәжірибесіндегі маңызы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×