Сайтқа кіру Тіркелу

Деңгейлік тапсырмалар

Тақырыбы: Балдырлар
А деңгейі:

1. Улотрикс қай балдыр түріне жатады:
а) қоңыр б) жасыл в) көк - жасыл г) қызыл (1 ұпай)

2. Балдырлардың жасушасында хлорофилл қай жерде кездеседі:
а) цитоплазмасында б) хлоропласта в) ядрода г) в хроматофорда (1 ұпай)

3. Балдыр жасушасының бактерия жасушасынан айырмашылығы:
а) ядросының болуы б) қабығының болуы в) цитоплазманың болуы г) жасуша пішіні (1 ұпай)
4. Ең терең жерде балдырлардың қай түрі өспейді::
а) біржасушалы қызыл балдырлар б) көпжасушалы қызыл балдырлар
в) қоңыр балдырлар г) жасыл балдырлар (1 ұпай)

5. Анықтамасын беріңдер:
Төменгі сатыдағы өсімдіктер - …
ризоидтар - … (2 ұпай)
В деңгейі:

6. Балдыр түрлеріне сәйкес келетін ерекшеліктерді табыңдар:

Аталуы
А) ламинария
Б) хлорелла
В) спирогира Ерекшеліктері
1. агар - агар алуда
2. тоған суларды тазарту
3. суда оттегіні түзуі
4. адамның тамағы
5. су жәндіктерінің тіршілік ортасы
6. адамға йод алу үшін қолданады
(4 ұпай) С деңгейі:

7. Біржасушалы балдыр мен көпжасушалы балдырларды салыстырыңдар.. (4 ұпай)

Тақырыбы: Бактериялар.
А деңгейі
1. Тамақ өнеркәсібінде ұйыған сүт пен қаймақ алу үшін қолданылады:
а) ауру туғызатын бактериялар б) шіріту бактериясы в) түйнек бактериялары
г) сүт қышқылы бактериялары (0, 5 ұпай)
2. Бактерияның қолайсыз жағдайда болуын қалай атайды:
а) спора б) цианобактерия в) цитоплазма г) спирилла (1 ұпай)
3. Бактерияларға тән емес белгі:
а) спораның түзілуі б) ядроның болуы в) жасушаның бөлінуі г) оттегінің сіңіріліп көмірқышқыл газының шығарылуы (1, 5 ұпай)
4. Бактериялардың қай түрі бұршақтұқымдастармен симбиоз жасап тіршілік етеді:
а) ауру туғызатын бактериялар б) шіріту бактериясы в) түйнек бактериялары
г) сүтқышқылы бактериялары (1 ұпай)
5. Термин сөздерге анықтама бер:
сапрофиттер - …
паразиттер - … (2 ұпай)

В деңгейі
6. Сәйкестендіріңдер:

Бактериялар
А) ауру туғызатын
Б) сүт қышқыл Тән белгілері
1. сапротрофтар
2. паразиттер
3. ауру түрлерін жұқтыратындар
4. ядролық заттардың болуы
5. тамақ түрлерін алу
6. ядроның болуы
(3 ұпай)
С деңгейі
7. Бактерия мен өсімдік жасушаларын салыстырыңдар. (5 ұпай)

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар
1 нұсқа
А деңгей

1. Суретте қандай саңырауқұлақ бейнеленген:

а) боз арамқұлақ
б) шыбынжұт
в) пеницилл
г) қозықұйрық

(1 ұпай
2. Зең саңырауқұлағы мукор – қай ағзаларға мысал болады:
а) паразиттік б) органикалық заттарды бүлдірушілер в) органикалық заттарды жасаушылар г) симбиотикалық (1 ұпай

3. Сапрофиттер қоректену кезінде, мысалы ақ құлақ, нені пайдаланады:
а) ауадағы азотты б) көмірқышқыл газы мен оттегі в) дайын органикалық заттарды
г) шіріген өнімдерді (1 ұпай

4. Саңырауқұлақтың жасушасында өсімдік жасушасымен салыстырғанда не болмайды:
а) қабығы б) ядросы в) хлоропластары г) цитоплазмасы (1 ұпай)

5. Терминдерге анықтама беріңдер:
сапрофиты - …
Түтікшелі саұырауқұлақтар - …
(2 ұпай

В деңгей

6. Саңырауқұлақтар тобына сәйкесті құрылыс ерекшеліктерін табыңдар:

Саңырауқұлақтар тобы
А) қалпақшалы саңырауқұлақтар
Б) зең саңырауқұлақтар

Құрылыс ерекшеліктері
1. жіп шумақ пен жемісті денеден тұрады
2. тамырдың болуы
3. жемісті денесінде табаны мен қалпақшасы бар
4. жемісті денесі домалақ пішінді немесе
5. спора – көбею сатысы мен таралуын қамтамасыз етеді
6. жемісті денесі тұяқ пішінді
7. жеміс пен тұқымның болуы
(4 ұпай
С деңгей

7. Егер жіп шумағы зақымдалса, саңырауқұлақтың тіршілігіне әсер ете ме? Түсіндіріңдер.
(4 ұпай

Саңырауқұлақтар
2 нұсқа
А деңгей
1. Суретте қандай саңырауқұлақ бейнеленген:

а) боз арамқұлақ
б) шыбынжұт
в) пеницилл
г) қозықұйрық

(1 ұпай)
2. Саңырауқұлақтардың өсімдіктерден ерекшелігі:
а) жасуша құрылысты б) тез өседі в) бір жасушалы және көп жасушалы ағзалар сияқты г) жасушасында хлоропластар жоқ (1 ұпай)

3. Бактерияларға қарағанда саңырауқұлақтар жоғары құрылымды болып келеді, себебі:
а) дайын органикалық заттармен қоректенеді б) оларды әр түрлі тіршілік ету ортасында кездестіруге болады в) олар табиғатта органикалық з аттарды ыдыратушыларға жатады г) олардың жасушаларында жетілген ядросы болады (1 ұпай)

4. Саңырауқұлақтың спорасы бактериялардың спорасына қарағанда:
а) көбею мен таралу қызметін атқарады б) қолайсыз жағдайды тіршілігін сақтайды в) Саңырауқұлақтың денесінің бір бөлшегі г) жыныс жасушалары болып келеді.
(1, 5 ұпай)

5. Терминдерге анықтама беріңдер:
симбиоз - …
қатпарлы саңырауқұлақтар - … (2 ұпай)
В деңгей
6. Саңырауқұлақтар тобына сәйкесті құрылыс ерекшеліктерін табыңдар:

Саңырауқұлақтар тобы
А) діңқұлақ
Б) пеницилл Тіршілік ету ерекшеліктері
1. дайын органикалық заттармен қоректенеді
2. паразиттер
3. сапротрофтар
4. ағаштың өсуіне септігін тигізеді
5. тұқым арқылы көбейеді
6. ауру туғызатын бактерияларды өлтіреді
7. ағаштың діңдерін зақымдайды
(4 ұпай)
С деңгей

7. Өсімдіктерді паразит саңырауқұлақтардан қалай сақтандыруға болады?
(4 ұпай

Саңырауқұлақтар
3 нұсқа
А деңгей
1. Суретте қандай саңырауқұлақ бейнеленген:

а) боз арамқұлақ
б) шыбынжұт
в) пеницилл
г) қозықұйрық

(1 ұпай)
2. Өсімдіктерге қарағанда саңырауқұлақтардың қабықшасында болады:
а) пигмент б) целлюлоза в) хитин г) көп мөлшерде су (1 ұпай)

3. Пеницилл қай патшалыққа жатады:
а) бактерия б) жануарлар в) өсімдіктер г) саңырауқұлақтар (0, 5 ұпай)

4. Діңқұлақ ағаш діңінде орналасып:
а) ағаштардың су мен минералды заттарды соруына көмектеседі б) ағаштың діңіне еніп органикалық заттарымен қоректеніп зақымдайды в) азоттық қоректенуін жақсартады
г) ағаштарды органикалық заттармен қамтамасыз етеді (1, 5 ұпай)

5. Терминдерге анықтама беріңдер:
паразиттер - …
микориза - … (2 ұпай)

В деңгей

6. Саңырауқұлақтар тобына сәйкесті құрылыс ерекшеліктерін табыңдар:

Саңырауқұлақтар тобы
А) паразит саңырауқұлақтар
Б) зең саңырауқұлақтар
Құрылысы
1. жіпшумақ пен жемісті денеден тұрады
. 2 тамырдың болуы
3. жемісті денесінде табаны мен қалпақшасы бар
4. жемісті денесі домалақ пішінді немесе
5. спора – көбею сатысы мен таралуын қамтамасыз етеді
6. жемісті денесі тұяқ пішінді
7. жеміс пен тұқымның болуы
(4 ұпай)
С деңгей

7. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан қалай ажыратуға болады? Екі мысал келтіріңдер. (4 ұпай)

Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі 1 нұсқа
А
1. Ішекқуыстылар типіне жататын ағзалар:
а) бірқабатты б) екіқабатты с) үшқабатты д) төртқабатты
2. Гидраның бүршіктенуі: а) жынысты көбею б) жыныссыз көбею с) регенерация д) гидраның өсуі
3. Гермафродит ағзаларға тән белгі:
а) аналық ағза б) аталық ағза с) қосжынысты д) даражынысты
4. Гидраның қозғалуына көмектесетін жасушалар:
а) апта жасушалары б) асқорыту жасушалары с) аралық жасушалары д) тері - бұлшықет жасушалары
5. Су астына ішекқуыстылардың қаңқа үйіндісінің түзілістері:
а) рифтер б) бүрмелер с) планулалар д) табақшалар
В
6. Сәулелі симметриялы жәндіктерге тән белгі:
а) белсенділік б) аз қозғалу немесе полип с) сол және оң жақтары бар д) құрсақ және арқа бөлігі бар
7. Гидраның пішіні қандай? а) цилиндр тәрізді б) табақша тәрізді с) шатырша тәрізді д) дөңгелек
8. Ауыз бөлігі денесінің астында орналасқан ішекқуыстылар:
а) медузаларда б) гидраларда с) актинияларда д) маржан полиптерде
9. Медузалар: а) өсімдікқоректі б) сапрофитті с) паразитті д) жыртқыштар
10. Гидра эндотермасындағы жасушалар: а) апта жасушалары б) жүйке жасушалары с) тері - бұлшықетжасушалары д) асқорыту жасушалары
С
11. Тұщы су гидрасындағы қармалауыштар саны:
а) 1 - 2 б) 3 - 4 с) 5 - 18 д) 100
12. Гидра құрылысында капсула мен жіпшеден тұратын жасушалар:
а) апта жасушалары б) асқорыту жасушалары с) жыныс жасушалары д) тері - бұлшықет жасушалары
13. Жарық пен дыбысты сезетін ішекқуыстылар:
а) актиниялар б) маржан полиптер с) гидралар д) медузалар
14. Бүрмелену ( стробиляция) кезеңі болатын ішекқуыстылар:
а) актинияларда б) медузаларда с) гидраларда д) маржан полиптерде
15. Гидрада күз кезіндегі көбею түрі:
а) жынысты б) жыныссыз с) бүршіктену д) бүрмелену
Ішекқуыстылар типі 2нұсқа
А
1. Ішекқуыстылар типінің түрлерінің жалпы саны:
а) 500 - 1000 б) 1000 - 2000 с) 3000 - 5000 д) 9000 - 10000
2. Гидраның эктодерма қабатында болатын жасушалар:
а) безді жасушалар б) асқорыту жасушалары с) атпа жасушалары д) талшықты жасушалар
3. Ішекқуыстыларда болатын қайта калпына келу құбылысы:
а) регенерация б) рефлекс с) бүршіктену д) бүрмелену
4. Рифтер мен атоллдар түзетін ішекқуыстылар: а) медузалар б) маржан көпаяқтылар с) актиниялар д) гидралар
5. Маржан полиптердің мекен ету ортасы: а) өзен, тоғандарда б) тұщы су тоғандарда с) топырақта д) теңіздерде
В
6. Гидраның денесі зақымданғанда қарқынды өсетін жасушалар:
а) аралық жасушалары б) атпа жасушалар с) жүйке жасушалары д) асқорыту жасушалары
7. Қалың әкті қанқа түзетін ішекқуыстылар:
а) медузалар б) көпаяқты маржандар с) гидралар д) актиниялар
8. Медуза болмайтын дене бөлігі:
а) ауыз бөлігі б) қармалауыштары с) табаны д) денесі
9. Суда еркін жүзетін ішекқуыстылар:
а) медузалар б) гидралар с) актиниялар д) маржан полиптер
10. Гидраның атпа жасушалары көп шоғырланған дене бөлігі:
а) ауыз төңірегіндегі б) қармалауыштарда с) табанында д) бүкіл денесінде
С
11. Медузаның жыныссыз көбеюінің соңғы сатысы:
а) планулану б) бүрлемлену (стробиляция) с) бүршіктену д) табақша (эфирлеу) түзу
12. Актинияның ұрығы қайда дамиды? а) ішекқуысында б) табанында с) қармалауышта д) денеден тысқары
13. Құлақты медузаның кірпікшелі дернәсілі:
а) бүрлемелер б) табақшалар с) бүршіктер д) планулалар
14. Рефлекс қасиетінің жүру жолы:
а) қозу, тітіркені, жауап беру б) жауап беру, тітіркену, қозу
с) тітіркену, қозу, жауап беру д) тітіркену, жауап беру, қозу
15. Медузалар ішекқуыстылар типінің қандай класына жатады?
а) гидроидты б) сцифоидты с) полиптер д) маржандар
Тақырыбы: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері
1 нұсқа
А
1. Екі жақты симметриялы жәндіктер:
а) амеба б) гидра с) планария д) медуза
2. Еркін тіршілік ететін құрттар:
а) адам аскаридасы б) шұбалшаң с) бауыр сорғыш д) сиыр цепені
3. Параподия қызметі:
а) зәр шығару б) асқорыту с) зат алмасу д) қозғалу
4. Ақ сұламаның тыныс алуы:
а) желбезекпен б) өкпемен с) трахеямен д) денесімен
5. Медециналық маңызы бар құрттар:
а) сүлік б) ақ планария с) шұбалшаң д) аскарида
в
6. Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі:
а) түтікшелі б) шашыранды - түйінді с) екі бағана тәрізді д) миы, жұлыны болады
7. Ақ сұламаның гидрадан айырмашылығы:
а) көпжасушалы б) әртүрлі жасушалы с) үш қабатты д) паразит
8. Жұмыр құрттарға тән негізгі белгі:
а) алғашқы қуыс б) қан айналу жүйесі с) гермафродит д) жедбезектер
9. Құрттардың ішкі құрылысында болмайтын мүшелер жүйесі:
а) қанқа б) бұлшықет с) жүйке д) жыныс
10. Құмқазардың сыртқы құрылыс ерекшелігі:
а) аз қылтанды б) көп қылтанды с) қылтансыз д) сирек қылтанды
с
11. Құрсақ жүйке тізбегі бар құрттар:
а) ақ сұлама б) бауырсорғыш с) шұбалшаң д) сиыр цепені
12. Жалпақ құрттардың көпшілігі:
а) өсімдікқоректі б) жыртқыш с) паразиттер д) барлығымен қоректенеді
13. Шұбалшаң жұмыртқасының ұрықтануы:
а) белбеушеде б) бас жағында с) қылтандарында д) құйрығында
14. Адам терісінде кездесетін паразит құрт?
а) жіпшеқұрт б) үшкірқұрт с) аскарида д) суыртқы
15. Сүліктің бездері бөлетін гирудин затының әсері:
а) қан тасымалдау б) қорғаныштық
с) қанды сұйылтады д) залалсыздандырады

Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері
2 нұсқа
А
1. Көпқылтанды құрттар:
а) планария б) нереида с) аскарида д) шұбалшаң
2. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым?
а) энтомология б) зоология с) гельминтология д) физиология
3. Дара жынысты құрттар:
а) ақ сұлама б) сиыр цепені с) бауырсорғыш д) аскарида
4. Ақ планарияның тіршілік мекені:
а) жапырақ, тас астында б) мал бауырында с) адам ішегінде д) мысық бауырында
5. Бір иелі паразит құрттар:
а) ақ планария б) адам аскаридасы с) бауырсорғыш д) сиыр цепеньі
В
6. Шұбалшаңға тән белгі:
а) денесі жалпақ б) денесі екі жағынан қысыңқы с) денесі буылтық д) денесі таспа
7. Финка қандай құрттың дернәсілі:
а) бауырсорғыш б) ақ сұлама с) аскарида д) сиыр цепені
8. Бауырсорғыш құрттар иесіне неше сорғышы арқылы жабысады?
а) төрт б) үш с) екі д) бір
9. Кейбір жалпақ құрттарға тән қозғалыс:
а) талшықтармен б) кірпікшелермен с) жүзбе қанаттармен д) аяқтармен
10. Бауырсорғыштың тіршілігіндегі негізгі ерекшелік?
а) екі иелі б) бір иелі с) эктопаразит д) дернәсілі болмайды
С
11. Эндопаразит ретінде сиыр цепеніне тән белгі:
а) жүйке жүйесі қарапайым б) қармалауыштары бар
с) сезім мүшесі бар д) асқорыту жойылған
12. Жалпақ және жұмыр құрттардың ұқсас мүшелер жүйесі?
а) тыныс алуы б) қан тарату с) жүйке жүйесі д) дамуы
13. Ақ сұламаның гидрадан айырмашылығы:
а) қармалауышы бар б) паразиттер с) мүшелер жүйесі бар д) торлы жүйке жүйесі бар
14. Бауырсорғыштың жұмыртқасынан пайда болатын дернәсіл:
а) кірпікшелі б) құйрықты с) талшықты д) көпаяқты
15. Қалың кутикула қабаты болмайтын құрттар:
а) ақ сұлама б) бауырсорғыш с) сиыр цепеньі д) мысық сорғыш

Тақырыбы: Бір жасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар
1нұсқа
А
1. Дене пішіні тұрақты біржасушалы жәндіктер:
а) кәдімгі амеба б) дизентерия амебасы с) жасыл эвглена д) тамыраяқтылар
2. Жасыл эвгленаның қозғалысын қамтамасыз етеді:
а) талшықтар б) кірпікшелер с) жалғанаяқтар д) аяқтар
3. Амебаның асқорыту процессі қайда жүреді?
а) цитоплазмада б) жалғанаяқта с) ядрода д) арнайы вакуольде
4. Көптеген біржасушалылардың қолайсыз жағдайдағы күйі?
а) спора түзеді б) ұрықтанады с) циста түзеді д) белсенді
5. Пелликула дегеніміз не?
а) цитоплазма б) вакуоль с) сыртқы қабат д) көзше
В
6. Кірпікшелі кебісшенің жыныссыз көбеюі:
а) бүршіктенеді б) циста түзеді с) жынысты д) екіге бөлінеді
7. Паразитті түрде тіршілік ететін біржасушалылар:
а) лямблия б) радиолярия с) фораминифера д) жасыл эвглена
8. Фотосинтез құбылысы жүретін қарапайымдылар:
а) кәдімгі амеба б) жасыл эвглена с) кірпікшелі кебісше д) арцелла
9. Амебаның қоректену ерекшелігі:
а) аузы арқылы б) бүкіл денесімен с) ауыз ойысы арқылы д) фотосинтез
10. Жануарлардың өсімдіктерден ерекшелігі:
а) дайын органикалық затпен қоректенуі б) өсуінде
с) органикалық заттарды түзеді д) тыныс алуында
С
11. Фораминифералардың тіршілік ортасы:
а) лай суда б) шалшық суда с) тоғандарда д) теңіздерде
12. Жасыл эвгленаны ұзаө уақытқа қараңғы жерге жіберсе не байқалады?
а) түссізденеді б) жасыл түс қоюланады с) хлорофилл пайда болады д) тіршілігін жояды
13. Вольвоксте шоғырланатын қарапайымдар:
а) жалғанаяқтылар б) талшықтар с) бақалшақтылар д) кірпікшелер
14. Ағзаға оттегінің қажеттілігі:
а) қоректенку үшін б) қозғалу үшін с) суды ыдырату үшін д) органикалық затты ыдырату үшін
15. Минералды сыртқы қаңқасы бар біржасушалылар:
а) сәулелі өрмекаяқ б) вольвокс с) эвглена д) амеба

Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдар
2 нұсқа
А 1. Жалғанаяқтары болатын қарапайымдар:
а) кірпікшелі кебісше б) жасыл эвглена с) вольвокс д) амеба
2. Жануар қозғалысының маңызы:
а) жарық іздейді б) паразиттілік с) қоректенуде д) тынысалуда
3. Дизентерия амебасының тіршілігі:
а) планктонды б) бентосты с) паразитті д) сапрофитті
4. Кіші және үлкен ядросы болатын қарапайымдылар:
а) кірпікшелі кебісше б) кәдімгі амеба с) бодо д) жасыл эвглена
5. Хлоропластары болатын қарапайымдылар...
а) саркодалар б) талшықтылар с) инфузориялар д) споралылар
В
6. Кірпікшелі кебісше құрылысындағы қылаулатқыш қызметі:
а) асқорыту б) тынысалу с) көбею д) қорытылмаған затты шығару
7. Біржасушалы жәндіктердің прокариотты ағзалардан ерекшелігі:
а) ядросы бар б) ядросы жоқ с) пластидтері жоқ д) талшықтары жоқ
8. Қарапайымдыларға тән тіршілік деңгейі:
а) жасушалық б) ұлпалық с) мүшелік д) жүйелік
9. Қазіргі кездегі қарапайымдылардың түр саны:
а) 5000 б) 10000 с) 50000 д) 70000
10. Вольвокстің екінші атауы:
а) кебісше б) домаланғы с) бақалшақ д) инфузория
С
11. Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы:
а) стигманның болуы (көзше) б) қылаулатқыштың болуы
с) кіпікшенің болуы д) гетеротрофты
12. Амебаның жиырылғыш вакуольінің қызметі:
а) асқорыту б) тынысалу с) су мөлшерін реттеу д) көбею
13. Тұқым қуалау қасиетін анықтайтын жасушаның бөлігі:
а) цитоплазма б) пластид с) вакуоль д) хромосома
14. Бодоның құрылысы қандай ағзаларға ұқсас?
а) хламидомонадағы б) ламинарияға с) спирогироға д) улотрикске
15. Кірпікшелердің дене пішінің сақтауға жәрдемдеседі:
а) плазма б) пелликула с) цитоплазма д) кірпікше
Біржасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар
3нұсқа
А
1. Кірпікшелі кебісшенің қозғалысы:
а) талшықты б) кірпікшелі с) жалғанаяқты д) аяқтарымен
2. Бақалшақтары болатын қарапайымдылар:
а) сәулелі өрмекаяқ б) бодо с) вольвокс д) лямблия
3. Қарапайымдыларға әсер етпейтін тітіркенгіштер:
а) тұз ерітіндісі б) қышқыл с) өткір зат д) шу, дыбыс
4. Бодоның қозғалысын қамтамасыз етеді:
а) ұсақ кірпікшелер б) бір ұзын талшық с) ұзын, қысқа талшықтар д) жалғанаяқтар
5. Жасуша ядросының қызметі:
а) көбею б) асқорыту с) тыныс алу д) зат алмасу
В
6. Паразитті түрде тіршілік ететін амебаның түрі:
а) бақалшақты амеба б) кәдімгі амеба с) дизентерия амебасы д) сәулелі амеба
7. Өсімдіктер мен жануарлар сияқты қоректенетін біржасушалылар:
а) жасыл эвглена б) кірпікшелі кебісше с) амеба д) фораминифера
8. Шоғырланып тіршілік ететін қарапайымдылар:
а) амеба б) бодо с) кебісше д) вольвокс
9. Ауыз ойысы, жұтқыншақ, асқорыту вакуольі бар біржасушалылар:
а) жасыл эвглена б) кірпікшелі кебісше с) кәдімгі амеба д) вольвокс
10. Адам ағзасының ішіндегі паразитті түрде тіршілік ететін жәндік:
а) қантышқақ амебасы б) малярия паразитті с) трипаносома д) безгек паразитті
С
11. Жасыл эвгленаның жыныссыз көбеюі қалай жүреді?
а) тігінен екіге бөлінеді б) көлденеңінен екіге бөлінеді с) бүршіктенеді д) циста түзеді
12. Адам ағзасында малярия паразитінің тіршілік орны:
а) ішек б) өкпе с) қан д) бауыр
13. Қарапайымдылардың қандай класы болмайды?
а) плазмалылар б) кірпікшелілер с) талшықтар д) цисталылар
14. Макро және микронуклеус жасушаның қай бөлігі:
а) ядро б) вакуоль с) пластид д) митохондрия
15. Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелер саны:
а) 20 - 30 б) 50 - 70 с) 100
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі

Сиыр цепені – жалпақ таспа құрттардың өкілі

Ересек цепен - адамның ішегінде, дернәсілі мүйізді ірі қараның денесінде дамиды. Бұл жәндіктер ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жабысып алады....
Гидраның көбеюі, регенерациясы

Гидраның көбеюі, регенерациясы

Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар - оны екіге бөлсе, сондай - ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола...
Сорғыш құрттар

Сорғыш құрттар

Сабақ негізделген оқу мақсаты Сорғыш құрттар туралы білу. Сорғыш құрттардың дене бөліктерімен, асқорыту, жүйке жүйелерімен танысу....
Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Биология пәнінен 7 сыныпқа арналған тест жинағы

Жануарлар әлемі. Жәндіктер. 1. Зоология ғылымы... зерттейді: А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды Д) ауаны Е) өсімдіктерді 2. Дизентерия...
Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Жасушалар. Ұлпалар. Мүшелер. Мүшелер жүйесі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Таурбаева Гулназ Нурланқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×