Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Мақсаты: жалғаудың түрлерімен таныстыру.
Білімділік: оқушыларға жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының жақтарын, көпше және жекеше түрлерін қайталау.
Дамытушылық: мұғалімнің ауызша сұрақтарына дұрыс әрі жылдам жауап беру арқылы оқушыларды жылдам ойлауға және өз ой - пікірін дәлелдеуге баулу. Шығармашылық тапсырма арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдық пен достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, жаттығу жұмыстары, талдау.
Көрнекілігі: түрлі - түсті дөңгелекшелер, суреттер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі грамматикасы
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі 4 мин
Үй тапсырмасын тексеру 10 мин
Жаңа сабақ 15 мин
Сабақты бекіту 5 мин
Қорытындылау 5 мин
Үйге тапсырма 3 мин
Бағалау 3 мин
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушылармен сәлемдесу
Б) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
(жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Дәптермен жұмыс.
Қосымша сұрақтар:
1. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?
2. Қазақ тіліндегі септіктер саны қанша? Атап шығыңыз.
3. Септік жалғауларының қызметі қандай?
4. Бала сөзін септе.
5. Тәуелдік жалғаулардың қызметі қандай?
6. Зат есімдер неше жақта тәуелденеді?
7. Жіктік жалғауы туралы не білесің?
Ережемен жұмыс. Осы арқылы ережедегі мысалды салыстыра отырып, жіктелу үгісінің дұрыстығын дәлелдеу.
Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І, ІІ жақта жіктік жалғау жалғанады. Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанады:
Жекеше: ( І жақ – бын, - бін, - мын, - мін, - пын, - пін)...
Көпше: ( І жақ – быз, - біз, - мыз, - міз, - пыз, - піз) мысал келтір:...
Жаңа сабақ. Оқулықпен және дәптермен жұмыс.
103 - жаттығу. өлеңді мәнерлеп оқы.
Өлеңнен жіктелген зат есімдерді тауып, қай жақта тұрғанын айт. Оларды жекеше, көпше түрде ауызша жікте.
Ағамын - ағамыз, іні боламын - іні боламыз, мен інімін - біз ініміз
104 - жаттығу. көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Мен Оразбай емеспін, елдің жазықсыз, қылмыссыз адамымын. Біз бейбітшілікті сүйетін елміз. Сіз талантты ақынсыз.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» қимыл - қозғалыстарын жасау.
105 - жаттығу. шығармашылық тапсырма. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
.....- мын...- мыз
...- пын...- міз
....- сың......- пыз
...- сің...- піз
м/ы: оқушымын, оқушымыз...
106 - жаттығу. берілген зат есімдерді жіктелу ерекшелігіне қарай топтап жаз.
Жекеше: қазақпын, дәрігермін...
Көпше: кезекшісіңдер, бишіміз...
Сабақты бекіту: 107 - жаттығу. ауызша. Сызбаға қарап, дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін ажырат. Жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын ажырат.
Дәрігер
↓
мін
сің
ге
ден
сызбамен сөйлеу арқылы оқушы өз ойын білдіреді. Өз пікірін ұжымға ұсынады.
Қорытындылау. Жіктік жалғауларын пысықтау.
Үйге тапсырма: 108 - 109 жаттығу.
Бағалау.
Зат есімнің жіктелуі
- Ожанова Айғаным Сымбатқызы
- 28 ақпан 2016
- 30009
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Зат есімнің жіктелуі, 4 сынып қазақ тілі сабақ жоспарлары
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...Зат есімнің тәуелденуі
Атырау облысы, Мақат ауданы, Б. Қанатбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сариева Гүлбарша Нысанғалиқызы...Зат есімнің жіктелуі
Қызылорда қаласы, № 264 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Шара Хамзина...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгул Хабесқызы...Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Жомартова Назым Нурхасымовна бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Зат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.