Сайтқа кіру Тіркелу

15+28, 43 - 15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері

Шымкент қаласы,
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Айман Жаксыбаевна

Математика 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: 15+28, 43 - 15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1) Разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру; өтілген тәсілдерді пысықтау, оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
2) Есте сақтау, логикалық ойлау, ақпаратты - танымдық қызығушылығын ояту және ізденімпаздыққа жетелеу қабілеттерін дамыту
3) Білімділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, хат, почта, Алдар көсе, мультфильм, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз – еңбектену
Еңбектену арқылы
5 - ке қолды жеткізу
- Орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгінгі сабақта барлықтарың 5 алуларыңа тілектеспін.
- Тез - тез дәптерімізді жинап шығайық. Үй тапсырмасын дәптерлеріңнен тексеремін.
- Бүгінгі күн ретін жазып, 321 - ден бастап өсу ретімен көркем жазып шығайық.
321 322 323 324 325 326 327 328 329 330
(Алдаркөсе кіріп келеді)
- Мен Алдармын, Алдармын
Сақалым болса талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Шайтанды да алдармын
- Өй мен қайда келдім өзі?
- Бұл 2 Ж сыныбы. Ал сізге кім керек?
- Маған сіздер керексіздер! Ой жақсыыыыы болды. Маған көмек керек болып тұр еді. Маған математикадан көмектесіңіздерші, осы математиканы түсінбей - ақ қойдым. Ал мен байдың үйіне барып қарнымды тойдырып келейін. Міне, қоржыным осы қоржынға жауаптарыңды сала беріңдер...
- Балалар, сендер Алдарға көмектескілерің келе ма?
- Олай болса, жаңа тақырыпты жақсылап түсініп алсаңдар, Алдарға оп - оңай көмектесеміз.
- Ал ендеше тақтаға назар аударайық.

- Мынау ондықтар, мынау бірліктер.
- Біріншісінде неше ондық көріп отырсыңдар? 1
- Екіншісінде ше? 2
- Енді бірліктерін қарайық, біріншісінде неше бірлік? 5
- Екіншісінде ше? 8
- 15+28 ауызша қосқан ыңғайлы ма? Онда тағы қалай қоссақ болады?
- Яғни, баған түрінде жазамыз.

- Осыдан қандай тұжырымдама жасауға болады?
- Ондықтарды ондықтарға, бірліктерді, бірліктерге қосамыз.
- Түсінгендеріңді байқау үшін, балалар, тақтаға шығамыз және Алдардың қоржынын толтыруды да ұмытып кетпейік...

№2. Есепте: (3 қатарға бөліп беру)
А) 36+28=64
37+18=55
95 - 8=83
54+28=82
34+58=92
100 - 37=63
67 - 59=6
92 - 56=36
18+64=82
78+17=95
72 - 26=46
78 - 49=29

Б) 3дм5см+2дм7см=6дм 2см
9дм4см - 7дм5см=1дм9см
5дм3см+3дм9см=9дм2см
35см+27см=62см
94см - 75см=19см
53см+39см=92см

- Балалар, біз мұнда есеп шығарып жатырмыз, ал Алдардың не істеп жатқанын көргілерің келе ме?
(Мультфильм көрсету)
- Балалар, біз жаңа ғана не көрдік?
- Мультфиль дегеніміз анимация көмегімен жасалған суреттер. Яғни, сурет салынса сол суреттегі бейнені қозғалтады.
- Мульфильдерді біз тағы қай жерден көре аламыз?
- Ал теледидардан тағы не көре аламыз?
- Фильм дегеніміз не?
- Фильмдерге арналып арнайы сценарийлер жазылады. Оны адамдар рөлге кіріп ойнайды.
- Фильмнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Күлкілі фильмдер, фантастикалық яғни қиялдан туған фильмдер т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×