БАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адамның шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Өте қарқынды даму кезеңі - 2 - 5 жас. Осы жас кезеңінде жеке адамның негізі қаланады. Қабілеттің бірінші байқалуы түрлі іс - әрекет түрлеріне еріксіз ұмтылудан байқалады. Сондықтан, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы арадан іздеу керек. Ата - ана, тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті - баланың осы ұмтылыстарын қолдау.
Ерте жас кезеңінде дарынды балаларды өзгелерден айыратын нәрсе себеп - салдарлы байланыстарды бақылау қабілеттілігі және соған сәйкес тиісті қорытындыларды жасау.
Дарынды балаларды ақпаратты және тәжірибені әрі жалпылай білу қабілеттілігі ерекшелендіреді.
Және бұл балалар жинақталған білімді кең қолдана біледі. Кішкентай «вундеркиндтер» үлкен сөздік қорға бай болады, сұрақ қоя біледі. Олар үлкен ниетпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, сөздер ойлап табады, ақыл - ой қабілетін белсенді ететін ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар зейіні бір нәрсеге аса шоғырланғыш болады әрі қызыққан іс - әрекетінің нәтижесіне жетуде өте табанды болады.
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі өте ерте байқалып, әділеттілік сезімі өте күшті дамыған. Олар өздеріне және айналадағыларға жоғары талаптар қояды, әрі шындыққа өте тез, жылдам үн қосады, әділдік, үйлесімді, табиғатты ұнатады.
Кішкентай таланттардың айқын, ашық қиялы әлемде жоқ жануарларды тауып, оларды жолдас етеді, және фантастикалық өмірді ойдан ойластырады.
Дарынды балалар үшін аса жоғары қорқыныш тән, себебі олар түрлі қауіпті оқиғаларды қиялдап ойдан шығаруға қабілетті. Бұл балалар аса сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз.
Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады.
Н. Б. Шумакованың зерттеулері балалардың жаңа объектімен танысқан кезеңдегі пайда болатын қабілеттердің дамуында екі кезеңнің пайда болуын көрсетеді.
Осы бастауыш жас кезеңіндегі ең бір маңызды проблема - дарынды балаларды анықтау. Біріншіден, жанұяда дарынды балалар өз дамуларының бастапқы кезеңінде көпшілік арқылы түсінбейтін болады да, жиі жағдайда ата - аналардың өз балаларының белсенді танымдық қабілеттеріне жағымсыз реакция танытуы байқалады.
Екіншіден, белсенді шығармашылық қабілеттер балаларда аса жоғары жүйке – психикалық қозғыштықпен қатар жүзеге асады, әрі бұл шыдамсыздықта, тәбеттің бұзылуында бас ауруы, ұйқының бұзылуымен бірге байқалады. Дер кезінде көрсетілмеген медициналық психологиялық түзету шаралары невроздың пайда болуына және бірқатар психосоматикалық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.
Үшіншіден, дарынды балалар мектеп ұжымына түсе отырып, айналадағы құрбыларының орташа қабілеттілігін көріп, өздерін қолайсыз сезінеді. Нәтижесінде дарынды балалар өздерін ерекшелеп көрсетпеуге, «ақ қарға» болмауға тырысып бағады.
П. Торренс зерттеулері мынаны көрсетеді: дарынды балалар ақыл - ой дамудың бастапқы деңгейлерін тез бастан өткереді де, түрлі жүйкеге ауырлық тудыратын жұмыстарға қарсылық танытады.
Жиі жағдайда шығармашылық ойладың ерекше оригиналдығы айналадағылардың түсінбестігіне әкеліп соғады, әрі олардың бұл әрекетін өзгелер «ауытқу» деп түсінуі мүмкін. Дарынды балалар мектептегі 2/3 уақыт бөлігін құр босқа «интеллектуалды қарсылық» көрсете отырып өткізеді. Дарынды балалар өз құрбыларына қарағанда әлеуметтік бейімделудің бастапқы деңгейлерін тезірек, жылдамырақ өткереді.
Қазіргі таңда дарынды балалармен жұмыс істеудің арнайы бағдарламалары құрылып жасалуда, көптеген елдерде даралап, саралап оқытуға көшуде. Арнаулы кешендік - оқу бағдарламалары құрылуда, мұның шеңберінде балалар әдеттегі бағдарламаға қарағанда өздерін еркінірек ұстайтын болады.
Ал, шет елдерде мысалы АҚШ - та дарынды балаларды лидер болуға оқыту бойынша арнайы курстар құрылған.
Әрі мұнда кең тарағаны «оқу келісімі» бойынша жеке - дара жұмыс тәсілдерінің тарауы. Олар оқушы мен мұғалім арасында жасалады, және олар мұғалімге уақытты үнемдеуге, ал оқушыларға - жеке - дара қарқынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, дарындылықтың сақталуы әрі дамуы - қоғам прогресін, өсуін қамтамасыз ететін проблема.
Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де, осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасы жоқ. Дарындылықтың пайда болу туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық. Бүгінгі күнде дарындылық мәселесі түбегейлі шешілмеген, және дағдарысы мен дарындылық табыстылығы арасында қарама - қайшылық бар. Дарындылық нәресте шақтан пайда болады, ол үнемі дамытуы қажет етеді.
Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы түрі жағынан бірлескен - диалогтық, ал мазмұны жағынан танымдық іс - әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Дарындылық мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көпжақты, көп құрылымды, көп сипатты мазмұнды да, мәнді де, құрылымы мен даму бағыт - бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.
Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері
- nurbanu62
- 22 желтоқсан 2014
- 4216
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сыныпта дарындылықтың ерекшеліктері
Ұқсас жаңалықтар:
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу, іс - тәжірибесінде пайдалануға бағыттау....Дарынды балалармен жұмыс
№10 орта мектеп кітапхана меңгерушісі Рыгалиева Жанар Ондыевна...Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың...Талантты және дарынды балаларды қалай анықтаймыз?
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №37 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Биктурганова Каникей Самигуллиевна....Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары
Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.