Сайтқа кіру Тіркелу

Cөйлем

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем туралы түсініктерін нығайту.
2. Оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, әдемі жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, жеке суреттер тест, белгі
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(тексеру)
Қазақ тілім, өз тілім ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым бақытым дара тілім -

дегендей бүгінгі ғұлама ақындарымыздың тілі. қазақ тілі сабағы ерекше болмақ.. Өйткені, бүгінгі сабағымызға апайларымыз қатысып отыр. Сондықтан да әрқайсысымыз өз
білімдерімізді көрсетуге атсалысайық.
Алдымен үй тапсырмасын сұраудан бастайық.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Қайталау.
Олай болса, жаңа сабағымызды бастамас бұрын өтілген материалдарды қайталап алайық
1. Барлық дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? (2 - ге)
2. Ал дауысты дыбыстар дыбысталуына байланысты нешеге бөлінеді?(2 - ге)
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(3 - ке)
4. Ұян дауыссыздарды ата.
5. Үнді дауыссыздарды ата.
6. Қатаң дауыссыздарды ата.
7. Зат есім дегеніміз не?
8. Сан есім дегеніміз не?
9. Сын есім дегеніміз не?
10. Етістік дегеніміз не?
11 Бастауыш дегеніміз не?
12. Баяндауыш дегеніміз не?
13. Буын үндестігі дегеніміз не?
14. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
15. Мәтін дегеніміз не?
(Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.)

ІІІ. Жаңа сабақ. Ал, осы сөйлем туралы не білеміз? Ой қозғау, топтастыру.
(оқушылар өздері сөйлем туралы айтып өтеді)
1. Сөйлем сөзден құралады, өзара байланыста болады.
2. Сөйлем бас әріппен басталады.
3. Белгілі тиянақты ойды білдіреді
4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай 3 - ке бөлінеді.
5. Хабарлы сөйлем
6. Лепті сөйлем
7. Сұраулы сөйлем
8. Жалаң сөйлем
9. Жайылма сөйлем.

Сөйлем

Хабарлы;
Сұраулы;
Лепті;
Сөйлем сөзден құралады өзара байланыста болады;
Бас әріппен басталады;
Белгілі тиянақты ойды білдіреді;
Жайылма;
Жалаң.
Олай болса, сөйлем туралы білімдерімізді тереңдете түсу мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Көркем жазу. Қ қ

Оқулықпен жұмыс.
Енді назарымызды кітапқа аударайық.
137 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу./бұлт/
( 2 сөйлемнен құралған. Әр сөйлемде 4 сөз бар. Хабарлы сөйлем)

138 - жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтау. Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу, тыныс белгінің қойылу себебін түсіндіу7 Рөлге бөліп оқыту, талдау.
- Аю қандай аң?
- Еліктің лағын қалай атаушы еді?
- Арыстан туралы не білесің?
-
140 - жаттығу
Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу. Айтылу ерекшелігін байқау.
- Ой, азаматым!
- Мынау бір өнерлі бала ғой!
- Қатырып оқиды екен!
- Тамаша оқиды екен!
- Ой, көп жаса!
- Бір жасың мың болсын!
- Кәне, енді Қобыландыны оқы!
- Біз ана тілі сабағынан қандай жырлармен танысып едік?
- Ер Тарғын, Батыр бала Бөген мен Шұбар ат, Алпамыс батыр т. б.

141 - жаттығу. Жатқа жазу. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздердің астын сызу.
Не көрдің, қара ат, не көрдің?
Бектер құрған шатыр ма?
Алдыңда жолбарыс жатыр ма?
Келгендер бізден батыр ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×