Сайтқа кіру Тіркелу

Киіз үй

Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мәдени құндылықтарға сүйіспеншілігін ояту, қолданбалы сәндік және қолөнерді үйренуге талпындырып, оның жетік үлгілерімен таныстыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, сахналық көрініс, деңгейлік тапсырмалар, көрнекілік слайдтар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды кезекші арқылы түгендеп, сынып назарын сабаққа аудару, тәртіп орнату.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Ой шақыру, тақпақтар оқу, тақырыпқа сәйкес жұмбақтар шешу.
III. Жаңа сабақ.
1. Сабақтың мазмұны: Өткен сабақта киіз үйдің құрылысы мен оны қалай тігудің әдістерін оқып білдік. Ендігі міндет үйдің ішкі көрінісіне көз жіберіп, оның бұйымдарын танып білу. Үйдің ішкі құрылымы өзіндік маңызы бар бірнеше бөлікке бөлінеді.

Қазаққа тән киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тәртібі ұрпақтан – ұрпаққа алмасып келгендіктен біркелкі реттелгені мәлім. Қалыптасқан тәртіп бойынша, киіз үйге кіреберістегі сол жақ босағада әдетте ер – тұрман, құсбегілікке қажет саймандар ілінетін. Одан әрегірек киім ілінетін адалбақан. Төрде жүкаяқтарға, кебежелерге қойылатын әбдірелердің, қаршындардың (жүкқап) үстіне екі - үш қатар етіп көрпе - төсек жиналатын болған. Үйдің оң жақ қанаты, ежелден келе жатқан салт бойынша бос қалдырылатын. Онда қарттар жайғасатын. Қант - шай, ұсақ-түйек дәм сақталатын кебеже, ыдыс - аяқ қоятын шкаф, қымыз ашытатын саба, керегеге ілінетін аяққап, теркеш (кесеқап), т. б. осы оң жақ босағаға жақын орналастырылатын.

Киіз үйдің ортасында үш аяқты темір ошаққа қазан асылып, от жағылатын болғандықтан, төрге төселген текеметтің, кілемнің үстіне айнала көрпеше салынып, ортаға дастарқан жайылатын. Ендігі әңгімелейтініміз қазақ ою - өрнектері. Олар: өсімдік, жануар, геометриялық, абстрактілі болып келеді. Окушылар ою - өрнектердің негізгі түрлерін айыра білгені жөн. Олар: қошқар мүйіз, түйе табан, бұғы мүйіз, құс аяқ, т. б. Осылардың ішіндегі ең көп тарағаны - қошқар мүйіз оюы. Ол қазақтың кілем тектес заттарының бәрінде кездеседі, өйткені ол сәттілік пен байлықтың символы болып табылады. Ертеде келген қонақ үйдегі кілем - төсеніштердің ою - өрнектеріне қарап, отбасының шығу тегі, тұрмыс дәрежесін айтқызбай біліп отырған.
Оқушылар шығып киіз үйдің құрылысын жетік білу үшін және ойларында терең қалдыру мақсатында балалардың өзі жанды, табиғи қарапайым сахналық көрініс орындайды.

2. Көрініс: Киіз үй

1. Сабит: Шаңырақ
Түнде көктен жұлдыздар жамырайды,
Белдеуінде төрт түлік маңырайды.
Күн сияқты жарық пен сәуле себер
Киіз үйдің киелі – шаңырағы

2. Батырхан: Кереге
Киіз үйдің қабырғасы кереге,
Түріп қойсаң әйнегі жоқ терезе.
Алты, жеті, он, он екі қанатты,
Отыз басқа дейін барған көнеде.
Қасиетті киіз үйді ұқсатам,
Қазықұртта қалған асыл кемеге.

3. Медет: Уықтар
Шаңырағы көздеп тұрса биікті,
Үзік, туырлық жібермейді суықты.
Шаңыраққа шаншып, керегеге байлаймыз,
Имек, сүйрік, бір жүз жиырма уықты.

4. Әсет: Киіз үйдің есігі
Сықырлауық деп те айтады есікті,
Ашып қойсаң салқын самал есіпті.
Маңдай уықты құрмет етіп, қадірлеп,
Ерек ұстап, бөлек буып, шешіпті.

5. Әсет: Киіз үйдің есігі
Баспанасы, берекесі, несібі,
Бір шетінде тұрар сәби бесігі.
Бүкіл ауыл сыйып кетер төріне,
Ашық тұрар қонақ келсе есігі.

1. Гульназ: Басқұр
Көркі оның көргендерді мәз қылды,
Тоқып оған ою – өрнек бастырды.
Дәл ортаға керегелер басына,
Байлаймыз біз, безегі мол басқұрды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×