Алғыс сөз
Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.
Мемлекеттік негізгі бағдарламада қазақ тілі пәніне аптасына 4 сағаттан 136 сағат берілген. Оқулықтың авторлары: Ж. Қ. Балтабаева, М. Қ. Солтанғазина, Ф. С. Лекерова. Алматыкітап баспасы 2009жыл.
Қосымша көмекші әдістемелік бағдарламаның тақырыптары негізгі мемлекеттік бағдарлама мазмұнын қайталайды. Вариативті (баламалы) сағат арқылы 2 - сынып оқушыларының бір тарау бойынша білімдерін кеңейту қажет. Бағдарлама «Мәтін туралы түсінік» осы тақырыпты меңгере отырып, өздігімен әңгіме құрастыра алу және «Сөйлем» тақырыптарды қамтиды. Аталған тақырыптар ауызша және жазбаша берілгенде, Оқушылардың ойлауының, ұғым қалыптасуының жазу үстіндегі, жазу қимылындағы әрекеттерімен байланысы орнығады. Қосымша көмекші
әдістемелік бағдарламаға аптасына 1 сағаттан 34 сағат берілген. Сабақ негізгі мемлекеттік бағдарламаға арналған оқулық авторларының мәтін, жаттығуларының аясында жүргізіледі. Оқушыларға сабақты ұғындыру еркін, жеңілдетілген әдістермен өтеді. Шығармашылыққа көп назар аударылады. Шағын көлемді шығарма жазу, сюжет бойынша әңгіме, мәтін құрастыру, өлең оны жаттаудағы зейін, жұмбақ құрастыру, төрт жолдық өлең құрастыру түрлеріне де мағлұмат берілмек.
Вариантивті (баламалы) бағдарламада ауызша сөйлеуге көп мән берілмек. Сабақта негізінен мәтінмен жұмысқа уақыт арналады, өзінше сөйлем құрастыру, өрнектеу үшін түсіндіріледі.
Қазақ тілі оқыту курсының басты мақсаты:
Алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлем түрлерінің барлық түрлерін меңгерген, саутты жазу, оқу дағдыларын жетілген, интеллектісі мен шығармашылығы, қатысымдық дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілі оқыту курсының басты міндеттері:
- Сөйлем, мәтін туралы қарапайымнан күрделірек ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым - қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білудағдыларын қалыптастыру;
- Орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;
- Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламада мәтінмен жүйелі түрде жұмыс жүргізу көзделген. Мәтінмен жүмыс, бір жағынан оқушылардың сөйлеу дағдысы мен машығын қалыптастырудың негізі болса, екінші жағынан, тілдің лексикалық және грамматикалық жақтарының алуан түрі қыр - сырларын жан - жақты талдап, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын байқауға мүмкіндік береді.
Оқушыларды айтылған пікірді эмоционалдық (сезімдік) және тұжырымдамалық деректерді дұрыс қабылдауға үйреткен жөн. Олардың бойында жалпылама сөйлеу тонының, сөйлеу қарқынының, сөйлеу қаттылығының (дауыс күшінің) және т. б. мәтін түсіне алатындай дағды қалыптастырып, дамыту қажет.
Бағдарлама
Тарау сабақ саны Сабақ тақырыптары Апта саны Күні Тарау бойынша міндетті деңгей Тарау бойынша мүмкіндік деңгей
І - тоқсан - 9 сағат
1 Мәтін туралы түсінік 1 Мәтінге ат қою. 3 - 4 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыра алу. Ауызша мазмұндау Сурет бойынша мәтін құрастыру. 2 - жаттығу. Мәтінді дауыс ырғағымен оқу.
2 Мәтіннің құрылымы 1 Мәтін аяқталғанын, аяқталмағанын анықтау. Мәтін құрлымын анықтау
3 Мәтіннің түрлері 1 Мәтіннің түрлерін ажырата алу. Мәтіннің түрлеріне 2 - 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыра алу.
4 Әңгімелеу мәтіні 1 Сюжетті сурет бойын ша 2 - 4 сөйлемнен тұ ратын әңгіме құрас тыра алу. Екі мәтінді салыстыру. Мәтінге ат қою.
5 Әңгімелеу мәтіні 1 Еркін тақырыпқа әңгіме құрастыру. Мәтіннің түрлеріне 2 - 3 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыра алу.
6 Сюжет бойынша әңгіме құрастыру 1 Әңгімеге жоспар құра алу. Сюжет бойынша әңгіме құрастыру.
7 Сипаттау мәтіні 1 Сипаттау мәтініне тап сырмалар орындау. Белгілі бір затқа сипаттама беру.
8 Сипаттау мәтіні 1 Сипаттау мәтінін құрастыру Деңгейлік тапсырмалар орындау
9 Қорытынды. Тест 1 Мәтін тақырыбына тест орындау. Өздігімен орындау.
ІІ - тоқсан - 7 сағат
10 Пайымдау мәтіні 1 Оқу құралдарына 4 жо лдық өлең құрасты ру. Жануар, өсімдік түрлер іне жұмбақ құрастыру.
11 Пайымдау мәтіні 1 «Кітап» тақырыбына мәтін құрастыру. Мәтіндер ішінен
пайымдау мәтінін табу.
12 Мәтінге жоспар жасау 1 Мәтінге жоспар жасай алу. Жоспар бойынша мәтін құрастыру.
13 Шығарма жазып үйренеміз 1 Өз ойыңды жүйелі түрде жеткізе алу. Эпигроф – жайында түсінік.
14 Шығарма жазып үйренеміз 1 Жоспар бойынша шығарма жаза алу. Эпигроф - жазып үйрену немесе эпигроф авторлардың қолдану.
15 Шығарма. Қыс 1 Қыс бейнесі бойынша шығарма. Эпигрофты қолдана алу.
16 Қорытынды. Тест 1 Тарау бойынша тест орындау. Өздігімен тест орындау.
17 Сөйлем туралы түсінік 1 Өздердің сөйлемнен айырмашылығын ажырата алу. 2 - 4 сөздерден сөйлем құрастыра алу.
ІІІ - тоқсан - 10 сағат
18 Сөйлемнің түрлері 1 Сөйлемнің түрлерін ажырата алу. Серет бойынша сөйлем құрастыру.
19 Хабарлы сөйлем 1 Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жаз. Шашыраңқы сөздерден хабарлы сөйлем құрастыру.
20 Хабарлы сөйлем 1 Жаттығу жұмыстарын орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Мақалдардың жалғасын тауып жазу. Аяқталған ойды білдіретін сөйлемді табу.
21 Сұраулы сөйлем 1 Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Мәтіннің ішінен сұраулы сөйлемді табу.
22 Сұраулы сөйлем 1 Сызба бойынша сөйлем құрап жазу. Сурет бойынша сұрақтарға жауап бере алу. Жаттығу жұмыстарын орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
23 Лепті сөйлем 1 Лепті сөйлемі бар әңгіме құрастыру. Өлеңнің ішінен лепті сөйлемді таба алу.
24 Лепті сөйлем 1 Жаттығу жұмыстарын орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау. Сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазу.
25 Білімінтиянақтау. Тест 1 Тарау бойынша тест
орындау. Өздігімен тест орындау.
26 Бақылау диктанты 1 Сауттылығын тек серу мақсатында алынады.
ІY - тоқсан - 8 сағат
27 Жалаң сөйлем 1 Анықтаманы ұғыну. Жаттығу жұмыстарын жасау. Өтірік өлеңді оқу, жазу.
28 Жалаң сөйлем 1 Мақа – мәтелдерді жаттау. Мақал - мәтелдердің мағынасын ұғындыру.
29 Жайылма сөйлем 1 Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру. Жаттығу жұмыстарын жасау.
30 Жайылма сөйлем 1 Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыру. Деңгейлік тапсырмалар орындату.
31 Сөйлемдегі сөздердің байланысы 1 Берілген сөздерден сөйлем құрай алу. Сызба бойынша сөздерге сұрақ қою.
32 Сөйлемдегі сөздердің байланысы 1 Сурет бойынша сөй лем құрастыру. Сөй лемдегі сөздерді сыз ба арқылы көрсете
алу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру.
33 Білімін тиянақтау. Тест 1 Тарау бойынша тест
орындау. Өздігімен тест орындау.
34 Жылдық бақылау диктанты 1 Жыл бойы өткен тақырыптар бойынша тест орындай алу. Өзігінен тест орындай алу.
Барлығы: 34 сағат
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақ тілі 2 - сыныбына арналған оқулық /Балтабаева Ж. Қ, Солтанғазина М, Қ, Лекерова Ф. С.- Алматы: Алматыкітап баспасы, 2009.- 240 бет./
2. Қазақ тілі дидактикалық материал. /Балтабаева Ж. 2 сынып, 2009, Алматы – кітап./
3. Әдістемелік нұсқау хат. Ғылыми - зерттеу институтында С. Д. Мұқанова, Қ. Л. Қабдолова, Ш. Ш. Карбаева. Астана, 2010 - 2011 оқу жылы.
4. Қазақ тілі бағдарлама (2 - 4 сыныптар).- Алматы. РОНД: 2003.- 28 б. Г. И. Уәйісова, Р. О. Ізғұттынова,
Ә. Е. Жұмабаева.
Қазақ тілі пәнінен 2-сыныпқа арналған «Мәтінмен жұмыс» курсы бойынша бағдарлама
- kenje T
- 5 наурыз 2014
- 35454
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, ұстаздарға, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлем
Жаттығулар орындау барысында жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемдерді айыра білуге жаттықтыру. Тұрлаусыз мүшелер жайында білімдерін жетілдіру Сөздерден...Күнтізбелік жоспарлар (қазақ тілі 3 сынып)
Күнтізбелік жоспарлар қазақ тілі 3 сынып...Хабарлы сөйлем
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.