Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасындағы
жаңаша білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыны шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп алатын болса, мұғалім оқушыға жағдайлар, себептер жасайды. Мұғалімдер жан - жақты дайындалып, бағыт - бағдар беріп отыруы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген қызығушылығы мен құштарлығына тікелей байланысты. Оқушының білім алуға деген құштарлығын арттыруда мұғалімнің дайындығы мен сабақтың құрылымы да маңызды болып табылады. Бағдарламадағы жеті модулді қолдану әдісі сабақ мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Оқытудың белсенді әдістерінің нәтижесін сабақ барысында көруге болады.
Бұл бағдарлама оқушылардың ойлауын дамыту, бұрынғы алған білімдері мен жаңа түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сабақты жоспарлауда жеті модульді кіріктіру, түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану, оқушыларды ынтымақтастыққа баулу болды.
Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Мұғалім үшін алғашқы қадам құндылықтар мен мәселелерді анықтау.
2ә сыныбындағы ана тілі сабағы жеті модулді басшылыққа алып, оқытудың белсенді әдістерін қолданумен жүргізілуде. Сынып оқушыларының білімге деген көзқарастары оң бағыт алды.
Жүргізген сабақтарымда оқушылар жұмыс істегенде түрлі іс - әрекеттерінен көп нәрсені танып өлшеуге болады, сол арқылы олар нәтижеге жетеді, осыны аңғарып оқытудың мақсаттарын тұжырымдадым
Жаңа бағдарламаны іске асыру кезінде сабақ беру барысында жаңа әдістердің сабаққа тиімділігін көріп және оқушылардың қызығушылығын, мотивациясын арттыруда жұмыс жүргізілді.
Мектептерде білімді ұстаздар болмайынша, білімді шәкірттер болмайды.
Жаңа бағдарламаның жаңа әдіс - тәсілдерін қолданып, мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойларын дамытып, оқыту әдістеріне пайдалана білсе, оқытудың тиімді, әрі жемісті болатынына сенемін.
Ойымды қорытындылай келе мұғалім мен оқушы ынтымақтастық, сыйластық, достық қарым - қатынаста болып, аянбай еңбек етсе дарынды, қабілетті, көшбасшы бола алатын, өзіне нық сенімді дербес тұлға қалыптасатынына сенемін.
Жаңа бағдарлама-жаңа бағыт
- Канатбаева
- 19 ақпан 2014
- 10957
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұстаздарға, жаңа бағдарлама
Ұқсас жаңалықтар:
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
Жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер...«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Шепенова Ләззат Сабырқызы №30 орта мектеп...Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке...Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгені туралы Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі...Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Астана қаласы, № 63 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Асемгул Казымбековна Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.