Сайтқа кіру Тіркелу

Не тәтті?

Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»
Сабақ мақсаты: Оқушылардың шешендер, шешендік сөздер туралы білімдерін жетілдіріп, ойлау, өздерінше пайымдауға баулу, сөздік қорын байыту.
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру.
1 - слайд (Сабақ тақырыбы, мақсаты) (Музыка)
1. Сәлеметсіздер ме, балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келді. «Қош келдіңіздер» дей отырып, мен бәріңізге жақсы көңіл - күй тілеймін. Ал сендер бір - біріңе не тілейсіңдер? (Оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады
- Мен саған сабақта сәттілік тілеймін.)
Менің сабақтағы сәттілігім сендердің ынталарың, үй жұмысына дайындықтарыңа байланысты.
- Қазақ әдебиетінің үлкен саласы халық ауыз әдебиеті қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің айнасы. Балалар, халық ауыз әдебиетінің түрлерін атап, білімдеріңді ортаға паш етсеңдер. (Оқушылар ХАӘ түрлерін атайды).
Мақал - мәтелдер қысқа да нұсқа сөйлеудің, шешен, тапқыр сөздің көрінісі, үйде жаттаған мақалдарыңды айтып, білімдерімізді көрсетейік.
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Жаттаған мақал - мәтелдеріңнің сыңары тақтада жазылған, екінші жартысын айтыңдар.
2 - слайд Аз сөз - алтын, (көп сөз - күміс).
Бас кеспек болса да, (тіл кеспек жоқ).
Көп ішінде сөйлеген – көсемдіктің белгісі,
(көпке сөзі ұнаған – шешендіктің белгісі)
Шешеннің тілі ортақ, (шебердің бізі ортақ).
Осы мақалдардың мәні қандай? Кімдер туралы айтылған?
Ассоциация
3 - слайд - Шешен деген сөзді естігенде кімдерді елестетесіңдер?
(Тақтада шешен - билердің суреттері шығады).
- Балалар, біз әдебиет сабағында қазақтың қандай атақты би туралы оқыдық? Төле би бабамыз бізге қонаққа атақты Әйтеке және Қазыбек билермен бірге келді.
Сахналық көрініс
«Төле би: Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшы болмаса, ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.
Қазыбек би: Ұлы жүздің Төбе биі атанған Төлесіз ғой, ақылың сіздің дария, халқыңа болдың жария.
Жігіт: Рұқсат етіңіздер (Қолын кеудесіне салып, тағзым етеді, қолында қамшы бар.)
- Анау келіп, менің жайлауыма қонды, малы жайлауымды таптап жатыр. Мынау келіп, менің қыстауыма қонды, маңайымды шаңдатып жатыр.
Әйтеке би: Жігіттің жампозы ел қориды, жаманы жер қориды.
Қазыбек би: Мұндай жамандарды көріп жүрміз ғой, жақсысы туралы бір сөз қосшы.
Әйтеке би: Елдің қамын жоқтай білген, дұрыс сөзге тоқтай білген жақсыға не жетсін.
Жігіт; Кемшілік менен кетті. Даналыққа бас иемін»
4 - слайд Тақтада үш бидің ескерткіші шығады.
- Өз заманының көмекей әулиелері атанған үш шешен ел орданың төрінде, тәуелсіз қазақ еліне сүйсініп отырғандай.
2. Осы бабаларымыздың артында қалдырған мұрасы, шешендік сөздер туралы білімдеріңді мына кестені оқып, толтырудан білдіріңдер:
5 - слайд
Шешендік сөз деген не? Шешендік сөз деген
Мұндай сөздер қандай азамат болып өсуге тәрбиелейді? Мұндай сөздер азамат болып өсуге тәрбиелейді?
Шешен - билер халыққа, Отанына қандай еңбек сіңірді Шешен - билер
Аты аңызға айналған шешендер кімдер? Аты аңызға айналған шешендер:

3. Би - шешендер ел арасындағы дауларды шешіп, халық қамын ойлағандықтан ел есінде сақталған. Әз - Жәнібек ханның 60 биге қойған сауалын өздерің атап өткен Жиренше шешен қалай шешті, дүниеде не өлмейді?
- Ағын судың өлгені (Алты ай қыста қатқаны).
- Асқар таудың өлгені -(Басын бұлттың жапқаны),
- Ай мен күннің өлгені - (Еңкейіп барып батқаны).
- Қара жердің өлгені - (қар астында жатқаны).
- Сонда дүниеде не өлмейді екен?
III. Жаңа сабақ. 1. Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздеудің бір көрінісі ретінде аңыз болып қалған әңгіме «Не тәтті?» деп аталады.
- Балалар, сендердің ойларыңша
А) Дүниеде не тәтті?
Ә) Не қатты?
Б) Не жұмсақ?
Әр топқа тапсырма беріледі, ақ қағаздар таратылады, олар ойларын жазады.
- Жақсы, бәрің дұрыс айттыңдар. «Не тәтті?» аңызын тыңдап, таныс емес сөздерді түртіп отырыңдар.
2. Жаңа сөздермен жұмыс: Не тәтті?» аңызында кездесетін таныс емес сөздермен танысайық.
3. Диктофон арқылы мәтінді тыңдау.
6 - слайд. Жаңа сөздермен танысу
Қарсы кездескен, жұмсақ, мамық, өтіну, риза болу.
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрғызу..
4. Рөлдерге бөліп мәтінді оқыту.
5. Әр топ келесі топқа аңыз бойынша сұрақтар құрады.
7 - слайд 6. «Кім жылдам, кім тапқыр?» Кестені толтыру.
Тас
Мамық
Қол
жүрек жұмсақ

Тас
Мамық
Жүрек
Ананың қолы Қатты

Араның балы
Атаның жүрегі
Ананың сүті
Дүкендегі шербет тәтті
8 - слайд. Балалар, мәтіннен алынған сөздерге антоним табыңдар:
Тәтті -
Қатты -
Биік -
Терең -
Алыс -
Ұшқыр сөйлеудің кілтінің бірі антонимдерді сендер таба білдіңдер, ал енді күнделікті өмірде бәріміз таңдау жасаймыз, қазірде осындай таңдау алдарыңда тұр. Мына тапсырмаларды оқып, өз таңдауларыңды жасаңыздар.
9 – слайд Деңгейлік тапсырмалар:
I - деңгей.
Сөздерге синонимдер табыңдар.
Тәтті,... балам,... кездесу,... Тыңдау,... рұқсат ету,...
II - деңгей.
- Екі баланың жауабын талдаңдар.
III - деңгей
Ата - ананың қадірі. Ой толғау.
- Дұрыс, Жиренше осындай адамдарды жанына жинап, халыққа еңбек етуге, халық қамқоры болуға тәрбиеледі.
10 - слайд 9. Ендеше, Дүниеде не тәтті, не қатты, не жұмсақ деген сауалдарға халық даналығының жауабы мынадай
Не тәтті - ананың сүті (ана сүті бала бойына қуат береді, өсіреді)
Не қатты - атаның жүрегі (әке шыдамды, отбасы ауыртпалығын көтеретін нағыз нар)
Не жұмсақ - ананың қолы (адам баласына ананың алақанынан бар жылулық дариды).
IV. Үй жұмысы: Жиренше туралы қосымша аңыздар оқып келу, мәтінді мазмұндау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×