Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік және оның түрлері туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту. Сөйлем ішінен етістіктерді сұрақ қою арқылы табуға үйрету. Жазбаша түрлерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру әдісі, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: көбелек суреттері, қоржындағы сыйлықтар, ереже, сызбалар.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың типі: ойын түрінде.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- оқушылар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса, бәріміз орынымыздан тұрып амандасайық.
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз
Мінекей, біз бүгінгі сабағымызда сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, бәрін білуге ұмтыламыз. Ендеше осы ұранымызды ұстана отырып, сабағымызды бастайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
4 - жаттығу:
«Түгенде», «жаз» етістіктерін болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.
Мен түгендемедім, жазбадым
Сен түгендемедің, жазбадың
Сіз түгендедіңіз, жазбадыңыз
Ол түгендемеді, жазбады
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Өткен сабақты лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтап жіберейік.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
2. Зат есімнің сұрақтары: (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)
3. Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Ақтау, Орал - қандай зат есімдер? (жалқы)
4. Негізгі түбірден болған зат есім. (негізгі зат есім)
5. Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымша (тәуелдік жалғау.)
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (етістік)
7. Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған етістік (туынды етістік)
8. Етістіктің сұрақтарын ата (не істеді? Не қылды? қайтты?)
9. Болымды етістікке - ма,- ме,- ба,- бе,- па,- пе жұрнақтары арқылы жасалған етістік (болымсыз етістік)
10. Түбір сөзден болған етістік (негізгі етістік)
ІV. Оқулықпен жұмыс
«Кім тез табады?» ойыны
Ойынның шарты: сөздерді оқып, ішінен туынды етістіктерді теріп, туынды
етістіктерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Өрле, дабылдатты, шаңдатты, терледі, сайрады, жіңішкертті, дәріле.
Жас ұлан алға қарай өрле. Орманда бұлбұлдар сайрады. Асанның әкесі қалың ағашты жонып жіңішкертті.
V. Мәтінмен жұмыс
2 - жаттығу
1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің алғашқы екі сөйлеміндегі күрделі етістіктерді дара етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Бөлтірік төре шешендерімен сөз сайыстырды. Төренің небір мықты деген шешендері Бөлтіріктен ұтылды.
2. - Бөлтірік шешеннің жауабын есіңде сақта.
- Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл.
Дүниеде тозбайтын байлық біреу, ол – ақыл.
Дүниеде таймайтын адал қорғаушың біреу, ол – ақыл.
Дүниеде жарығы тұтас елге түсетін қасиетті шырақ біреу, ол – ақыл.
VI. Сергіту сәті.
«Құстар қалай сайрайды?»
Бұл ойында, мен допты лақтыру арқылы құстардың атын атаймын. Ал, сіздер допты қағып алып, олардың қалай сайрайтындығын атайсыздар.
Бұлбұл...(сайрайды)
Тырна...( тыраулайды)
Шағала... (шаңқылдайды)
Торғай...(шырылдайды)
Қаз...(қаңқылдайды)
Үйрек...(пырылдайды)
Қарға.... (қарқылдайды)
ҮІ. «Қателеспе» ойыны
4 - жаттығу:
1. Мұғалімнің өлеңді оқуы
2. Хормен оқу
3. Іштей тізбектеп оқу
4. Өлеңді жатқа жазу.
Етістікті тауып астын сыз, олардың түрін ажырат.
Табалдырықты баспайды,
Есікті теуіп ашпайды.
Теуіп ашу есікті,
Сұмдық жолға бастайды.
ҮІІ. «Сөздерден сөйлем құра»
1. Оқыды, кітап, балалар.
2. Сырғанақ, ойнады, балалар
3. Серуенге, балалар, шықты
4. Әнуар, оянды, ерте
5. Қалмаймын, сабақтан, мен.
ҮІІI Сабақты қорытындылау.
«Көбелек аулау» ойыны. Әр көбелектің артындағы сұрақтарға жауап бер.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
3. « оқы» етістігін болымсыз етістікке айналдырып, көп нүктенің орнына жаз.
4. Негізгі етістік дегеніміз не?
5. Туынды етістікті тап: әңгімелес, кел, өрнекте, оқы, ұсақта, ер
6. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын айт.
7. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті ата.
IX. Үйге тапсырма беру.
3 - жаттығу. 52 - бет
- ереже жаттау.
X. Бағалау.
Мына қоржындағы сыйлықтарды сендерге табыс етейін.(сабаққа қатысып, белсенділік танытып отырған оқушыларды бағалаймын)
Ана тілін құрметте
Ар ұятты кірлетпе
Жақсыларға жақ болып,
Жамандықты үлгі етпе,- деп сабақты аяқтаймын.
Етістікті пысықтау
- Gulnyr
- 11 сәуір 2013
- 12388
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Етістікті пысықтау, қазақ тілі, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі етістік
Мақсаты А) Білімділік: Етістік туралы берілген білімді толықтыру, ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы екендігі,...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Етістік
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Етістік
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...Сын есім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна Қазақ тілі пәні Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.