Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Өлеңнің мазмұнын ашу, түсіндіру. Ой - өрістерін, тіл байлықтарын арттыру. Сөздік қорларын дамыту. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Ақынның суреті, топтастыру, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен:
Мақсатымыз білім - алу
Міндетіміз – еңбектену
5 - ке қолды жеткізу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 3 - 4 оқушы «Теңіз жыры» өлеңін жатқа айтады.
2. Сұрақ - жауап.
• Ақынның туған күні туралы не делінген?
• Ертіс өзені қайда орналасқан?
• Өлеңді ақын қандай көңіл - күймен жазған?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Олай болса, бүгінгі сабақта М. Мақатаевтың өмірі мен «Қайран, Қарасазым - ай» өлеңін оқып, танысамыз.
Мұқағали Мақатаев (1931 - 1976) Алматы облысының Райымбек ауданында өмірге келген. Қазақтың аса дарынды ақыны. Оның көптеген өлеңдері мен поэмалары жарық көрген. Балаларға арналған жырлары да мол.
Мұқағали Мақатаев
↓
Ақын
1931 жылы дүниеге келген
«Өмір - өзен», «Шолпан» т. б. өлеңдері бар
1976 жылы дүниеден өткен
Ақынның қандай өлеңдерін білесіңдер? (Оқушылардан сұрау).
Шығармадағы табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
V. Сергіту сәті:
Би билегім келеді
Бірақ қалай бастаймын
Оң аяқ, сол аяқ
Өзімді өзім айналам
Бас аяқты топ - топ
Алақанмен соқ - соқ
Оң аяқ, сол аяқ
Өзімді өзім айналам
Басымызды иеміз
Би билейміз, күлеміз
Оң аяқ, сол аяқ
Өзімді өзім айналам
VІ. Ойын «Ұйқасын тап».
Берілген ұйқасқа өлең құрастыр.
...... сүйемін
...... күйемін
...... ағаларға
...... иемін
VІІ. Бекіту.
1. Ақынның туған жеріне деген ыстық сезімі қандай сөздермен беріліп тұр?
2. Туған жер туралы мақал - мәтел айт.
3. Өлеңнен су жағасындағы елік жөнінде айтылған шумақты тауып оқы.
4. Ақын туған жерінің келбетін қалай елестетеді?
5. Туған жердің несін еске алады?
6. Өлең саған ұнады ма? Неліктен?
7. Өлеңдегі жан - жануарлардың, құстардың, балықтардың аттарын ата.
8. Өлең жолдарында нелер туралы айтылған?
9. М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған ән орында.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінігін айту.
Өлеңдегі жан - жануарлардың, құстардың, балықтардың суреттерін салу.
ІХ. Бағалау.
Оқушыларды текшелер арқылы бағалау.
М.Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
- Гулсима
- 30 наурыз 2013
- 13933
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ана тілі, қайран, Қарасазым-ай, Мұқағали Мақатаев
Ұқсас жаңалықтар:
Мен таулықпын
Сабақтың мақсаты: 1. Ақынның өмірі, өлеңдерін, өзіндік табиғатын саралай отырып, өзгешелегіне көңіл бөлу. Мәнерлеп оқуға үйрету, өлең мазмұнын ашу,...Сүйемін, өскен Отаным
«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын».
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...М.Мақатаев "Қазақстан"
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Есиркепова Римма...М.Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Каратаева Майя Исимкуловна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.