Тақырыбы: Жан сұлулығы — үлкен байлық.
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, қайырымды, т. б. адамдық қасиеттерді игеру, әдепті болуға үйрету.
Бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс -
тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті.
Мағжан Жұмабаев
«Көңіл толқыны» күй орындалады.
1 - Жүргізуші: Нұрдәулет бала маңайындағы нәрсе де, сөйлейтін сөздер де, адамдардың жүріс тұрыстары да жинақы, ретті, таза, әдепті, сұлу болуға тиісті. Жаратылыстың барлығы екі қарама - қарсы нәрседен тұрады: ақ - қара, күн - түн, ыстық - суық, жақсы - жаман.
2 - Жүргізуші: Ақбота Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер жаман қасиеттер көрінісі болып табылады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Тақтаға қарасандар жарық күн көлегейленіп тұр, күнді біз мейірбан, жан - шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңесек, ол үшін бетіндегі түнерген бұлттарды ашайық. ( Қағаз қиындыларынан жасалған бұлттардың суреттері ілінеді)
- Кәне бірінші бұлт, сенің шешуін не, сен неге түнере қалдың?
(Адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұрады. «Әдептілік» деген сөз)
Әдептілік дегенің -
Әрқашанда керегің.
Әсемпаздық дегенің -
Әуре сарсаң Әлегің.
Тәртіпті бала — сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала - күйініш,
Төмендеп басы кетеді.
1 - Жүргізуші: Нұрдәулет Адамның кісілік қасиеттері, мінез - құлықтары жайлы ұлы адамдардың сөздерін тыңдап көрейік.
1 оқушы: Айдос. Абай атамыз адам мінезі жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілің кесер едім» деген еді.
2 оқушы: Назерке. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсыр Әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады» деген екен.
3 оқушы: Диас. Ұлы адамдар «Арлы мен арсыздың кім екені ісінен ғана емес, пікір - пиғылынан да көрінеді» депті.
4 оқушы: Асылай. «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім сөзі ар - ұжданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адалдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететін танытса керек.
5 оқушы: Ақжол. Адамгершілік — адамның ішкі рухани байлығы.
«Жақсымен жолдас болсаң — жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа».
Үлкенді сыйлау — адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының өмірінде үлкен сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу әрбір жастың парызы болып табылады. ата - бабаларымыз баланы бесігінен жақс әдеттерге баулыған.
6 оқушы: Мұрагер. Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс.
7 оқушы: Ақгүлім. «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек
2 - Жүргізуші: Ақбота. Сонымен әдептілік деген — ар - ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі, адам мінез - құлқының негізі екенін түсінген боларсыздар
1 - Жүргізуші: Нұрдәулет. Екінші бұлтты сейілтейік. Тәрбие көзі сәлемнен, сөйлеген сөздерден басталады. сәлем беру, сәлем алу, міндетті болу — ішкі байлық.
8 оқушы: Бейбарыс. «ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ»
Атам маған әманда
Әдепті бол деген.
Ата сөзі санамда -
Жасы үлкен жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
Әбдірахман Асылбеков.
9 оқушы: Айсана. «Кішілерге қамқор бол»
Сүйкімді бала атанып,
Сүйсінткің келсе кісіні,
Жіберме үлкен қателік -
Жәбірлей көрме кішіні!
Итеріп оны қалма сен!
Ойыншық, кәмпит, кесе ме -
Қолынан тартып алма сен!
Кішіге күшіңді көрсетіп,
Жәбірлеп оны ұрма сен!
Кіші де өсер ер жетіп,
Үлкендік оған қылма сен!
Бүркіт Ысқаков.
10 оқушы: Құндыз. Сәлем — әдептілік белгісі. Сәлемдесу — кездескен адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір - біріне аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп, жақсылыққа жарылқауы. Үлкен адамға сәлем беру — кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген сөз бар.
11 оқушы: Есбол. Адамның дүниетанымын кеңейтетін, рухани дүниесін оятатын — кітап. Халқымыздың ертегілерін, аңыздарын, әңгімелерін оқып біз мәдениетке және өнерлі болуға тырысамыз.
12 оқушы: Данагүл. Жаны сұлу, ақ еркем, ары сұлу.
Бір мамығы майысса ауырсынып,
Тарақ етіп тұмсығын тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.
Жаны сұлу, ақ еркем, ары сұлу,
Бірде суға сүңгиді асыр салып.
Ойнасаңшы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық, - деп Мұқағали Мақатаев Қазақтың киелі саналатын, сұлулықтың пірі — аққу құсын бейнелеген.
Мұғалім: Үй жұмысына берілген шығармаларына көңіл бөлейік.
- Жан сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?
- Сенің ойыңша кімнің бойында жан сұлулығы басым? (Сыныпта, мектепте, ауылда, әдебиетте, теледидарда т. б.)
оқушылардың пікірлері тыңдалады.
1 - жүргізуші: Нұрдәулет. Үшінші бұлтты сейілтейік. Иә, балалар, енді мынадай нақыл сөздерге көңіл аударайық.
1) Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз.
Сабит Мұқанов.
2) Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
Бұқар жырау.
3) Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Жүсіп Баласағұни.
Қорытынды.
(Күй жалғастырылады)
Жан сұлулығы-үлкен байлық
- Шарбану
- 28 наурыз 2013
- 21494
- 0
- 20
Ілмек сөздер: Жан сұлулығы үлкен байлық, бастауыш
Ұқсас жаңалықтар:
Біз әдепті боламыз
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, № 2 К. Э. Циолковский атындағы мектеп мұғалімі Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы...Адам әдептілігімен әдемі
Сабақтың мақсаты: Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, қоғамдық ортада өзін - өзі ұстай білуі, ізеттілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге...Әдепті бала-арлы бала
№ 25 гимназия Екібастұз қаласы Шаланова Гульмира Тлектесовна...Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Тақырыбы: Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді....Әдепті бала - арлы бала
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.