Сайтқа кіру Тіркелу

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы».
«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен парасаттылыққа баулу - тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Ол үшін балабақша мен отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы зор болуы қажет.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала тәрбиесінің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Баланың мінез - құлқы мектеп жасына дейін қалыптасады. Сол кезде алған тәрбиесі оның болашағына негіз болады. Ұлы Абай атамыз «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші, ата - анасынан, екінші ұстазынан, үшіншісі құрбысынан», - деген екен. Әрбір ата - ана бала тәрбиесіне ерекше мән беруі қажет, еліне пайдалы, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге міндетті. Әкесінің ақылын, анасының әлдиін естіп өскен әрбір қазақ баласы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алады. Отбасы мен балабақша арасындағы тығыз қарым - қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Кез келген ата - ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне жағдай жасайды.

Ол үшін баланы шамалары келгенше балабақшаға беруге тырысады. Қай кезде болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат - саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі - ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Балаға ата - ана тәрбиесінің орнын ештеңе алмастыра алмайды... отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Болашақ ұрпақ келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол ұрпақ етіп тәрбиелеу - барлығымыздың қоғам алдындағы борышымыз. Баланы заманынан қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіру, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - отбасы мен балабақшаның басты талабы.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері баланы жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый - құрмет көрсете білетін, өнегелі адам болуға, адамгершілікке тәрбиелейді. Баласының бақша табалдырығынан аттаған сәтінен бастап, тәрбиешінің балаға қойған талаптарымен танысып, өткізілген бағдарлама бойынша берілген тапсырманың орындалуын жіті қадағалап, баласының іс - қимылын, әрекетін көзінен таса қылмай отбасындағы тәрбиемен балабақшадағы тәрбиені ұштастырып, өз тарапынан белсенділік танытып отыратын ата - аналар да баршылық.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата - аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата - аналарымен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі, ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орны.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, қоғамға пайдалы, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы қасиеттерді отбасы мен балабақша бірлесіп балаға жасынан бойына сіңіре білсек, тәрбиеміздің берік іргетасын қалағанымыз.
Бала тәрбиесі – игілікті іс, берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саланың ең өзектісі. Еліміздің ертеңі балаларымыздың болашағы үшін тәрбие мен білімінің сара жолында ізденуден жалықпайық!
Әр шаңырақтан бала үні кетпесін! Әр шаңырақ базарлы үйге айналсын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайын ...

Серіктестік пен ынтымақтастық негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қойылатын біркелкі талаптармен біріңғай білім...
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қары ...

Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі: — педагогикалық және...
Ата - аналар жиналысы

Ата - аналар жиналысы

Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері мен міндеттері, отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беру,...
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің...
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×