Екібастұз қаласы,
№21 «Кішкентай данышпандар»
балабақшасының тәрбиешісі
Амирханова Айсулу Кайруллиновна
Білім беру саласы: Таным.
Білім көздері: Экология.
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келді?»
Мақсаты: Нанды қадірлеуге үйрету. Нанның дастарханға қалай келетінін айтып, оған көптеген адамдардың еңбегі арқылы келетіндігін түсіндіру..
Көрнекілігі: Суреттер, ұн, қамыр, бидай, нан.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Трактор, диқан, комбайн, элеватор, диірмен.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Жылулық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Бүгінгі іс – әрекетінде өтілетін тапсырмалар:
Тәрбиеші сұрақтар қояды.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл келеді?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Жақсы, қазір жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар.
Алтын, сары тоны бар
Ортасында дәні бар. (бидай)
Дұрыс, балалар, ал бидай жайында не білеміз мына алгоритм сызбасымен кім әңгімелеп береді?
Жақсы, бидайдан ұн жасайды.
II. Ал мен қазір сендерге «Нан қайдан шығады» ертегісін айтып беремін. (ертегіні қысқаша түсіндіру) ертегіде сендер нанның қалай шығатының білетін боласыңдар.
Ертегіні мәнерлеп оқу.
Сахналау (суреттер арқылы) үстелге суреттерді қойып әр бала бір суреттен алып ертегіні өз суретіне байланысты рөлін ойнап сахналайды.
Сергіту сәті. Қане, бойымызды сергітіп демалып алайық. Орнымыздан тұрып, қимылмен жаттығуды айтып, жасайды.
Көктемде жер жыртамыз.
Тырналаймыз тегістеп.
Дәнді оған себеміз.
Жайқалып көктеп шықсын деп.
Күз болғанда орамыз.
Нанға біздер тоямыз.
III. Тосын сәт: (тышқан есік қағып келеді) Амандасады.
Тәрбиеші: Балалар жанағы ертегідегі тышқан келді
Тышқан: Балалар маған нанның қалай шығатын жолдарын көрсетуге көмек сұраймын. Мысықтан қорқып әзер құтылдым.
Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Тышқан сен балаларға қарап көріп ал, ал балалар біз бірнеше топқа бөлініп нанның шығу жолдарын көрсетейік.
I - деңгей: Д/о: «Орның тап» (суреттерді ретімен орналастырады) орнында және тақтаға көрсету арқылы).
II - деңгей: Алгоритм сызбасымен әңгімелейді.
III - деңгей: (бидай, ұн, қамыр, нан) Заттарды көрсету арқылы түсіндіреді.
Тәрбиеші: Көрдің бе, тышқан нан жегін келсе, осылай көп еңбек ету керек. Адал еңбек етсең, ешкімнен қорықпайсың.
Тышқан: Иә, енді мен қалай еңбек етуді білемін.
Рахмет айтып, қоштасады.
IV. «Аудармашы» Нан - хлеб; Бидай - пшеница. (суреттерін көрсету арқылы)
Мақал - мәтел айту.
Ас – атасы нан.
Хлеб – всему голова.
Д/о: «Не артық» ойының ойнайық (суреттегі артық затты табу)
Қорытындылау:
1. Сендерге ертегі ұнады ма?
2. Ертегіде не ұнады, не ұнаған жоқ?
3. Нан шығу үшін кімдер еңбек етеді?
Білді: Нанның шығу жолдарын.
Меңгерді: Сызба арқылы жұмыс жасау.
Игерді: ертегіні сахналау арқылы көрсетуді.
Нан дастарханға қалай келді?
- aisulu1974
- 22 қараша 2015
- 11782
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нан дастарханға қалай келді, бала бақшадағы нан жайлы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға...Нан қайдан келеді (ертегі)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Еңбекпен келген нан-қасиетті тағам
Алматы қаласы №118 бала-бақша Арынова Жақсыгүль Рсалықызы...Дүкенге нан қайдан келді?
ШҚО "№22 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ №2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна...Нан кайдан шығады?
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.