Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегілер еліндегі Шалқан

Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет
Тақырыыбы: «Ертегілер еліндегі Шалқан»
Шалқан.(орыс халық ертегісі)
Мақсаты: Балаларға көркем туындысын түсіндіре отырып, шығарманың көркем мәтінін түсіндіру.
Білімділік: Еңбек сүйгіштікке баулу, мақал – мәтелдер жаттату, жұмбақ жасыру, ертегі кейіпкерлерін сахналау, ертегі мазмұның меңгерту.
Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы, тіл байлығын, ойын, зейінін сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Достыққа, әдемілікке. ұқыптылыққа, кішіпейлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Шалқан ертегісінін макеттері ( шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан.)
Сабақ барысы:
Жүрек жылуы шеңбері:
Күніміз жарық болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Деніміз сау болсын,
Елімізде тыныштық болсын.
Тәрбиеші: Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: 4 - мезгіл (көктем, жаз күз, қыс)
Тәрбиеші: Қазір қандай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 - ай бар (желтоқсан, қантар, ақпан)
Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар: Күн салқын аяз болады, бас киім, қолғап, аяғымызға етік киеміз.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар
Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: Қызыл телпек, маша мен аю, мақта қызбен мысық.
Тәрбиеші: Балалар сендер көп ертегі біледі екенсіндер. Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз орыс халқынын ертегісі «Шалқан» мұқият тыңдайсындарма?
Балалар: Иа апай тыңдаймыз.
Тәрбиеші: Ерте ерте ертеде. Бір әже мен ата баянды өмір сүріпті олар үй шаруашылығына үлкен ұқыптылық білдіре отырып, үй алдындағы бақшаға шалқан отырғызыпты. Айдан ай өтіп күз айында бақшаның жемісін жинап жүріп, шалқанды көреді шалқаны үлкен болып өсіпті. Осы кезде ата шалқанына тамсана қарайды.
Ата: Ой бәрікелді, менің шалқаным үлкен болып өсіпті. Бұл шалқан бәріне жететін болды деп шалқанды тарта бастайды, тартып – тартып шалқанды жұла алмай сөйтіп, көмекке өзінің кемпірін шақырады.
Кемпір - кемпір маған келші көмекке қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті осыны жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Сен маған көмектесші.
Кемпір: Ой шынында да үлкен болып өсіпті ғой кел тартсақ тартайық.
Тәрбиеші: Осылайша атаның артынан ұстап ары тартады бері тартады бірақ орынан қозғалта алмайды.
Тәрбиеші: Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Кемпір: Қызым – қызым бізге көмекке келші! Атаң еккеуміз шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды, әже сіздерге көмектесейін.
Тәрбиеші: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды олар рет – ретімен тартады. Олардың күштері жетпейді. Сонымен немере қызы көмекке итін шақырады.
Қыз: Ақтөс - ақтөс сен бізге көмектесіп жіберші шалқанды біз жұла алмай жатырмыз
Ит: Аф - аф - аф көмектес десендер көмектесейін.
Тәрбиеші: Ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, ары тартады, шалқанды сура алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық – мысық бізге көмекке келші біздер шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу - мяу - мяу көмектесіп жіберейін.
Тәрбиеші: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстап, әрі бері жұлқиды бырақ шалқан шықпайды.
Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан - тышқан бізге көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Тәрбиеші: Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит қыздың еттегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқанды ұстайды.
Олар тарт - тарт ақыры шалқанды сурып шығарады.
Тәрбиеші: Міне балалар осындай қызықты ертегіні тамашаладық.
Тәрбиеші: Балалар тышқан бәрінен де мықты екен.
Балалар: Иа апай, тышқан тісімен тартып еді, шалқанды жерден сурып алды.
Тәрбиеші: Балалар тышқан кеміргіш отрядь қа жатады, олардың тістерімен ағашты кеміреді, жардыда кеміреді, өздеріне інде жасап алады екен.
Тәрбиеші: Жұмбақ
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Бетін қолын жуады. (Мысық)
Жылт – жылт еткен
Жыралардан өткен. ( су)
Тәрбиеші: Балалар есікгімізді қағып тұрған сияқты қане құлағымызды түріп тындайықшы, есікті тырыс - тырыс қағып ата мен әже қонаққа келеді.
Ата мен Әже: Ой балаларым амансындарма шырықтарым.
Балалар: Сәлеметсіздер ме ата мен әже!
Тәрбиеші: Ата – әже келініздер отырыңыздар атамыз бен әжеміз бақшасын суарып шашап келген болар. ( отырғышқа отырады)
Тәрбиеші: Ата біздің «Асанәлі» бала бақшамызға кош келіпсіз.
- Біздің бала бақшамыздын балдары еңбек сүйгіш, еңбек қор балалар
Балалар: иа ата жазда сыртқа гүл егіп су құйып гүл өсіреміз, бақшамыздың алдың әдемілеп қоямыз.
Ата: Өздері шынында да еңбек қор балалар екен.
Ата: Балаларым кім маған шалқан ертегісін айтып берер екен.
Балалар: апай мен айтамын Айым (шалқан ертегісін атаға айтып береді)
Тәрбиеші: Балалар шаршаған боларсындар ендеше орнымыздан тұрып саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Сергіту сәті:
Бас бармағым, атам менің,
Балан уйрек, әжем менің,
Ортан терек, әкем менің,
Шұлдыр шүмек анам менің,
Кішкентай бөбек бұл мен.
Ата: Кешкентай бүлдіршін немерелерім менін кім маған шалқан ертегісін сахналап бере екен.
( Балалар әр киіпкерлерге бөлініп Шалқан ертегісін сахналау)
Шал - Анэль
Әже - Айым
Қыз - Дамира
Ит - Мейрлан
Мысық - Дильназ
Тышқан - Аяулым
Тәрбиеші: Еңбек туралы кім қандай мақал – мәтелдер біледі екен.
Еңбек етсең - емерсің
Ерінбесең - жеңерсің
Еңбек етсен ерінбей
Тояды қарның тіленбей
Пеш түбінде мысық отыр
Екі көзін қысып отыр
Тышқан етін жегісі келіп
Оның тісі қышып отыр.
Қортынды: Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?
Балалар: Шалқан ертегісімен
Тәрбиеші: Ендеше балалар Шалқан ертегісінің киіпкерлерін
мына бақшамызда өсіп тұрған шалқаннын қасына рет – ретімен орналастырып көрейік.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар ертегінің мазмұнын жақсы тындаған екенсіндер киіпкерлерді ретімен дұрыс орналастырыпсындар.
Тәрбиеші: Шалқанды еккен кезде шалқан қандай болды?
Балалар: Кішкентай
Тәрбиеші: Шалқан не арқылы өсті?
Балалар: Күту арқылы, күннің жылуы арқылы
Тәрбиеші: Шалқанды кім екті?
Балалар: Ата
Тәрбиеші: Шалқан қандай болып өсті?
Балалар: Үлкен болып өсті
Тәрбиеші: Шалқанды тартып алуға кімдер көмектесті?
Балалар: Ата, әже, кыз, мысық, ит, тышқан
Тәрбиеші: Кеміргіш отрядына не жатады?
Балалар: Тышқан
Тәрбиеші: Шалқанның түсі қандай екен?
Балалар: Сары түсті
Тәрбиеші: Оның пішіні қандай?
Балалар: Дөнгелек
Тәрбиеші: Балалар біздер бәріміз еңбек қор атамыздай болайық, атамыздың шалқан өскен бақшасына арнап «Бау – бақша» әнін орындап берейік.
Бау – бақшамыздын жемістеріміз көп болсын дей отыра «Ертегілер еліндегі» орыс халқынын «Шалқан» ертегісі атты ашық сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×