Сайтқа кіру Тіркелу

Адам басының бюсты (мүсін сабағы)

МҮСІН
Өткізілетін уақыты:
Сабақтың тақырыбы: Адам басының бюсты – 4 сағат
Мақсаты: Адам басының бюстін сомдау. Олардың пропорцияларын, формасының модельдерін жеткізу машықтарын иелену.
Міндеттері: Бет - әлпет мүшелерінің пропорциялары мен конструкциясын сараптау. Форма көлемдері мен ерекшеліктерін жеткізу. Бөлшектерді өз бетінше модельдеу. Өлшемдерді пропорционалды азайту – масштабында жұмыс істеу машықтарын дамыту.
Материал: Мүсіндік сазбалшық, планшет 30×30см.
Өлшемі: биіктігі плинт үстінен 10 см. дейін.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.
2. Балалар біз өткен сабағымызда папье маше әдісімен маска жасаған болатынбыз. Соны қысқаша еске түсірейік.
1) Папье маше қалай жасалады?
2) Жұмыс қандай кезеңдерден тұрады?
3. Ойын жаттығулар. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын кішкене ойын жаттығу сергіту сәттерін жасап өтейік.
2) Оқушылар қапшықтың ішіндегі затты сипалап, оның бейнесін сазбалшықпен сомдауы керек.
3) Оқушылар кезек - кезек шығып, сөзжұмбақ шешеді.

4. Мүсінді «скульптура» деп те айтады. Ол – латынның sculptura деген сөзі, «қашап жасау» деген ұғымды білдіреді. Мүсіндегі ең басты құрал - аумақты форма болып табылады. Мүсіндік шығарма кеңістікте көруге, жан - жағынан толық қарауға әбден мүмкіндік береді. Мүсін жұмыр және рельефті болып келеді. Мүсінде адам сомдаудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: бюст - кеуделік мүсін; статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы; көп тұлғалы композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік көркем шығарма.
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: яғни жартылай сомдалған нәрсе жазықтың бетінен аз шығып тұрса, барельеф деп аталады, ал жазықтың жартысынан көбірек, дөңестеу шығып тұрса, горельеф деп аталады. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер.
Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы - барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсін шағын болғанымен мазмұны терең, үйлесімділік ерекшелігі мол шығарма болып табылады. Шағын мүсіндер көбіне форфор, сүйек, ағаш, темір, мыстан, гипстен жасалады.
Адамның бет - әлпетінің бөлшектерін мүсінін сомдаған өте қызықты. Мүсін жасамас бұрын бөлшектерді мұқият қарап, зерттеп аламыз. Содан соң ғана мүсінін жасауға отырамыз.
Бүгінгі сабағымызда әлпетінің бөлшектерінің гипс бедерінің көшірмесі: мұрын, ерін немесе көз, алдын - ала нобайсыз сомдаймыз.
Оқушылар үшін бұл мүсінді жасауға ыңғайлысы сазбалшық болып табылады.
Жалпы мүсіндеудің бірнеше кезеңдері бар.
1 кезең - бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол - жоғары нүктеден бастап төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтар мен көздің бір қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат әрдайым белгілі бір күйде тұрады (сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда қозғалыссыз тұра алады).

2 кезең - Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін саралаумен және олардың қасиеттерін айқындаумен қоса жүреді, саусақтардың қозғалысы тереңдік қатынасын өлшегендей болады және бөліктердің кеңістіктегі өзара қатынасын анықтайды.

3 кезең - заттың ең ұсақ бөліктерін көрсету және оларды формасынының, көлемінің, негізгі бөліктерге қарағанда кеңістіктегі орнын анықтау.

4 кезең - затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысы мен жоғарыдан төмен қарай көзбен шолып шығу сезімдік жолмен алынған деректерді тұтас бейнеге біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу заттың беткі жағы құрылымын саралауға да бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда қолдың барлық саусақтары жұмыс істеуі тиіс. Материалдық құрылымын анықтау үшін заттың бетіне қолды батыруға тура келеді. Мүсіндеу кезінде заттарды зерттеуге өзіндік ерекшелігі бар, өйткені мүсіндеуде заттың формасы көлем күйінде беріледі.

Мүсін жасауда жалпыдан бастап, жеке бөлшектерге көшу керек. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып жағдайын сазбалшықта сіріңке талшықтармен белгілеп алу қажет. Содан кейін әсерлі нәрсені бөле көрсету қажет. Жұмыс жасауда үлкен форманы жасай отырып, барлық жағынан қарау
керек.
Жұмыс жасау барысында сазбалшықты біз илеп, жұмыс жасауға дайындаймыз, иімі қанған сазбалшық бізге жұмыс жасауға жеңілдік туғызады, қолға жабыспайды. Оқушылар алдарындағы сазбалшықтан адамның бет әлпетінің мүшелерін бөлек – бөлек дайындап келтіреді. Содан соң қате жерлері болса, соны түзетіп сомдаймыз.
Кенеп бетіндегі суретті біз үнемі бір қырынан, бір қалпында ғана көреміз, ал мүсінді жан - жағынан әр қалыпта көреміз. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез - құлқын, ішкі сырын ашуға тырысамыз.
Сазбалшықты жаға отырып оның кеңістіктен біршама шығуын қамтамасыз ету қажет.
Сазбалшықты бір - біріне жапсыра отырып адамның бюстін сомдай отырып мұрын, ерін немесе көздің пропорциясын дұрыс сақтауға тырысу керек.
Үшінші кезеңде адам басынының көлемін, қалыңдығын дұрыс шығарып сомдау қажет.
Жұмысты модельдерге қарап, пропорциясын сақтай отырып, жұмысымызды аяқтайтын боламыз.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға адамның бюстін сомдаудың қыр - сырын үйретемін.
6. Мүсіннің адам бе бейнесін сомдау қаншалықты қызықты бола болғанымен, біршама қиындықтар туғызады. Мүмкін заттарды, фигураларды зерттеп барып сомдау, міне бұл әдіс өз әсерін, жемісін беретіні сөзсіз.
7. Үй тапсырмасына үй жануарлардың жұмыр тәсілімен сомдап келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мүсін өнерінің түрлері

Мүсін өнерінің түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық...
Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)

Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)

Сабақтың тақырыбы: Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу....
Папье - маше (мүсін сабағы)

Папье - маше (мүсін сабағы)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Папье - маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен маска жасауды үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы...
Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу ...

Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу ...

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу. Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және...
Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×