Сайтқа кіру Тіркелу

Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу (мүсін сабағы)

МҮСІН

Өткізілетін уақыты: ____________________________________

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ. IV курс міндеттері мен қажетті материалдар туралы әңгімелесу.
Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу.
Тапсырма: Көрнекі материалмен жұмыс. Формасы жағынан алуан түрлі қапталған мата қатпарларының натурадан жасалған нобайлары.
Мақсаты: Оқу материалын игеруге жататын мазмұнды зерттеу.
Міндеттері: Нобайлар мен суреттемелерде салбыраған матаның қатпарларының бейнесі машықтарын анықтау және кеңейту.
Материал: Формат А3, қарындаш.
Саны: 3-5 нобайлар.
Ескерту: Әдістемелік құралдарды пайдалану. Аталған тапсырма қатпарлардың рельефін жасау үшін дайындаушы болып табылады. Сабақтың жартысын плинтты 30×30 см. дайындауға жұмсауға болады.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен сабақты қайталау
3) Ойын жаттығулар, сергіту сәттері
4) Жаңа сабақты түсіндіру
5) Сарамандық жұмыс
6) Сабақты қорытындылау
7) Үй тапсырмасы

Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды түгендеу, дайындықтарын тексеру.

4. Мүсін өнері. Мүсінді «Скульптура» деп те атайды. «Sculptura, sculpo»-шекимін, қашаймын деген латынның сөзі.
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Ежелгі мүсіндерден жауынгерлер, бақташылар, қариялар мен әйелдер мүсінін көре аламыз. Онда киім, қару-жарақ, бас киім, белдік, әйелдер әшекейінің жеке бөліктері байқалады. Фигуралардың көпшілігі оң қолымен не екі қолымен текше пішінді ыдыс немесе тостаған ұстаған. Көбіне мүсіндер өлген адамдар басына орнатылған. Тас мүсіндердің келесі түрі «Елік тастар» — құрбан шалынатын және қасиетті орындарға қойылатын құлпытастар. Фигуралардың биіктігі - 4 метрге дейін жетеді.
Мүсін өнерінің ежелден келе жатқан өнер екенін мынадан білуге болады.. Ондағы адам бейнесі стильденген пішінде жасалған, әсіресе бастың пропорциялық өлшемдерінің, жалпы (формасын) пішінін өте дәлдікпен алынғанына қайран қаласың. Аңыздың айтуынша, Ежелгі Грецияда өте ерте кезде бір мүсінші болыпты. Ол жан баласына жоламай, күні-түні шеберханасынан шықпапты. Оның аты Пигмалион екен. Ол ұзақ жылдар бойы Галатея деген қыздың тас мүсінін жасапты. Мүсіннің шебер жасалғаны соншалықты, мүсінші өзі қашап салған қызға өзі ғашық боп қалыпты. Ол мәрмәр Галатея тірі адамға айналса екен деп тілепті. Афродита деген құдай, мүсіншіні аяп, тас мүсінге жан бітіріпті-мыс.
Бәлкім, бұл аңыздың шығуына ежелгі гректер төңірегіндегі шеберлер қолынан туған мәрмәр мүсіндерді кеудесінде жаны бар тірі кісідей ардақ тұтқаны себепші болған шығар. Мүсін — ең ежелгі өнердің бірі. Мысалы: мынау жеңіс тәңірісі Ника. Ежелгі бір белгісіз автор жасаған бұл мүсін бұрын, бір құз жартастың басында тұратынды. Оның басы да, қолы да сақталмаған, бірақ соған қарамастан біз оның өршелене алға ұмтылған қауырт қимылын қапысыз аңғарамыз. Үстіндегі жел желбіреткен киімінің өзі Ника жанын баурап алған тебіреніс пен шабытты байқатады. Мүсін өнері ежелден келе жатқан өнер болып табылады. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай, Үнді, Жапон өнерлерінің ішіндегі ең көрнекті, көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер осы мүсін өнері болды.
Мүсін өнерінің тарихи ескерткіштері. Бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті де мәнерлі, өз бойына үлкен ескерткіштер.
Мүсін өнері
Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әртүрлі, фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған мүсіндер. Статуяны көріп тұрық, бұл тарих оқулығынан сіздерге таныс. Мирон өз күшіне сенімді ер жүрек дене бітімі сымбатты, атлет, асқақ мүсінді сомдаған. Мирон өз өнерінде динамикалық әдемі қозғалысты сомдау арқылы көрерменді өзіне баурайды.
Атап айтқанда Египеттегі «Аменемхеттің статуясы», Греция мүсіншісі Мирон, Поликлеттің «Дорифорды» т.б. Поликлет атақты найзагер жігіт «Дорифорды» кереметтей сомдаған. Бұл бейне адам денесіндегі сұлулық пен рух үйлесімділігін берген. Мүсінші мінсіз сұлу адамның дене мүшелерінің ара қатынасын дәл белгілеуді мақсат еткен.
Поликлет өзінің ойлары мен тұжырымдарын «Канон» деп аталатын теориясында баяндайды. Бұл мүсіндер – көлемді дөңгелек мүсін, мүсіннің көне түрі. Үнді және Қытай жерлерінде дамыған. Қайта өрлеу дәуірінің атақты мүсіншісі Микеланджело Буанароттидің «Давид» мүсіні. Бұл кезеңде де осы Поликлеттің «Канон» атты теориясына сүйеніп, өздері де жаңалықтар қосқан. Флоренцияда «Давид» ежелгі мүсіншілердің назарына іліге бермейтін сондай бір қасиет бар. Кейіпкердің жан дүниесіндегі алай-дүлей сезім дауылы. Ол ежелгі заман қаһармандарындай емес өз сезімін жасырмайды. Жүзінде ыза, ашу, кек тұр. Шынайы дәл әсерлі берілгендігінде.
Бірінші кезеңде оның негізі, яғни жазықтық дайындалады. Жазықтық тақтайшалар алынып, оның бетіне сазбалшық жұқалай жағылып шығады да, оның бетіне тік төртбұрышты стектердің көмегімен қырналып тегістеледі. Тегістелген тақтайшалар – плинт деп аталады. Осы плинттің үстіне эскизге қарап отырып сурет салынады. Сазбалшықтан ширатпалар есіп дайындаймыз. Ширатпаларды натюрморт бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін сазбалшықпен толтырамыз.
Екінші кезеңде осы суреттің үстіне сазбалшық жапсырып отырып, оның көлемін ұлғайта береді.
Сазбалшықты жаға отырып оның кеңістіктен біршама шығуын қамтамасыз ету қажет.
5. Сарамандық жұмыс барысында оқушыларға барельеф тәсілімен мүсін жасауды, оның ішінде натюрмортты, мата қыртыстарын сомдаудың қыр - сырын үйретемін.

6. Мүсіннің бедерлі түрімен сомдау қаншалықты қызықты бола болғанымен, біршама қиындықтар туғызады. Мүмкін заттарды, фигураларды зерттеп барып сомдау, міне бұл әдіс өз әсерін, жемісін беретіні сөзсіз.
Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың.
7. Үй тапсырмасына ермексаздан үй тұрмысында қолданылатын заттардың қарапайым түрлерін жасап келуін тапсырамын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мүсін өнерінің түрлері

Мүсін өнерінің түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін жайлы жалпы түсінік беру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық...
Адам басының бюсты (мүсін сабағы)

Адам басының бюсты (мүсін сабағы)

Мақсаты: Адам басының бюстін сомдау. Олардың пропорцияларын, формасының модельдерін жеткізу машықтарын иелену. Міндеттері: Бет - әлпет мүшелерінің...
Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)

Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты (мүсін сабағы)

Сабақтың тақырыбы: Натурадан жасалған рельефте модельдеу қағидаты Жұмыс көлемімен, пайдаланылатын материалдармен және техникалармен танысу....
Папье - маше (мүсін сабағы)

Папье - маше (мүсін сабағы)

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Папье - маше тәсілі туралы түсіндіру. Осы тәсілмен маска жасауды үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың жұмысты орындаудағы...
Мүсін өнері

Мүсін өнері

Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі бейнелеу өнері мұғалім: Солтанбаева Г.Т....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×