Баяндама
Тақырыбы: КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАДА АНИМАЦИЯ ЖАСАУ.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы,
Көркем - сурет балалар мектебі
Адамның өз ойын, идеясын графикалық бейнеде жеткізуге тырысу, өте ертеден қалыптасты. Графикалық бейне (таста, қағазда, металл және ақпаратты бейнелеудің басқа құралдарында бейнеленген) оқу бағдарламасында бұрыннан қолданылып келеді. Қазіргі таңдағы жетілдірілген компьютерлік графиканы жасау құралдарының көмегімен графикті компьютердің экранында көрсету үшін тек кәсіби суретшілер, дизайнерлер, ақпараттық технология мамандары ғана емес, дербес компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі аз адамдар, педогогика саласының мамандары да жасай алады.
Әр заман суретшілері өз туындыларының жалған қозғалыс өмірін көруді армандады. Адамзаттың бейнелерінің қозғалысын түсіру ұмтылысы біз ежелгі ескерткіштерден және ежелгі заманда суретшінің тастар әр түрлі жануарларды қозғалысын бейнелеуінен көреміз.
Ежелгі солтүстіктік адамдарының суреттерінде көретініміз, жүгіріп бара жатқан еліктің көп аяқтармен салынуы оның жүгіруге деген ұмтылысын көрсетеді және билеп жүрген сегіз қолды, сегіз аяқты аңшы, оның бидегі әр қозғалыс моменті көрсетілген. Бұндай суреттерді біз оңтүстік африка елдерінен және солтүстік және оңтүстік америка үндістерінен кездестіреміз.
Адам өмірді бақылай отырып, өмір қозғалысын өзінде бар құралдармен түсіріп алуға тырысты. Жарқын бейнелер қозғалысының берілуін біз ежелгі мысыр және грек өнерінен, яғни скульптуралық рельфтерде фарауондардың храмдарында және вазалардағы суреттерден көреміз.
Анимация тарихына анимация өнерлері сияқты өзінің тарихи бар. Алғашқы принцип 1828 жылы француз Паулем Рогетан анимация негізінде жатқан көреремендердің қызығушылығымен қабылдауын демонстрацияланған. Демонстратегиялық объектісі диск болып табылады, оның бір жағында құс, ал екінші жағында – тор.
Жансыз суреттерді тірілту үшін әртүрлі оптикалық ойыншықтар бұдан бұрынырақта пайда болды. Мысалы, фенакис тископ – дөңгелек, яғни дөңгелек шетіндегі суреттер бейнеленген, осы дөңгелекті дөңгелеткенде осы суреттер бірінен кейін бірі қайталанып көрсетіледі.
Анимацияны бірінші боп жасаған адамдардың ішіндегі әйгілісі Уолт Дисней: ол тек мультиктерді жасап қоймай сонымен қатар мультфильм құрудың әлемін құра білді.
Анимацияның нақты анықтамасы: (латын тілінен аударғанда «анима»- жан, ал «анимация» тірілу, жандану дегенді білдіреді) ал анимация жасаушылар кейіпкерлерін жай ғана жандандырып қана қоймай, өздернің біразда болсада жан дүниесін салады.
Графиканың қолданылуы тек адамдардың ақпаратты қабылдау жылдамдығын арттырып қана қоймай, олардың түсіну деңгейін жоғарылатады, бейнелі ойлауын дамытады.
Компьютерлік графикада жұмыс істеу нәтижесі дәстүрлі тәртіпке негізделген оқыту әдістерін құрастыру әр салаға қатысты қолданудың тиімділігін көрсетеді.
Қолданылуы:
Білім беру саласында;
Коммерциялық және басқару істерінде;
Денсаулық сақтау саласында;
Мультипликацияда;
Кез келген өндірістік мекемелерде;
Инженерия, архитектура саласында;
Жарнамалық хабарландырулар жасауда;
Компьютерлік графика – білім алудың жаңа бір түрі. Олай дейтініміз, дені сау адам ақпараттың 90 пайызын көру арқылы қабылдайды екен. Адамның шығармашылық – ойлау қабілетінің дамуына, тәжірибелік түсінігін, кеңістіктік қабылдауын, суретшілік стилін, жетілдіруге әсер етеді.
Ресей суретшілер Одағы мүшесі, суретші Максим Викторович Кудерский пікірінше компьютерлік графика – ол өнердің бір түрі. Яғни, өнер туындыларын компьютерлік графика арқылы әрлеу, безендіру қолмен сурет салғаннан да көп еңбекті қажет ететін, қиын жұмыс деп санаған.
Компьютерлік графика көмегімен сызу және бейне, сурет салу екендігі белгілі. Ал компьютерлік анимация – бұл қимылмен байланысты компьютерлік суреттің үйлесуінің кең көрінісі. «Анимация» - «мультипликациямен» тығыз байланысты. Интерактивті компьютерлік графика – бұл да компьютердің суретпен әуеннің қамтамасыз етеді. Бірақ пайдаланушы оперативті түрде суреттегі әуенмен бірге суретке өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады.
Анимацияның дәстүрлі анықтамасы былай сипатталады: анимация – бейнелер жиының құру процесі, уақытқа байланысты объектілердің өзгерісін демонстрациялау және бұл бейнелерді ойнату кезінде олардың жылдамдығының арқасында бір сарынды қозғалыс ретінде көрінетін болады. Тірі қозғалысты фильмдер де осы анықтамаға сай келеді.
Анимацияның тірі қозғалыстан айырмашылығы - бейнені құру процесі. Тірі қозғалыстарда бейнені ұстап қалу үшін камералар қолданылады. Ал дәстүрлі анимация үшін әрбір қозғалысты жеке жеке салуға тура келеді.
Компьютерлік графика мүмкіндіктері анимация арқылы бейнеге жан бітіру қасиетіне ие. Осы негізде менің жұмысымда Paint, Adobe Photoshop бағдарламалары арқылы жасалған қимыл - қозғалысын салып анимация жасауға болады. GIF 1987 жылдан сығындалған бейнелерді сақтау құралы ретінде Интернетте танымал болды. Осы форматта сақталған суреттерде анимация көрсетіледі.
Қарапайым анимация жасау өте қарапайым жүзеге асады. Үш немесе одан да көп кадрлар жасалып, әр кадрда бір қимыл - қозғалыс бейнеленіп отырады. Барлық кадрлар салынып болған кезде бағдарлама арқылы ол суреттерге жан бітіруге кірісуге болады.
Компьютерлік сыныбымызда 11 компьютер бар. Компьютерлік графика пәні сабақ ретінде өткізе бастағынымызға 5 жыл болды. Осы аралықта көптеген балалар осы сабақты үйреніп, қыр - сырына қанық болды. Жеткен жетісіктеріміз де аз емес. Атап айтсақ:
2015 жылы Республикалық компьютерлік графикадан «Сиқырлы қылқалам» тақырыбында өткен коллаждар, фотомонтаждар номинациясында шәкіртім Сауытбаева Балгүл қатысып, 14 - 16 жас аралығында ІІ орынды иеленді.
2015 жылы Республикалық компьютерлік графикадан «Сиқырлы қылқалам» тақырыбында өткен компьютерлік анимация номинациясында шәкіртім Бостанова Мөлдір қатысып, 14 - 16 жас аралығында ІІІ орынды иеленді.
2016 жылы Республикалық компьютерлік графикадан «Әрі ғажайып, әрі оңай» тақырыбында өткен инертернет байқауының сурет номинациясында шәкіртім Рахметова Эля қатысып ІІІ орынды иеленді.
2016 жылы Республикалық компьютерлік графикадан «Әрі ғажайып, әрі оңай» тақырыбында өткен инертернет байқауының сурет номинациясында шәкіртім Курбанова Айгерим қатысып сертификатқа қол жеткізді.
2018 жылы Республикалық компьютерлік графикадан «Қазақстанның жеті кереметі» тақырыбында өткен инертернет байқауыныңда шәкіртім Юнусов Диас қатысып І орынды иеленді.
Балалардың компьютерлік графикаға деген, оның ішінде анимацияға қызығушылығы өте жоғары. Компьютерлік графика арқылы балалардың бейнелеу өнерінің қазіргі заманғы технологиялармен сурет салуына жағдай жасап, олардың өнерге қызығушылығын арттыруға зор мүмкіншілік бар.
Заманауи сурет салу технологияларды үйрену қазіргі заманның негізгі қағидаттарының бірі. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылардың компьютерді меңгеру деңгейі жоғары болуы және басқа елдермен бәсекеге қабілетті болуы қазіргі заманның негізгі шарты.
Компьютермен сурет салу арқылы, компьютерлік графиканың мүмкіндігінің оқушы дүниетанымын дамытып, жоғары деңгейге көтергендігін көруге болады.
Осы аралықта көптеген оқушылар жалпы сурет өнеріне деген қызығушылығы артып, бірнеше оқушы дизайнер мамандығын таңдады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Дик Мак Клеланд Photoshop 6 для WINDOWS. М.: Вильямс, 2001.- 992с
Adobe Photoshop СS: офиц. учебн. курс: М.: ТРИУМФ, 2004.- 576
Никулин Е. А. Компьютерная геометрия и алгоритмы машинной графики. — СПб: БХВ –
Петербург, 2003. — 560 с. — 3000 экз. — ISBN 5 - 94157 - 264 – 6
Компьютер рисует фантастические миры (ч. 2) // Компьютер обретает разум = Artificial
Intelligence Computer Images / под ред. В. Л. Стефанюка. — Москва: Мир, 1990. — 240 с. — 100 000 экз. — ISBN 5 - 03 - 001277 - X (рус.); 7054 0915 5 (англ.)
Дональд Херн, М. Паулин Бейкер Компьютерная графика и стандарт OpenGL = Computer Graphics with OpenGL. — 3 - е изд. — М.: «Вильямс», 2005. — С. 1168. — ISBN 5 - 8459 - 0772 – 1
Эдвард Энджел Интерактивная компьютерная графика. Вводный курс на базе OpenGL = Interactive Computer Graphics. A Top - Down Approach with Open GL. — 2 - е изд. — М.: «Вильямс», 2001. — С. 592. — ISBN 5 - 8459 - 0209 – 6
Сергеев Александр Петрович, Кущенко Сергей Владимирович Основы компьютерной графики. Adobe Photoshop и CorelDRAW - два в одном. Самоучитель. — М.: «Диалектика», 2006. — С. 544. — ISBN 5 - 8459 - 1094 – 3
Кнабе Г. А. Энциклопедия дизайнера печатной продукции. Профессиональная работа.. — К.: «Диалектика», 2005. — С. 736. — 3000 экз. — ISBN 5 - 8459 - 0906 – 6
Компьютерлік графикада анимация жасау
- ramuk_b
- 14 наурыз 2019
- 3839
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Компьютерлік графикада анимация жасау, баяндама, баяндама компьютерлік графикададан
Ұқсас жаңалықтар:
3D-кеңестігінің бағдарына кіріспе. Орнын ауыстыру және өзгерту
Сабақтың мақсаты: Білімділік: 3D модельдеу және анимация. Виртуал, виртуалды өмір ұғымдарына түсінік беру, шығу тарихымен таныстыру. Дамытушылық:...Компьютерлік графиканың түрлері
Сарқан қаласы, Ақын Сара атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Асель Данияровна Адамбекова...Компьютерлік графика
Сабақтың мақсаты: Білімділік: графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары....Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және ...
БҚО, Ақжайық ауданы Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Умирзаков Еркебулан Саматович...Adobe Photoshop ортасындағы компьютерлік графика мүмкіндіктері
Компьютерлік графика – бұл ғылым. 1950 жылы (!) пайда болған компьютерлік графика бір жылдары нақты практикалық қолданылуы жоқ «таза ғылым» ретінде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.