Сайтқа кіру Тіркелу

Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен»

«Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен»
Адам өміріндегі ең бір қызықты да, қуанышты да ұмытылмас белес – оның
үйленіп, жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы - сол жастардың ата - аналары мен ауыл адамдарының ғана тілек - талабы емес, қоғамдық
қажеттілік.

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес. Қандай қоғамдық құрылыста болсын, отбасы мен неке – адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторларының бірі болып келген. «Адам ұрпағымен ғана мың жасайды» - деген халық даналығы осындайдан айтылған - ды. Сөз жоқ, бұл арада дендері сау, жүйкесі бүтін, тек қана өміршең ұрпақтардың жалғасуы жайында айтылып отыратындығы күмән тудырмайды. Дүние жүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар. Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық - экономикалық формациялардың қай - қайсысы болмасын, әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған.

Оны Жер планетасын мекендеген барлық халықтар өз басынан өткізген. Әр отбасы – үлкен бір мемлекеттің құраушы бөлшегі. Егер мемлекеттегі әрбір отбасының жағдайы жақсы болатын болса, онда сол мемлекетте де бәрі жақсы болады, келешегі жарқын болып, ізгі қоғам қалыптасады. Отау құрған жастардың бала тәрбиелеуге аса мән бергені жөн. Себебі, әрбір ұлт азаматының алатын тәрбиесінің қайнар көзі, мінез - құлқының қалыптасуының түп негізі - өзі туып - өскен шаңырағынан бастау алады. Отбасының қоғамдағы рөліне толыққанды баға беруге болмайды, өйткені мұнда негізгі адамгершілік құндылықтар, басқа адамдарға деген көзқарас, дәлірек айтсақ, адамның қоғамдағы өмір сүру қабілеттілігі мен дағдысы қалыптасады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам

Сабақтың мақсаты: Азаматтық қоғам түсінігі, құрылымы, белгілеріне тоқтала отырып, түсінік қалыптастыру....
Отбасылық құндылықтар: Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың жоғалуыны ...

Отбасылық құндылықтар: Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтардың жоғалуыны ...

Отбасылық құндылықтар дегеніміз - бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір...
Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

Балабақша мен отбасы - бұл баланың өмір сүру ортасы

«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» деп, халық қаһарманы Б. Момышұлы айтқандай, еліміздің ертеңгі болашағы жас буынды имандылық пен...
Отбасы құндылығы

Отбасы құндылығы

Қ. А. Яссауи атындағы №123 мектеп - гимназия мұғалімі Жақсылықова Г. Ж....
Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу

Адам және отбасы. Отбасы қатынастарын құқықтық реттеу

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы, №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ералиева Гүлганым...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×