Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Математика тарихы

Қай заманда болмасын математика адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі, айналадағы дүниені танып білуге бастар күре жол, ғылыми - техникалық прогресстің негізгі кілті болып табылатыны бірімізге белгілі.
Математикалық білім əр адамға тəн игілік жəне де ол білімнен сусындауға әрқайсымыздың да құқымыз бар, ал қоғамымыз болса бізге сол мүмкіндікті туғызуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға арналған білім беруді одан əрі дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасы алдағы уақытта білім беру жұмысын жаңа жолға, бүгінгі күннің талабына сай деңгейге көтеруге бағытталып отыр. Соның ішінде,
экономикамызды инновациялық жолға түсіру үшін əсіресе ғылымның жаратылыстану математика саласына ерекше көңіл бөлуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашақты бірге жасайық!» деген Жолдауында білім беруді жаңа деңгейге көтеру мақсатында үлкен - үлкен міндеттер қойылып отыр. Бүгінгі қоғамға - жинақы, күнбе-күн өзгеріп жатқан өмірге ілесіп, туындап жатқан жаңалықтарды уақытында және дұрыс игере алатын, соған байланысты ертеңгі күнді болжап, болашақты бағдарлай алатын жан - жақты білімдар маман қажет. Мұндай деңгейге сөз жоқ, математиканы игерген маман ғана жете
алады.

Қазіргі кездегі Көне Мысыр математикасы туралы зерттеулер негізінен, сол кездегі монахтар жазуы және руни жазуымен жазып қалдырған екі кітапқа сүйенеді: бірі Лондонда (1858 жылы ағылшын жинаушысы Райнд тауып, өз меншігіне алған, сондықтан көбінесе Райнд папирусы (жоғарғы суреттегідей) деп аталады, ол папирус б. з. б. 1700 жылға жатады, бұл Мәскеу папирусына қарағанда үлкенірек). Енді бірі Мәскеуде сақтаулы. «Мәскеу папирусы» деп аталады. (суреттегідей)

Оны 1893 жылы ескі заттарды жинақтап сақтаушы орыс әуесқойы Голенищев сатып алған, ал 1912 жылы ол Мәскеудегі әсемдік өнерлер мұражайына берілген. Папирус — қамыс текті өсімдік. Мысырда, Ніл өзенінің жағалауында өседі. Оның өзегін тілімдеп алып, тілімдерді қатарластыра орналастырады. Олардың үстіне көлденең осындай тілімдердің екінші қабатын салады. Қысқышпен екі қабатты біріктіріп жаныштағанда тілімдерден шығатын желім сияқты шырын қабаттарды тұтастырып қағаз түріне келтіреді.

Папирустар 9 ғ.- дан бастап мүлде қолданылмайтын болған, оның орнына қағаз пайдаланылады.

Қағаз ең алғаш бұдан 2000 жыл бұрын, Қытайда шыққан, оны Қытай тарихнамаларында Чай Лунь деген адам ойлап шығарған деп жазылады.

Қағаз жасауды қытайлардан Орталық Азия халықтары үйренген. 7 ғасыр Самарқандта қағаз өндірісі болған. Осыдан арабтар мұны үйренген, ал олар арқылы Еуропаға тараған.

Көне Мысырдың ертедегі әріптері сурет пішіндес әріптер болған, соңынан ретке келтіріліп демотикалық жазу пайда болған. Осы екі кітаптан басқа да кітаптар теріге, тастарға ойылып жазылған, олар қазір дүниенің түкпір - түкпірінде сақтаулы. Екі кітаптың жазылған уақыттары шамамен б. з. б. 1850 - 1650 жж. сәйкес келеді.

Көне мысырлықтар ертеден ондық санау жүйесін қолдануды білген, бірақ оның әрбір орындағы сандардың жазылу ережесін білмеген, мысалға 111 - ді жазу үшін, 1 - ді үш рет қайталап жазбаған, керісінше әр орындағы 1 - лерді әр түрлі белгілермен бейнелеген. Көне мысырлықтардың негізгі амалы қосу болған, ал көбейту қосудың қайталанып келуі ретінде есептелген. Олар бір айнымалысы бар бірінші дәрежелі теңдеулерді шеше алған, әрі арифметикалық, геометриялық прогрессиялардың қарапайым есептерін шеше алатын болған.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Мұғалімнің құзіреттілігін дамыту - білім берудің сапасын жақсартудың негізі

Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге...
Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де...
Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру білім жүйесін жоғары білікті маман ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "№42 орта мектеп" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманжолова Тана Тастанқызы...
Кітап қайдан шығады?

Кітап қайдан шығады?

Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық селосы, Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Утенова Қалия Ғинаятқызы...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету