Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Тәуелсіздік - ел тірегі

Тақырыбы «Тәуелсіздік - ел тірегі»
Мақсаты Оқушыларға Қазақ елінің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігін, Тәуелсіздіктің23жылдық тарихына түсіндіру. отансүйігіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті.
1 - оқушы Таң атады арайлап,
Күн күлімдеп туады.
Жадырайды бар аймақ,
Жарқырайды шуағы.
2 - оқушы Жарқын заман бөбегі
Аялайды нұрлы таң
Алтын бесік өз елім,
Туған өлкем Ұлы Отан.
Тәуелсіздіктің түп тамыры - Желтоқсан оқиғасына байланысты екеніне ешкімнің дауы жоқ. Десек те 1986 жылдың қайғылы оқиғасы бір күндік немесе бір жылдық наразылықтың көрінісі емес. Қазақстанның Тәуелсіздігі – бұл ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттің дамуы
жетістігі, асқан асуы, еркіндігі. Тәуелсіздік - бұл бүгінгі өмір ғана емес, ол ертеңгі болашағымыз.
3 - оқушы Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына
4 - оқушы Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
5 - оқушы Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш - жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
6 - оқушы Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату - тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсіздіктің 23жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Бүгін біз осы атаулы жылдарға тоқталайық.

1 - оқушы 1991жыл -. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1991 жылдың тамыз айында өзінің КОКП ОК Саяси Бюросы құрамынан шығатынын мәлімдеді. Осы жылдың тамыз айында Семей ядролық полигонында болды. Сынақ аймағынан келген соң парламенттің арнайы сессиясын шақырып, жарты ғасырлық тарихы бар Семей полигонын жабу мәселесін қызу талқыға салды. Алғашқы құпиясыздандырылған мәліметтерде полигондағы жарылыстардың жалпы зарядтық күші, Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2. 5 мың есе қуатты екендігі айтылады. Сессияның соңғы күні, яғни 29 тамыз күні Президент полигонды жабу туралы мәлімдеме жасады.

2 - оқушы 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Қазақстанның Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Сайлауға қатысқан халықтың 98, 78%- ы Н. Ә. Назарбаевқа дауыс берді. «Социалистік» кезеңнің аяқталуы, мемлекет атауын өзгертуді талап етті. 10 желтоқсан күні Қазақ КСР - ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы заң қабылданды. 1991 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика алаңында — Президентті ұлықтау рәсімі өтті.

3 - оқушы 1992 жылғы 20 ақпан – Целиноград қаласы атауының Ақмола деп өзгертілуі, 1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына кіруі, 1992 жылғы 23 мамыр – АҚШ, Қазақстан, Ресей, Украина және Белоруссия мемлекеттерінің КСРО және АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы келісімнің Лиссабон хаттамасына қол қоюы. Хаттама нәтижесінде Қазақстан, Украина және Белоруссия ЯҚТК (Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім) құрамына қосылып, ядролық қаруға иелігі жоқ мемлекеттер қатарына енді.

4 - оқушы 1993 жылғы 13 қаңтар – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы, 1993 жылғы 9 сәуір – «Қорғаныс және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері туралы» Заңының қабылдануы

5 - оқушы 1994 жылғы 15 сәуір – ТМД қатысушылары - мемлекеттері егемендігін, территориялық тұтастығын және шекараларының қол сұғылмаушылығын сақтау туралы Декларация жарияланды.

6 - оқушы 1996 жылғы 31 мамыр – «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері туралы» Заңы қабылданды.

7 - оқушы 1999 жылғы 16 шілде – «Қазақстан Республикасы Кеден қызметі туралы» Заңы қабылданды.

8 - оқушы 2001 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан және Қырғызстан Республикалар арасындағы Қазақстан - Қырғызстан мемлекеттік шекарасы туралы келісім жасалынды.

9 - оқушы 2002 жылғы 10 мамыр – ҚР және ҚХР үкіметтерінің арасындағы Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі хаттамаға қол қойылды.

10 - оқушы 2002 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасы және ҚХР арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім жасалынды. 2002 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы қабылданды.

11 - оқушы 2005 жылғы 18 қаңтар – Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісім жасалынды.

12 - оқушы. 2012 жылғы 27 қаңтар. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады.

13 - оқушы 2013 жылдан бастап «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыру басталды. Онда заңдылықты нығайту, қылмысқа қарсы күресті, терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етуді жетілдіру мәселелеріне ерек¬ше назар аударылады.

14 - оқушы 2014 - 2015 оқу жылында мектеп оқушылары Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400, 28 сәуіріндегі №127 бұйрықтарындағы білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттен 2014 - 2015 оқу жылына 28 млн теңге бөлінген, соның 30 проценті баспаханаларға аударылады.

Қорытынды: Тәуелсіз Қазақстан!
Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Әрқашан да гүлдене бер
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім

Сабақтың мақсаты:: Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын...
Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Бір халық- бір ел- бір тағдыр

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылға арналған халыққа жолдауын талдай отырып, «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының...
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...
Ғасырдың ғажап азаматы –  Нұрсұлтан Назарбаев

Ғасырдың ғажап азаматы – Нұрсұлтан Назарбаев

Ақтөбе обл, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар...
1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президенттің күні

Мақсаты: оқушыларға
тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету