Сайтқа кіру Тіркелу

Шапқан ет массасын дайындау

Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
1. Сабақтың тақырыбы: Шапқан ет массасын дайындау.
2. Сабақтың мақсаттары: Шапқан ет массасын дайындауды үйрету.
3. Өткізетін орны: Кондитер өнімінің технологиясы бөлмесі
4. Сабақты өткізу уақыты 3 сағат
5. Сабақтың өткізілетін күні «10» 04 2015 жыл
6. Сабақтың материалдық - техникалық жабдықталуы: Нұсқау карталары, Слайд 31 - сурет
Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі – оқушыларды журнал бойынша тексеріп, түгендеу, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал - саймандарын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау(сабақты түсіндіру). Шабынды ет массасын дайындау үшін етті сүйектен ажырату кезінде алынған мойын бөлігі, құрсақ көк еті, жиек еттері, кесінді еттер пайдаланылады. Егер шабынды ет массасына II сорттағы ет пайдаланылса, онда оның шырындылығын арттыру және дәмін жақсарту үшін шошқа майын қосады. Тазартылған етті кесектерге турап, шошқа майымен қосып екі тор көзді болса екі рет өткізеді. Алынған массаға су немесе сүт, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырады. Шабылған ет массасы майлы еттен дайындалса, шошқа майы қосылмайды, бірақ ет мөлшерін көбейтеді.
ІІІ. Негізгі бөлім(оқушылардың өз бетімен жұмысы)
а). Сабақтың мақсаты мен мазмұны.
ә). Шапқан ет массасын дайындауды білу.
б). Шабылған ет бифштексін дайындауды білу.
в). Шабылған ет табиғи шницелін дайындауды білу.

IV. Ағымдағы нұсқау(оқушылардың өз бетімен жұмысы кезінде жүргізіледі).
а). Оқушының ой - өрісін қадағалау.
ә). Шапқан ет массасын дайындауды үйрету.
б). Шабылған ет бифштексін дайындауды үйрету.
в). Шабылған ет табиғи шницелін дайындауды үйрету.

V. Ақтық нұсқау(сабақты қорытындылау).
а). Жақсы жақтарын атау.
ә). Түсінбеген сұрақтарын қайта түсіндіру.
б). Қателіктерін көрсетіп өздеріне түзеттіру.
в). Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Аспаздық (оқулық) «Фолиант» баспасы Астана - 2007 Г. Бесімбаева, Е. Бесімбаев.
Тамақ кәсіпорнының маманы «Фолиант» баспасы Астана - 2010 И. М. Самсаев
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×