Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Өнерлі өрге жүзеді сыныптан тыс сайыс сабақ

Сыныптан тыс сайыс сабақ:
Қатысатын сыныптар: 5 - 10сыныптың оқушылары арасында
Сайыстың тақырыбы:«Өнерлі өрге жүзеді»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың іскерлігін, икемділігін нығайту. Эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау.
Түрі: Сайыс сабақ.
Барысы:
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Технология пәні бойынша өтетін «Өнерлі өрге жүзеді» атты сайысымзға қош келдіңіздер. Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Муызка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу)
5, 10 сыныптан құралған «Өнерлілер» тобы
6, 9 сыныптан құралған «Шеберлер» тобы
7, 8 сыныптан құралған «Іскерлер» тобы
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» бұл жерде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды.
4. «Жанкүйерлер жарысы» көрермендермен сайыс
5. «Сал айнытпай болсаң егер суретші» әр топ алдарында тұрған адамды суреттеулері керек. Сурет салу сайысы.
6. «Сен сұлу»
І. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
ІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР!
Білім сайысы
Шарты: Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Егерде сұрақ қойылған топ жауабын білмей, оның жауабын басқа беремін десе сұрақ алушы топтан нар тәуекел сұралады. Нар тәуекел сұраған топ сұрақтың жауабын дұрыс берсе ұпай соларға қосылады. Егер дұрыс жауап бере алмаса ұпайларынан 10 ұпай шегеріледі. Егер сұрақ қойылған топ нар тәуекел бермей өздері дұрыс жауап берсе қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 10 ұпай шегеріледі.
І топқа сұрақтар:
1. Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (Фольклорлық)
2. Бояуларды үлкен неше топқа бөлеміз? (2 топқа. Табиғи және жасанды)
3. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер)
4. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
5. Әртүрлі маталардың қиындыларын жапсырып, мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж)
6. Салат қандай тағам түріне жатады? (Салқын)
7. Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриялық)
8. Бисердің Отаны? (Египет, АҚШ, Канада, Жапония)
ІІ топқа сұрақтар:
1. Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды? Мысалы, сумка, қолшатыр, көзәйнек, қолғап, әмиян т. б. (Акссесуарлар)
2. Қара, көк, жасыл, көкшіл, бояулар қандай түстерге жатады? (Суық түстер)
3. Халат, күрте, жейде, көйлек бұлар қандай киім түрлеріне жатады? (Иық бұйымдары)
4. Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан кім? (Леонарда да Винчи)
5. Стеклярустың бисерден айырмашылығ? (Ол түтікше болып келеді)
6. Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды? (Оймақ)
7. Түйе табан, қос өркеш, ботагөз, сынық мүйіз бұлар қай оюдың түріне жатады? (Жануарлық ою)
8. Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай аталады? (Дизайн)
ІІІ топқа сұрақтар:
1. Стильдің неше түрі бар? (4)
2. Қызыл, сары, қызыл сары, күлгін бояулар қандай түстерге жатады? (Жылы түстер)
3. Тон, ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сыр киімдер)
4. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында тұңғыш тігін машиналар зауыты ашылды. Бұл зауыт қалай аталады? (Зингер)
5. Негізгі неше түс бар? (3 түс. Қызыл, сары, көк)
6. Көбінесе табиғатты суреттейтін суретші кім? (Айвазовский)
7. «Экология» ұғымын алғаш ұсынған неміс биологы кім? (Эрнесть Геккель)
8. Қайнар, жауқазын, жапырақ бұлар қай оюдың түріне жатады? (Өсімдік оюы)
ІІІ. «ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ»
Бұл сайыста ер балалар қыздардың, қыз балалар ер балалардың жұмыстарын орындайды. Қыздар ағаш аралап, рамка жасайды. Қыздарға рамкаға қажетті ағаштар, шеге, балға, ара беріледі. Ұлдар нан жаяды. Ұлдарға иленген даяр қамыр, оқтау, құрғақ ұн беріледі. Уақыт 10 минут
ІҮ. «ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАРЫСЫ»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса ұпайын қалаған тобына бере алады.
1. Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
2. Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3. Юбканың қазақша атауы? (Белдемше)
4. Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
5. Гравюра өнерінде оймалайтын аспапты қалай атайды? (Гравштихель)
6. Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл, сары, көк)
7. Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран, қаймақ, құрт, ірімшік, шұбат, қымыран, қымыз, уыз, қатық, ашыған көже)
8. Қазақ әйелдерінің, әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас кіиім қалай аталады? (Кимешек)
Ү. «САЛ АЙНЫТПАЙ БОЛСАҢ ЕГЕР СУРЕТШІ»
Топтардан екі оқушы шығып алдарында отырған адамға қарай отыра сурет салады. Қажетті заттар А4 қағазы түрлі түсті қарындаштар, қара қарындаш.
ҮІ. «СЕН СҰЛУ»
Топтағы 4 оқушы бірігіп көрермендер арасынан біреуді алып шығып киіндіреді, әрлейді, шашын сәндейді. Дайын болған кездеортада жүріп көрсетеді. Сөйтіп 3 топтың арасынан ең көркем безендірілген ару анықталады. Қай топтың жұмысы жоғары болса сол топқа жоғары ұпай қойылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...

"ХХІ ғасыр озаттары" білім сайысы

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылының жалпы білім беретін Х. Халиуллин атындағы орта мектебінің даярлық тобының жетекшісі Айнамкөз...
Тігін машинасының құрылысы

Тігін машинасының құрылысы

Сабақтың мақсаты: а\оқушыларға тігін машинасының құрылысы, түрлері туралы түсінік беру. ә\оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып...
Бояулар сыры

Бояулар сыры

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі: Бекниязова Мақпал...
Квадрат теңдеулер

Квадрат теңдеулер

№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету