Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілісі
Қазақстан тарихы 8 сынып
Мақсаты: 1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен, халық батыры - Сырым Датұлының өмірі, көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, осы көтерілістің дамуына тигізген ықпалын ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже: А. Тақырып бойынша ойларын толық әрі ашық айтады
В. Белсене қатысқан шайқастарды анықтайды, көтерілістің жеңілуінің негізгі себептері мен салдарларын талқылап қорытындылайды
С. Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуының тарихи маңыздылығын түсінеді, деректерді талқылайды және баға береді.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: Интернет, ресурстар, оқулық мәтіндері, кесте. Карта, тірек – сызба. Слайд, стикер, бағалау парағы, маркер, қосымша әдістемелік құралдар.

Кіріспе
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың құрал жабдықдарын түгендеу
Тренинг. «Шын ниетпен»
Үй тапсырмасын тексеру:

Тұсаукесер
Жаңа тақырып: Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс О. Игельстром
реформалары
электронды оқулық
С. Датұлының суреті беріледі. Слайд. Ой қозғау.
С. Датұлының көтеріліске қатысу себебі?

Негізгі бөлім
Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.
Мәтінді оқушыларға оқыта отырып талдатамын.
«Жигсо» әдісі
1 - топ. С. Датұлы мен Е. Пугачев көтерілісінің салыстырмалы сипаты.
“Венн диаграммасы”
2 - топ. “Картамен жұмыс ”
3 - топ. «1783 - 1787 ж. С. Датұлы бастаған көтеріліс»
4 - топ «Жылдармен жұмыс»

Сергіту сәті
Тәуелсіздік толғауы

Қорытынды
Тест жауабы
1. Сырым көтерілісі неше жылға созылды?
а) 10 в) 20 с) 15 д ) 14 е) 18
2. Сырым батыр көтерілісшілерінің барлық санын қанша деп көрсетуге болады?
а ) 5800 в) 3500 с) 2700 д) 5500 е) 5400
3. Отто Игельстром қандай қызмет атқарды?
а) Түркістан өлкесінің губернаторы в ) Орынбор өлкесінің губернаторы
с) Жетісу губернаторы д) жазалаушы топтың басшысы е) шекаралық сот басшысы
4. Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды
а) 1795ж в) 1779ж с) 1775ж д ) 1778ж е) 1776 ж
5. 1797 ж 17 наурызда С. Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады
а) казак әскеріне в ) хан сарайына с) әскери бекініске д) жазалаушы топқа е) Орал шекара шебіне
6. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді.
а) хандық кеңес в) аға сұлтанға с ) шекаралық сотқа д) старшындар тобына е) расправаларға
7. С. Датұлы хандықты құртып, жоғары әкімшілік басқаруды кімдерге беруді көздеді?
а) халық сотына в) сұлтандарға с) старшындарға д) губернаторға е ) билерге
8. Орынборда Шекаралық комиссия қашан құрылды?
а) 1788ж в) 1787ж с) 1783ж д) 1789ж е ) 1786 ж
9. Датұлы көтерілісінің негізгі ошағы
а) Жайық шебі в ) Сағыз өзені ауданы с) Ор бекінісі д) Елек қалашығы е) Орынбор бекінісі
10. 1785 ж көктемінен кейін көтерілісшілердің басты мақсаттарының бірі
а) патша үкіметіне қарсы в ) Нұралыны тақтан тайдыру
с) ханды өлтіру д) көтерілісті тоқтату е) келісімге келу

Бағалау
Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын.

Үй тапсырмасы
Сырым Датұлының шешендік өнері туралы мәлімет жинап, эссе жазу

Атырау облысы, Жылыой ауданы, №3 мектеп
Тарих пәні мұғалімі: Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы...
1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі

1837-1847 жылдардағы К. Қасымұлының көтерілісі

Мақсаты: 1. К. Қасымұлы көтерілісін саралап, ол отарлық езгіге қарсы ең ірі көтеріліс екенін айқындап, тарихи маңызына сипаттама бере отырып, оның...
Сырым Датұлы бастаған көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған көтерілісі

СҚО, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Мұқыр ауылы Жеңіс негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Құлмағанбетов Елеусіз Елтайұлы...
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы, Жаңабұлақ ОЖББМ тарих пәні мұғалімі Молдашев Сансызбай Пауетденұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету