Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
(тарихи кеш)
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар! Тәуелсіздік мерекесі келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз! «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Біз - қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен,
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен,
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен өткен.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш араласа қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы өткен.
Біз - қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.
Қай халықтың даең ұлі мұраты, ең ізгі арманы - елболу, тәуелсіздік туын биік ұсьау, азат ғұмыр кешу. Ата - бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн - қасиетті Тәуелсіздік күні.
Жалғанның жартысындай қазақ елі
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дарқан көңіл халқымыз бар
Болғанда бірі батыр, бірі сері,
Өз бабам азаттықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой - арманы
Таңы боп тәуелсіздк бізге жеткен.
Ж. Молдағалиев «Мен қазақпын»

Ел мерейін асырды, егемен ел нұрландырды ғасырды
Олай болса жылдарға кезек беріп сөйлетейік
1991 жыл 1 желтоқсан - ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991жыл 10 желтоқсан – ҚазақКСР - нің Қазақстан Республикасы болып аталуы.
1991 жыл 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік туралы Заңының қабылдануы.
1992 жыл 2 наурыз - ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
1992 жыл 7 мамыр - ҚР Қорғаныс министрі құрылды.
1992 жыл 4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1992 жыл 2 қазан - тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл 15 қараша - Ұлттық валюта - Теңгенің айналысқа енгізілуі.
1993 жыл - Рухани келісім жылы.
1994 жыл – Халықаралық жанұялар жылы.
1995 жыл – Абай жылы (150 жылдығы)
1995 жыл 28 қаңтар - ҚР - ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 жыл - Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент тұрақты жұмыс істейді.
1997 жыл - Саяси қуғын - сүргін құрбандарының жылы.
- «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бекітілді.
- ҚР - ның астанасы Алматы қаласынан Астанаға көшірілді.
1998 жыл 10 маусым - Астананың халықаралық тұсаукесері.
1998 жыл - Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы.
1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл - Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
2002 жыл - Денсаулық сақтау жылы.
2003 - 2005 ж. ж. - Ауылды дамыту жылдары.
2006 жылы – Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы.
2007 жыл - Қазақстандағы Германия жылы.
2008 - Украинадағы Қазақстан жылы.
- Астананың 10 жылдығы тойланды.
2009 - Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді.
2010 жыл - Қазақстан ЕҚҮҰ - ға төрағалық етті.
2011 жыл - Қазақстанда ҮІІ Қысқы Азия ойындары өтті.
2012 Жылы 1 желтоқсан Тұңғыш ПРезидент күнін тойладыү
Ән:
Келесі кезекте оқушылардың баяндамасына кезек берейік.

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»атты кешімізді аяқтаймыз. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету