Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Елім менің – еңселі!

Елім менің – еңселі!
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік – қырансың, қалықтаған.
Алты алаштың көгінде шарықтаған.
Көптен күткен халқымның сәбиісің,
Әлдилеген құшақта алып далам.
Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,
Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.

2 - жүргізуші: Айқара ашқан тұманды ел түндігін,
Азаттықпен арайлы көгін бүгін.
Ынтымағы жарасқан әз халқыммен
Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!
Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім! 1 - 2 - жүргізуші

1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл мерекесіне арналған мектеп жанындағы жатақхана оқушыларымен ұйымдастырылған «Елім менің – еңселі!» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.

1 - жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ - нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып жүрген ата - бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуісіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды.

2 - жүргізуші: Еліміздің еркіндік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

1 - жүргізуші: Тәуелсіздік шежіресі!
1991 жылы 16 желтоқсан – Еліміз Тәуелсіздігін алды.

2 - жүргізуші: 1992 жылы Мемлекеттік рәміздер қабылданды.

1 - жүргізуші: 1993 жылы Ұлттық валюта енгізілді.

2 - жүргізуші: 1994 жылы Мемлекетіміздің тұңғыш ордендері дүниеге келді. Т. Мұсабаев «Саюз - ТМ6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

1 - жүргізуші: 1995 жылы Конституция қабылданды.

2 - жүргізуші: 1996 жылы Қазақстан комиссиясының І комиссиясы болып өтті.

1 - жүргізуші: 1997 жылы «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп аталды.

2 - жүргізуші: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы санмен көркейіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1 - жүргізуші: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев болды.

2 - жүргізуші: 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

1 - жүргізуші: 2001 жылы Астана әлем қаласы болды.

2 - жүргізуші: 2002 жылы Еліміздің кіндігі Елорда да Астана – Бәйтерек монументі салынды.

1 - жүргізуші: 2003 жылы «Ауыл жылы» деп аталды.

2 - жүргізуші: 2004 жылы «Қазақстан - Ресей» жылы деп аталды. ҚР Тұңғыш Президентінің музейі ашылды.

1 - жүргізуші: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» тойланды.

2 - жүргізуші: 2006 жылы Елордамызда Пирамида үлгісіндегі «Бейбітшілік пен келісім» сарайы ашылды.

1 - жүргізуші: 2007 жылы «Қазақ тілін қолдау жылы» деп аталды.

2 - жүргізуші: 2008 жылы Елордамызда «Қазақ елі!» монументінің салтанатты ашылуы болды.

1 - жүргізуші: 2009 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру» жылы болды.

2 - жүргізуші: 2010 жылы Қазақстан Еуропа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етті.

1 - жүргізуші: 2011 жылы кезектен тыс президент сайлауы болды. Нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев сайлаушылардың 99, 5% дауысын жинады.

2 - жүргізуші: 2012 жылы ЕХРО - 2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алды.

1 - жүргізуші: 2013 жылы «Әділет» пен «Руханият» партиясы бірігіп «Бірлік» партиясы атанды.

2 - жүргізуші: 2014 жылы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдау бұл жылдың басты құндылығына айналды.

1 - жүргізуші: 2015 жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.

2 - жүргізуші: 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерей тойын тойлап отырмыз.

Алдарыңызда шағын көрініс. Қабыл алыңыздар!

2 - жүргізуші: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 өткеліктерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету