Сайтқа кіру Тіркелу

Отан - ана бесігім

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З. Мырзагалиева


Тақырып: Отан – ана бесігім (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ержүрек, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, гүлдер, слайд, роликтер.
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім:
Әнұран орындау
Мұғалім: - Саламатсыздар ма оқушылар! Бүгін “Отан - ана бесігім” тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын М. Мақатаевтың қанатты сөздерімен бастаймыз. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ержүрек, адал, батыл болуға, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу мақсатында өткізіп отырған
6 «А» сынып оқушыларының тәрбиелік іс - шарасына қош келдіңіздер, ұстаздар!
(1. Слайд.”Қазақстан”)
1 - жүргізуші: “Туған жер - алтын бесік” “Отан - отбасынан басталады” “Отан - оттан да ыстық” дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ал тәуелсіз болса мақтаныш алауын маздатады
2 - жүргізуші: Біздің туған Отанымыз, Атамекеніміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы біздің ақ бесігіміз. Сондықтанда біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз
1 - жүргізуші: Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында еліміз, Отанымыз қарыштап дамып келеді. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, халқымыздың тарихы да қайта жаңғыртылуда. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылы үлкен мерекелік іс - шаралардың бар екенін атап өткен болатын. Олар – қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 жылдық мерейтойлары.
2 - жүргізуші: Отан - тарих. Отан - тіл
Жасаған елің, өз халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын
- Отанымыздың бүгінгі нұрлы күні, бейбіт өмірі кешегі бабаларымыздың ерлігі, салихалы, сарабдал, сара жолы деп білеміз.(Көрініс: 1465ж қазақ хандығының құрылуы)
/Сахна ашылады. Сахна төрінде Керей мен Жәнібек сұлтандар әңгімелесіп отырады. Кенет сахнаға түрлері шаршаңқы 3 - 4 қазақ азаматтары кіріп келеді/
1 - қазақ: - Сәлем бердік, сұлтан ағалар!
/Олар Керей мен Жәнібектің алдында бастарын иіп, тізелерін бүгіп отырады/
2 - қазақ: - Уа, халқының ардақты сұлтандары Керей мен Жәнібек! Сіздерге ел ішінен айтар уәжімізді ала келдік. Соны жеткізуге рұқсат берсеңіздер!
Керей мен Жәнібек: - Рұқсат, рұқсат! Датыңды айта бер!
3 - қазақ: - Мына Дешті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр халықты әбден титықтатып бітті.
4 - қазақ: - Халықтан алынатын алым - салықты да көбейтті.
1 - қазақ: - Ағайынның арасы алауызданып барады.
2 - қазақ: - Оның үстіне Әбілхайыр хан кешегі күні ойраттардан жеңіліс тапты. Енді халықтың күні не болар екен? Ел болып есімізді жимасақ, бір жағынан Дешті қыпшақ хандығы, екінші жағынан ойраттар берекемізді кетірер. Сіздер бұған не дейсіздер?
Керей: - Иә, елдің жағдайы бізге белгілі. Мына Жәнібек екеуміз соны ойласып отыр едік. Дешті Қыпшақ хандығы сұлтандарға да күн берер емес.
Жәнібек: - Елдің басын біріктіріп, оның ертеңін ойлайтын кез келді. Егер сіз бастасаңыз, бізді 200 мыңдай халық қолдар еді.
Керей: - Олай болса, Дешті Қыпшақтан зәрезап болған осы халықтың қолдауына сүйеніп, қазақ тайпаларының отауын бөлек тігейік! Қазақ хандығы құрылсын! Ел болып ақылдасайық! Еріңдер соңымнан! /Олар ақырын сахнадан шығып кетеді/
1 - жүргізуші: - Міне, осылай осыдан 550 жыл бұрын, яғни 1465 жылы осы Керей мен Жәнібек хандар 200 мыңдай адамы бар қазақ тайпаларының басын біріктіріп, Шу бойында алғаш рет Қазақ хандығын құрған еді. Осы күннен бастап қазақтың мемлекеттілігі басталады.
Содан бергі уақытта ұлтымыздың тарихында қаншама ел басқарған даналарымыз бен ел қорғаған батырларымыз өткен. Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батырлар, Исатай, Махамбет сияқты ерлеріміздің есімдері тарихта қалды. Одан беріде Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов сияқты алаштың арыстары өз ұлты үшін жан аянбай еңбек етті. Осындай ұлтымыздың қаймақтары арқасында халықтың жағдайы жақсарып, елдің қауіпсіздігі де нығая түскен.
2 - жүргізуші: - Иә, Елім деп еңіреген, Отан үшін, туған жер үшін төсін оққа ұстаған, Отанын қорғап қалған “Отан үшін отқа түс, күймейсің” деп ұрандатқан батыр бабаларымыз қаншама!
Еліміздің тарихы өте тереңде жатқаны бәрімізге белгілі. Олай болса, осы еліміздің ұзақ тарихы талай тар жол, тайғақ кешуді басынан өткізді. Солардың бірі – 1941 - 1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы еді...
Көрініс. «21 маусым, 1941 жыл».
Бейбіт өмір.(Ауыл өмірі. «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады.
/Сахна ашылады/
Сахнада 10 шақты ауыл жастары қыдырыстап жүр)
1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
(Оқушы) Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
2 - қыз: - Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық - ай енді қайттік? Күніміз не болар екен?
3 - қыз: - Қойыңдар, жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?
2 - жігіт:
- Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тыйыңдар!

Бәрі: - Отан үшін аттанайық!
1 - жігіт:
- Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
2 - жүргізуші: - Биылғы 2015 жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Осы орайда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қандай сый - сияпат көрсетсек те жарасады.
1 - жүргізуші: - Олар жалынды жастық шағын майданда өткізді.
2 - жүргізуші: - Олар көкірегін оққа тосып өз Отанын жаудан қорғады.
1 - жүргізуші: - Олар Отанының азаттығы үшін жандарын қиды.
2 - жүргізуші: - Олар болашақ ұрпақтары үшін жанқиярлықпен шайқасты.
1 - жүргізуші: - Олай болса, мұндай сұрапыл соғыс енді қайталанбасын! Еліміздің көгінде аспан түстес көк туымыз желбіреп, қырандарымыз көкте самғай берсін деп тілейік! Бізге осындай шуақты, қайғысыз - мұңсыз күндерді сыйлаған жалынды жастар бейнесі, Желтоқсан жаңғырығы
(Көрініс: “Қайрат бейнесі”)
2 - жүргізуші: Мәңгілік елдің
1 - жүргізуші: Мәңгілік жастары
Екеуі бірге: Мәңгі ұмытпайды.
1 - жүргізуші: - Құрметті көрермендер! Ертеңіміз жақсы болуы үшін біз білімді де, зерек болып өсуіміз қажет.
2 - жүргізуші: Еліміздің ертеңі, болашағы - біздің қолымызда. Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық. Осы орайда балалар не дер екен?...(Отан туралы тақпақтар)
Ендеше Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
1 жүргізуші: Ел болдың ерік алдың астаналы,
Енді кімнен қазағым, жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

2 - жүргізуші: Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына,
Елбасы мен Отанымыз аман болса,
Айналар Орта Азия «Барысына»

1 - жүргізуші: Барыс – биік тауларды мекендейтін, өзінің балалығымен, тектілігімен, мәрттілігімен бағаланған аң.
Елбасымыз барыс атауын текке қолданбаса керек.
2 - жүргізуші: Елбасының жолдауы – егемендіктің кілтін ұстап, жастардың жарқын болашағына апарар алтын көпір.
1 - оқушы: Біз намыскер - қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп
Абай атамыз айтқан ұланымыз.
2 - оқушы: Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
(Слайд. “жылдар сөйлейді)
1 - жүргізуші(Слайд: “АТАМЕКЕН”әні. хор)
3 - оқушы: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Ұзақ болсын гүлденген бұл ғұмырың,
Тәуелсіздік құтты болсын айбыным!
4 - оқушы: Қарлы боран қыран жолын богер ме?!
Өнеріммен тасып толам кемерге.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.
5 - оқушы: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ жері өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.
6 - оқушы: Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім,
Азап жүгін ел жауын қуған ері.
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері.
7 - оқушы: Қазақ жері – қонақжай төрлер жері,
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі.
Елі кедей болмаған, жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай шерлер елі.
8 - оқушы: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.
Кеше ғана керексіз ғып тастаған,
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы.
9 - оқушы: Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те.
Гүл боп қадал, ойына, қырына да!
10 - оқушы: Байтақ дала – жерім менің,
Арта берсін кенің сенің!
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
Мұғалім:- Жақсы, - Міне, балалар бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктеріңді көрсете білдіндер.. Балалар, біздің туған жеріміз, жасап жатқан жеріміз қалай аталады?
(Балалар)- Бейнеу
Бейнеу - біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осында өмір сүріп жатырмыз. Ал, Бейнеу жайлы не білеміз?
1. оқушы (Бейнеу жайлы)
Ендеше, бүгінгі Бейнеу жайлы біздің білетініміз (Слайд.”Берекелі Бейнеу)
1 - жүргізуші: - Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын! Ал, енді, болашақта кім боласыңдар?
/Топ ішінен оқушылар жеке - жеке дауыстап айтады/
- Мен өскенде мұғалім боламын! Осы арқылы Отанымыздың болашақ азаматтарын тәрбиелегім келеді.
- Мен өскенде дәрігер боламын! Халқымыздың денсаулығына жәрдем бергім келеді.
- Мен өскенде заңгер боламын! Отанымыздың заң саласына өз үлесімді қосқым келеді.
- Мен өскенде құрылысшы боламын! Үлкен де, сәулетті үйлер тұрғызғым келеді.
- Мен өскенде қаржыгер боламын! Осы арқылы Отанымның жағдайын жақсартсам деймін.
- Мен өскенде басшы боламын! Өйткені Отанымыздағы тыныштық пен татулықтың баянды болуын қалаймын.
2 - жүргізуші: - Міне, көрдіңіздер ме, балаларымыздың армандары да асқақ.
Құрметті көрермендер! Бізге бөлінген уақыт та аяқталуға жақын қалды. Егеменді еліміздің болашағы, армандары асқар таудай – сіз бен біздің балаларымыздың өнерін тамашалауға келген сіздерге, көп рахмет!
«Өз елім» әні
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен - Қазақстанның болашағымын!

Мен - Қазақстанның болашағымын!

Мақсаты: Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ержүрек, адал, батыл болуға тәрбиелеу....
Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ақсу № 2 орта мектеп Мырзабекова Ұлмекен Тайыровна...
«Қазақ елім- Отаным»

«Қазақ елім- Отаным»

Таңғажайып атыңда дәл табылды, Табылды да талай жұртқа танылды. Туған елім көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі....
«Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс-шара

«Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс-шара

Бірінші Перезидент күніне арналған «Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс - шара. Мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу....
Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз

Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерменова Алмагул Мұқатаевна Тақырыбы: Біз – Тәуелсіз Қазақстан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×