Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мейірімді жүрек

«Мейірімді жүрек»

Ұлы ақын Абай атамыздың он төртінші қара сөзінде: «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі.» - делінген. Демек әр адам өз бойындағы рухани – адамгершілік қасиетін жүрекпен сезіне отырып дамыта алады.
Адам өмірде болашақта не күтіп тұрғанын білмейді, себебі өмір түрлі жағдаяттар дайындап отырады. Бұл – өмір. Біреулер өз өміріне көңілі толмай жатады, ал біреулер сол тәтті өмірдің түрлі – түсті қызықты сәттерін көре алмай жатады. Себебі оның туғаннан көзі көрмейді. Ол адамның жан – дүниесін мүмкін дені сау, көзі көретін адам жете түсіне бермейтін шығар, бірақ әр адамның мейірімді жүрегі бар оны сезе алатын.
Біз ұлтымыздың зияткер ұрпағын тәрбиелей отырып, баланың бойындағы адамгершілік, мейірім сезімін қаншалықты дамыта аламыз? Осы сұраққа жауап іздей отырып осы «Мейірімді жүрек» жобасын қолға алдық.
Бұл жобаның маңыздылығы - қазіргі қоғамда болып жатырған түрлі жағдайлардан тыс қалмай, басқа да адамдарға біздің көңіліміздің бөлінуі, қуаныш сыйлайтынын сезіну. Әсіресе, адамгершілік, жанашырлық, бауырмалдық сезімдерді бала кезінен бойына дарыту болып табылады. Жанымызда жүрген қаншама көру қабілеті бұзылған, зағип бүлдіршіндердің жағдайы мен болашағына, олардың білім алуына, балалық шақты сезіне алуына көз жұма қарай алмаймыз.
Жобаның мақсаты:
Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып, болашақта елін сүйетін, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға өз үлесін қоса алатын, жан – жақты азамат тәрбиелеу;
Қызығушылықтары арқылы шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, баланың бойындағы дарындылық қабілетін ашу;
Қолынан келетін көмекті көрсету, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін баланың бойына сіңіру.
Міндеттері:
Зағип және нашар көретін балалармен танысып, өзара достық қарым – қатынас орнату;
Балалардың қоғамда өзін еркін сезінуіне жағдай жасау, өмірде өз орнын табуға жол ашу, бағыттау, көмек қолын созу;
Балаларға арналған арнаулы кітаптарды жасауға көмектесе отырып, кітапхана қорын көбейтуге ат салысу.
Жобаға қатысушылар: Орал қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының оқушылары.
Міндетті топ: Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының оқырмандары, Облыстық көру қабілеті бұзылған және нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектеп – интернаты оқушылары.
Жоба ұйымдастырылған акциялар арқылы жүзеге асырылып отырады.
I. "Ерекше балаға ерекше кітап" акциясы
Балаларға арналған тактильді кітапты жасауға көмектесу. Қазақ әліпбиінің тактильді кітап түрінде жасап шығару. Әр әріпті ұлттық нақышта белгілеп, ұшқыр ойларынан құралған суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар жасау арқылы кітапты безендіру. Біздің көріп жүрген әр дүниемізді бүлдіршін балалар қолымен, жан – дүниесімен сезіне алуына қол жеткізу.
II. "Балаларға қуаныш сыйлайық!" акциясы
Арнаулы мектеп – интернатында жатып оқитын төменгі сынып оқушыларына арналған түрлі ойыншықтар жинау. Бұл акция оқушылардың бастамасы. Плакаттарға сурет салынып, хабарлама ілінеді. Ойыншықтар салатын әдемі қорап дайындалады. Барлық ұстаздар, оқушылар мен қызметкерлерді белсене қатысуға шақырылады. Жиналған ойыншықтар балаларға табысталады.
III. "Достық шеңбері" акциясы
Түрлі мерекелік шараларды, концерттік бағдарламаларды, туған күн кештерін бірігіп өткізу арқылы достық қарым – қатынас орнату.
Жобаға қатысушы балалардың бойындағы адамгершілік рухани қасиетін дамыту;
Балалардың жауапкершілік, жанашырлық, мейірімділік сезімдерін әрі қарай байыта түсу;
Әлеуметтік қолдау қажет ететін адамдарға көмектесе білу.
Міне, осындай шаралар арқылы кішкене болса да баланың жүрегіне өмірде басқа да қоғам иелерінің жағдайы, олардың тағдыры алаңдатпай қоймайтынын жеткізе алдық деп ойлаймыз.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,
Орал қаласындағы физика – математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана тәрбиешісі
Ботакөз Нұрболатқызы Султангалиева

Презентациясын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңыздылығы

Қазіргі таңда адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің...
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай – балабақшасының әдіскері Имангалиева Айгул Лукпановна...
Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік – асыл қасиет

М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі, Даярлық сыныбының тәрбиешісі Өтегенова Әйгерім Жаналықызы...
Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Муздакова Армангуль Жараскановна...
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету