Сайтқа кіру Тіркелу

Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні

Тақырыбы: Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып ата - дәстүрін танып білуге, ардақтауға құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу;
Имандылық пен адамгершілікке, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: дөңгелек үстел басындағы ой бөлісу.
Әдіс тәсілі: сауалнама жүргізу.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық бұйымдарына арналған презентация, бейне роликтер салт - дәстүрге арналған.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, Бүгінгі «Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде» атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Дөңгелек үстелімізді қазақтың әні «Қазағымның дәстүрлері» атты әнмен ашсақ деп отырмын.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие үрдісінде ғана адам рухани жетіледі. Жасөспірімдерді жан - жақты қабілетті, әдепті азамат етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің, тыйым сөздердің тәлім - тәрбиелік, білім - танымдық рөлі орасан зор. Ұлттық тәрбие салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды сақтап, мейірімді парасатты болуға, адамгершілікке, имандылыққа баулиды. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата - бабаларымыздың салт - дәстүрлері, даналық сөздері және әдеп ережелері сан ғасыр бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, ар - ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Міне, осының бәрін ой таразысына сала отырып келесі кезегімізді оқушыларға берсек.
Бесік тойы.
Саулнама:
Бесікке салу рәсіміне кімдер жиналған?
Ертеде қазақтар баланы бесікке салғанда бесіктің үстін немен жауып қойған?
Бесікке салған адамға үй иесі өзінің ризашылығын қалай білдірген?
Баланы бесікке салу тойы да барынша салтанатты түрде өткен. Бесікке салу рәсіміне ауыл әйелдері, балалар, көрші - көлем, дос - жарандар жиналды. Арнаулы ас пісіріліп, бесікке шашу шашылады.
Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйел салмайды. Бұған да ел жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық. Ол әйел нәрестеге арнап иткөйлек тігіп әкеледі. Иткөйлектің жағасы болмайды. Жеңдері өңірмен тұтас қиылып алынады.
Тігісі екі жақ бүйірінде ғана болады. Көйлектің тігісі нәрестенің денесіне батпас үшін сыртынан жөрмеп қана тігеді.
Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оған дейін бала жөргекте болады. Бесікке салған күні қарын шашы алынып, оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына «Сенің атын пәлен» деп молда айғайлап айтады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бесікке салу жоралғысы

Бесікке салу жоралғысы

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...
Бесікке салу дәстүрі

Бесікке салу дәстүрі

"Бесікке салу" ежелден келе жатқан қазақтың көне дәстүрі. Ол қалай жүргізіледі, кімдер қатысады, не қойылады, осы жайлы толығырақ оқыңыз....
Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу

Мақсаты: Балаларды өз елінің дәстүрі және өмірімен таныстыру. Балаларды өз елінің салт - дәстүрін білуге құштарландыру, сұрақтарға толық жауап беруге...
Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы

Бесік - өмірге келген сәбидің ақ отауы

Орындаушы: №21 орта мектебінің 2“А” сынып оқушысы Алшынбай Абылайхан Әділханұлы Ғылыми жетекшісі: № 21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі...
Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)

Жастар тәрбиесі – қазақы салт - дәстүрде (дөңгелек үстел)

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Тана мырза орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ожанова Жанар Ахметбекқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×