Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»

Мақсаты:
1) дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;
2) аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету;
3) мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
4) анаға, қыз балаларға құрмет көрсету, сыйлай білу мәдениетін қалыптастыру

Көрнекілігі: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар, аналардың портреттері, слайд.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, ару қыздар, көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелерінің құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілейміз! Осы мерекеге орай 8 - сынып оқушыларының «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік іс - шарасын қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Ана. Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөздерінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың өзі де Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама...
2 - жүргізуші: Балаға анадан артық, анадан қымбат ештеңе жоқ. Сондықтанда халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні - түні, өмір - өмір бойы перзентінің тілегін тілейді. Керек десең жанын беруге әзір тұрады. Не деген құдіретті мейірім десеңші...

Ендеше қымбатты аналарға арнап
1 - оқушы: « Мама» әні
1 - жүргізуші: Ана, Ана, Ана,.. Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?! Дүниеге келіп, көзіңді ашып көретінің - Ана.

Орасақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл - қызға

2 - оқушы: «Анаға сәлем» әні

2 - жүргізуші: Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, үлпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға Анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек.

3 - оқушы: «Ерке сылқым» күйі
4 - оқушы: «Анама» өлеңі

1 - жүргізуші:»Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстаздарымыз жылдар бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек етуге, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтанда ұстаз аналар сіздерге мың алғыс айтып басымызды иіп, мерекелік сәлем жолдаймыз, қабыл алыңыздар.

5 - оқушы: «Ұстазым» әні
6 - оқушы: «Қазақ биі»
7 - оқушы: «Шеше сен бақыттысың» өлеңі
2 - жүргізуші: Иә, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана - барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш. Ана – барлығын жеңетін тіршіліктің бұлағы. Ана – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірман адам.

8 - оқушы: «Ана» әні
Аудандық жарыстың жүлдегерлері «Ұлағат ұландары» квн командасының әзіл - сықақ көрінісі
9 - оқушы: «Сәби ана» өлеңі
1 - жүргізуші: Ана менің – жасыл бағым жайнаған,
Біз бағында асыр салып ойнаған
Пәк жүрекпен жыр жазады перзенттің
Бар бақытты бір өзіңе сыйлаған.
10 - оқушы: «Ана туралы жыр» әні
11 - оқушы: «Адай» биі
2 - жүргізуші:
Әже дейміз бәрімізде аңқылдап,
Әже дейді жас сәбиде жарқылдап,
Әже деген - бәйтерегі өмірдің,
Әже деген - алтын қазық, алтын бақ,
Немере үшін ең мейрімді жан - әже.
Ендеше Әжелер мерекелік ән - шашуымызды қабыл алыңыздар!
12 - оқушы: «Асыл әжем» әні
1 - жүргізуші: Ана сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
2 - жүргізуші: Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!
1 - жүргізуші: Бүгінгі біздің «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз! Аналарымызға, ұстаздарымызға мерекелік сыйлықтарымызды ұсынамыз.
2 - жүргізуші: Алтын уақыттарыңызды бөліп, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету