Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Таза болса деніміз

Тақырыбы: «Таза болса деніміз
Сұлу болып өсеміз»
Мақсаты:
1. Оқушылардың тазалық, денсаулық туралы түсінігін кеңейту, өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, плакатқа салынған сурет, мақалдар жазылған плакат, суреттер, үлестірме парақшалар.
Түрі: сайыс сабақ
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Тазалық»
1. Көзің ауырса қолыңды.......
2.... қайда, сұлулық сонда.
3. Денсаулық -... байлық.
4 Бірінші... – денсаулық
5.... адам – кіршіл
6. Ыдыс таза болса,... дәмді.
7.... түбі – дерт.
3. Мағынаны тану
Топпен жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы
І топқа: Тазалық, денсаулық туралы мақал - мәтелдер
ІІ топқа: Тазалық туралы өлеңдер оқу
Кубизм
Суреттеңіз
1 - көрініс. Сағат шырылдайды. Болат орнынан тұрады. Терезені ашады. Жаттығу жасайды. Жақсылап беті, қолын жуады. Мектепке келеді. Сабаққа белсенді қатысады.
2 - көрініс. Сағат шырылдайды. Самат сағаттың қоңырауын басып қойып, ерініп кеш тұрады. Беті қолын шала жуып, мектепке асығады. Сыныпта отырып ұйықтап қалады.
Салыстыр.
Болат Самат
Бұл бала Бұл бала
Қай бала Қай бала
Пай - пай Бай - бай
Тап - таза Бет ауыз
Ақ қаздай Кір айғыз
Киімі Бес батпан
Мұнтаздай Мойыны
Жарайсың Күс қатқан
Балақай Аяқ - қол
Дейміз біз Жарылған
Мадақтай Батпаққа
Пай, пай! Малынған
Киімі
Кір сатпақ
Осы ғой
Нақ салақ.
Зерттеңіз.
Тазалық туралы мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіру.
1) Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
2) Тәні сау тасты да шайнар
3) Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың.
4) Ыдыс таза болса, асы дәмді.
5) Саулық қайда, сұлулық сонда.
6) Монша тәнді сауықтырады.
Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Қолданыңыз
«Кірқоймастың» үлкен суреті.
Суреттегі сабын, тіс пастасы, щеткасы, сүлгі не үшін керек, қайда қолданады. Сол туралы айту.
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?
Жұмбақ жасыру.
Ертемен күнде сен Шомылған соң баланы
Қолыңды сүйкесең Аймалап алады.
Кетіп кір, ласың Сүртеді қолын да,
Тап - таза боласың! Сүртеді жонын да.
Бұл не? Бұл не?
(сабын) (сүлгі)
Аузы жоқ, көзі жоқ Иілсең иіліп,
Тілі жоқ, сөзі жоқ Түйілсең түйіліп.
Бірақта тісі бар Қарайды ол кісіге
Басыңмен ісі бар. Сүйсіне ұқыпты ісіне.
Бұл не? Бұл не?
(тарақ) (айна)
Оқушыларға жұмбақтың шешімдерін суреттер көрсету арқылы не білетіндерін сұрау.
Тазалық жоқ жерде жұқпалы аурулардың да тез тарайтыны белгілі, сендер тазалық сақтаудың денсаулыққа қаншалықты пайдасы зор екендігін ұғынған боларсыңдар.
Талқылаңыз.
Ой толғаныс
Еркін жауап
1. Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Оқушыларға перфакарта үлестіріп бүгінгі сабақ жөнінде алған түсініктерін жинақтап, қортындылау.
Тазалық – денсаулық кепілі. Адам өз денсаулығын күтпесе, оған ешқандай дәрігер де, дәрі де көмектесе алмайды. Тамақты уақытылы ішіп, денешынықтыру жаттығуларын жасап тұру керек. Сонда ғана еркін, денсаулығы мықты, елінің мұраттарын іске асыратын салауатты азамат болып шығасыңдар.
Хор: «Таза жүрем әрдайым»

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы
Хамидолла Наубетов атындағы орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Тазалық - денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі

Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...
Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері

Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигиеналарын сақтауға дағдыландыру. Денсаулық - басты байлық екенін ұғындыру....
Денсаулық - зор байлық

Денсаулық - зор байлық

Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...
Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Ақтөбе облысы. Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы...
Тәні саудың, жаны сау

Тәні саудың, жаны сау

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тәні саудың, жаны сау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету