Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Ынтымақты отбасы

«Ынтамақты отбасы» сайысы.
Сайыстың мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән - би, қолөнер тәрізді халықтың өнерден танымын анықтау.
Көрнекіліктер: сандық, асықтар, тапсырма жазылған карточкілер, әр отбасының ұлттық тағамдары т. б.
Слайд 1.
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Слайд 2
«Ата мұраң - асыл қазынаң»
Слайд 3
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер.
1. Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл - гүл жайнап біздің, мына төрімізге.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар!
«Ынтымақты отбасы» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайын...
Мектебімізде, бүгін болар сайыстың,
Сөзге жүйрік, жыршы бетін ашады.
(домбырамаен жыр орындалады)
- Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы - үй базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі сайысқа 2 отбасы қатысқалы тұр. Олар: Кунтаевтар отбасы және Жұмабековтер отбасы.
Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
І бөлім
«Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер». (әр отбасы өзін - өзі таныстырады)
ІІ бөлім
«Ата мұраң - асыл қазынаң»
(салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарға байланысты тапсырмалар)
ІІІ бөлім
Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер. (әр отбасының анасы пісірген тағам және ою ояды, баласы сөзжұмбақ шешеді)
IV бөлім
«Халық тәлімі - тәрбие бастауы» (бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалар)
V бөлім
«Ұяда не көрсе
Ұшқанда соны ілер» (сандар қасиетіне тоқталу)
VI - бөлім
«Өнер кезеңі»
I. Өзін - өзі таныстыру музыкалық үзіліс.
II. Әр отбасынан балалар ортаға шақырылады. Сандық ішіндегі номірленген асықтарды ашу арқылы тапсырмаларын анықтайды.
(сұрақтарға отбасы ақылдасып бірігіп жауап береді)
№ 1 «Байғазы»және «Көрімдік»салт - дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?
«Байғазы»- Мысалы: балалардың жаңа киімі, тағы басқалар үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық.
«Көрімдік» - жаңа өмірге келген балаға, жас келінге, күйеуге береді. Мұның маңызы не? Маңызы алып - беруде ғана емес, жақын - жуықтың адамгершілігін, ашық қолдығын танытудың белгісі.
Айырмашылығы: Көрімдік адамға, жандыға беріледі, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты.
№2. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салттың түрі.(9)
Жауап: 1. Кіндік кесу. 2. Шілдехана. 3. Балаға ат қою. 4. Бесікке салу. 5. Қырқынан шығару. 6. Тұсау кесу. 7. Сүндет той. 8. Тілашар. 9. Үйлену тойы.
№3. Аналарға ситуациялық сұрақ.
Атаңыздың аты Қойбағар болса, оны сіз қалай атар едіңіз?
№4. Бір ауыл маңында қойға қасқыр шауыпты. Мұны көрген келін үйіне жүгіріп келіп, қойға қасқыр шапқанын айтқан екен. Келіннің атасының есімі Қойлыбай, қайнысының есімі Пышақбай болыпты. Қазақ салты бойыншы атасының, қайнысының, қайнағасының есімін айтпау керек. Келін бұл жағдайдан қалай шыққан?
Жауап: Маңыраманы ұлыма жеп жатыр, жаныманы алып маңыраманы бауыздау керек.
№5. Бақытты отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіз?
Жауап: 1. Екі адамның бірін - бірі сыйлауы. 2. Кішіпейілдік. 3. Махаббат.
№6. Немерелі болған әже сүйінші сұратып жан - жаққа шапқылатады. Сүйінші сұраушылардың «Кім туды?» деген сұраққа тұспал сөзбен қалай жауап берер едіңіз?
Жауап: Ұл туса - тізген ұстар, ноқта жетектер, қыз болса - «аққұман ұстар», «көйлек тігер»
ІІІ бөлім. Анасы ою ояды, баласы сөзжұмбақ шешеді.
IV бөлім.
1. Үйде әдет - ғұрып туралы қандай тәрбие бересіз?
2. Малды теппе, ақты төкпе!- тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
3. Тізеңді құшақтама!- тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіздер.
Жауап: 2. Бұлардың басында сүт сауылады, ал сүт өмір өзен оны аяқ асты етуге болмайды.
«Мақал айтсаң жол көрсеттің, мәтел айтсаң жанымды жайландырдың» демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мақал құрастырыңыз.
1. Ер...- ез... (Ер бір өледі, ез мың өледі)
2. Өле...- бөле... (Өле жегенше, бөле же)
3. Ұяда...- ұшқанда... (Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің)
4. Сөз...- таяқ... (Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді)
«Көңілді аспаздар» ойыны. (Екі отбасы картоп тазалаудан жарысады)
Ән айтудан жарыс.
V бөлім.
1. 5 қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)
2. 3 арсызды ата.(ұйқы, күлкі, тамақ)
3. 3 жамандықты атап беріңіз. (нақақ қан төгу, кіші толын нақақ алу, ата – бабадан қалған жұртты бұзу )
4. Бетін аулақ қылсын деп, жеті ағайынды жұтты атап бер. (жұт, қуаңшылық, індет(көлденең кесел) өрт, соғыс, сел жүру(тасқын) жер сілкіну)
5. Жігіттің үш жұрты бар. Олар қандай?
6. Не жетім?(тыңдаусыз қалған сөз жетім, киюсіз қалған бөз жетім, иесіз қалған жер жетім, басшысы жоқ ел жетім, аққу - қазсыз көл жетім, елінен айырылған ер жетім, замандасы қалмаса, бәрінен сол жетім)
VI бөлім. «Өнер кезеңі»
Әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді. Қойылымнан көрініс. Ән орындалады, би биленеді.
Музыкалық үзіліс.
Сайыс соңында әділ - қазылар алқасы сөз алып, қорытындылайды. Мақтау қағаздарымен марапатталады.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету