Сайтқа кіру Тіркелу

Ерлігі ұмытылмас ерлер

«Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты салтанатты жиынның сценарийі.
Шалқар аудандық тарихи - өлкетану мұражайында өткізілген кеш
Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс!
Сабақтың тақырыбы: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
І жүрг: Төлеу Жаңалық
ІІ жүрг: Мұздақова Сымбат
Қазақ биі «Сұлтан»
Мәңгілік Ұмытылмас Ұлы Жеңіс!
Сабақтың тақырыбы: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
І жүрг: Төлеу Жаңалық
ІІ жүрг: Мұздақова Сымбат
Қазақ биі «Сұлтан»
І жүрг: Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
ІІ жүрг: Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
І жүрг: Қадірлі де, қымбатты қонақтар Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІжүрг: Сіздерге сұрапыл жылдардың отты күндерін еске түсіріп, соғыстың тек қана азап пен қан төгіс екенін мойындата отырып, Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицердің және Кеңес Одағының батыры І. Үргенішбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай рухына арналған «Ерлігі ұмытылмас ерлер» атты әдеби сазды кешімізді ұсынамыз.
І жүрг: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік жарияланады)
І жүрг: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.
ІІ жүрг: (Св. Война әні орындалып тұрады): Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...
Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілді. Бейбіт халықтың денесі жаралы.
І жүрг: Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.
Гитлер сөзінде «Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек» деді.
ІІ жүрг: Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл совет халқы майданға аттанды. Отан - Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға осылай шығарып салды.
(Бір топ әскерлер өтеді)
І жүрг: Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
Отан үшін аянбай соғысты олар
Кеудесінен ұрса да отты жалын.
ІІ жүрг: Қан кешкенде майданда бабаларым
«Қан көрмесін ұрпағым, бабаларым»
Тілек еткен ұрысқа түсіп алмай
Тауып алып қан - жаса жараларын.
І жүрг: Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
ІІ жүрг: Әлия, Мәншүк, қайсар қызы қазақтың
Ерлігінде таңдамайтын ғажап тым.
Желбірейді бейбітшілік жалауы
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр
Мәңгілік от ескерткіштің алауы.
Көрініс «Әлия мен Мәншүк».
Ормағанбетова Гүлдана және Маратова Меруерт
І жүрг: Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне,
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сәнді түні.
ІІ жүрг: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз
Аспандата жырлаймыз жақсылықты.
Хор: «Ел қорғауға әзірміз!»
І жүрг: Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен
Асыр салып қуансын бала біткен.
Жүректері жарылсын қуаныштан
Аяласын көңілін жақсы үмітпен.
ІІ жүрг: Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,
Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай!
Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай
Қандай жүрек қалады қанат қақпай
Меруерт: Ідіріс Үргенішбаев өмірбаяны
ІІ жүрг: Батыр ұл есімдері сақталады,
Жыр болып жүректерде жатталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
І жүрг: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте.
Оқушылар тақпақтары
ІІ жүрг: Иә, табиғат заңына бағынбасқа шара жоқ. Бүгінде сұрапыл соғыста жан аямай ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары біздер аталарымыз бен әкелеріміздің рухы алдында басымызды иіп тағзым етеміз.
І жүрг: 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады.
Тыныштық тулары
Биікке самғасын.
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын.
(Ән: «День Победы»- орындалып тұрады.)
Соғыстан қайтқан солдаттар шеруі өтеді
2 - жүргізуші: Жеңісті ұзақ күтті. Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды.
І жүрг: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата - анамен қуанышты құшақ ашып.
ІІ жүрг: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың,
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Ән «Мәншүк»
Орындайтын: Ормағанбетова Гүлдана
І жүрг: Аспанда күн жарқылдап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысымен ұмыттырды.
Украйн биі
ІІ жүрг: Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.
2 - жүргізуші: Бұл күн - талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
1 - жүргізуші: Бұл күн - Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
2 - жүргізуші: Бұл күн - осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
1 - жүргізуші: Бұл күн - үйіне, отбасына, ата - анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні
2 - жүргізуші: Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.
1 - жүргізуші: Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
2 - жүргізуші: Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.
І жүрг: 67 жыл көктем таңы атқалы,
67 жыл шуақты күн таратты әні
Есімде содан бері қаншама рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
ІІ жүрг: Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
І жүрг: Олай болса бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!
ІІ жүрг: Тыныштық тулары
Биікке самғасын.
І жүрг: Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын.
Соңы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×