Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз

Тақырыбы: «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»
Мақсаты: Оқушыларға 1 - мамыр Достық, Ынтымақ мерекесінің маңызын түсіндіру, оқушыларды достыққа, татулыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Отанымызды сүюге баулу.
Барысы
Мұғалім:
1 - мамыр Достық мерекесіне арналған «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз»
Құрметті ұстаздар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман - шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.
Испан биі
Гүлім
Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
Айым: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Нұрайым: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні
Айым: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ - шуақты мамырым - ай.
Диана: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Азат:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Гүлім: Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.
Шапағат: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Ержан:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Нұрхат: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық - мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.
Жүргізуші: Грузин Советтік Социалистік Республикасы (Сакартвелос Сабчота Социалистури Республика), Грузия (Сакартвело) – 1921 ж. 25 ақпанда құрылды. Кавказ сыртының орталық және батыс бөліктеріне орналасқан. Оңтүстігінде Түркменмен шектеседі. Батыста Қара теңізбен ұласады. Грузинның құрамына Абхаз Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы, Аджар Автономиялық Советтік Республикасы, Оңтүстік Осетин Автономиялық облысы кіреді.
Жері 69, 7 мың км². Халқы 4734 мың (1971),
Астанасы – Тбилиси.
Әкімшілік жағынан 67 ауданға бөлінеді; 51 қаласы, 57 қ. т. поселкесі бар.
Мемлекеттік құрылысы
Грузин ССР - і – ССР Одағының құрамына енетін жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, одақтық советтік социалистік республика. Конституциясы 1967 ж. 13 ақпанда жалпыгрузиндік 8 - Советтер съезінде бекітілген. Мемлекет өкіметтің жоғары органы – 11 мың тұрғынға 1 депутат есебінен 4 жылға сайланатын Грузин ССР - інің Жоғарғы Советі. Жоғарғы Советінің сессиялары аралығында өкіметтің Жоғары органы – Грузин Советінің Президиумы.
Жоғарғы Совет республиканың үкіметін – Министр Советін құрайды, Грузин ССР - інің заңдарын қабылдайды т. б. Жергілікті өкімет органдары – жергілікті тұрғыдар 3 жылға сайлайтын аудандық, қалалық, поселкелік, селолық Советтер, Грузин ССР - не ССР Жоғарғы Советінің Ұлттар Советінде 32 депутатқа орын берілген (оның құрамындағы АО мен АССР - лердің 16 депутатын қоспағанда).
Грузинның ең жоғарғы сот органы – Грузин ССР - і Жоғарғы Советі 5 жылға сайлайтын республиканың Жоғарғы Соты. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум жұмыс істейді. Одан басқа Жоғарғы соттың Президиумы бар.
Ұлжан:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілім сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Айзат:
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған
Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.

Аслан:
Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір - ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысың, бар халқымның ынтымағы!
Бармысың, қазағымның ынтымағы!
Абзал:
Әйнегі күн, шатыры аспан,
Кең дала, төсі толқыған ән.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан - Республикам менің!
Асылзат:
Ынтымағы жарасқан береке күн,
Білдіреді болашақ ел ертеңін.
Татулық пен достығың арта берсін.
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Жүргізуші:
Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.
«Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды»- деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Ұлт өкілі: Мына бір аңызға тоқталайық
Нұрай: «Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні - түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан....» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
Рахат:
Қазақ жері достықтың гүлстаны
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте, мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
«Достық» биі

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- дей келе, бүгінгі «Қазақстан – біздің сүйікті, ортақ Отанымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп - көп рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×