Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәрбие үйден басталады

Тренинг сабақ: Тәрбие үйден басталады
Ана аналармен бірге өткізіледі.
Алғы сөз.
Өз балаңды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың.

Сонымен, Құрметті ата аналар бүгінгі «Тәрбие үйден басталады»,- атты тренинг сабағымызға хош келіпсіздер.
Әрине, алдымен сіздердің шақыртуға келісіп, сабағымызға қатысып отырғандарыңызға алғыс айтамын, және де бүгінгі тренингтің соңында біз «Бақытты жанұяның» моделін құрастыруымыз керек болады, ол үшін қазір мен сабақ барысында сұрақтар жазылған парақшалар таратамын, сол сұрақтарды мұқият оқып жауап берулеріңізді сұраймын. Және слайдқа қарап отыруларыңызға болады.
Ал ендеше бастайық.

1 - слайд бойынша жұмыс
Алдымен «отбасы деген не?» - атаналарға сұрақ.
Әркім өз жауаптарын береді.
Жауаптар:
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Бақытты балалық шақ
Алтын ұя.
2 - слайд
Ары қарай жалғастырайық. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
3 - слайд
Бала тәрбиесі - бесіктен. Осы арада мен сіздерге бір данышпан адамның айтқан пікірін айтқым келіп тұр, бірақ мұны әр кім әр қалай түсінеді,- деп ойлаймын. Сондықтан әркім әр түрлі пікір айтады.
Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
І. Ендеше, осы аталған қасиеттер біздің осы жерде отырған отбасы мүшелерінен табылар ма екен? Сонымен «Бақытты жанұяға» жетудің алғашқы сатысында ата – аналар.
5 слайд. ситуациялық сұрақтарға жауап беру керек (2 мин уақыт бөлінеді)
Ата аналарға қағазда жазылған сұрақтар таратылады.
Кітапханашы сұрақтарды оқып жауап алады. Әр атана өз қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.

6 - слайд Сіздің жауабыңыз қандай?
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
2. Мектепте озат, үлгілі оқушы үй шаруашылығымен айналысқаннан гөрі бос отырғанды жақсы көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қалай қызықтыруға болады? Сіздің пікіріңіз?
3. Қызы мектептен келіп анасына: «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді»- десе, анасы: «Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма»- депті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
4. Балаңыз үйге мектептен уақытынан кеш келді. Қалай қарсы аласыз?
5. Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтіндіңіз. Ол: «Ән тыңдап отырмын» - деп барудан бас тартты. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңызға үй шаруасымен айналысуды тапсырдыңыз. Бірақ ол оқитын сабағы көп екенін айтып жасағысы келмеді. Сіздің әрекетіңіз?
7. Сіз шаршап, өзіңізді нашар сезініп тұрсыз. Сіздің балаңызға достары қонаққа келетінін естідіңіз. Сол сәттегі әрекетіңіз?
8. Сіз балаңыздың кез келген ортада көп өтірік айтатынын байқадыңыз. Қандай әрекет қыласыз?
9. Сіздің балаңыз соңғы кезде мұғалімдер туралы жағымсыз пікірді көп айтады. Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз?
10. Балаңыздың досы сізге ұнамайды. Сіз бұл достыққа өзіңіздің тарапыңыздан әсер етесіз бе?
11. Сіз балаңыздың күнде сабаққа барғысы келмей, көңіл - күйі төмендеп жүргенін байқадыңыз. Онда тәрбиенің қай түрін пайдаланасыз?
12. Жоғарғы сыныпта оқитын ұлыңыздың темекіге әуестеніп жүргенін білдіңіз. Оны дұрыс жолға қалай саласыз?
13. Бала мектептен қатты ашуланып келді. Себебін сұрадыңыз, бала сынып жетекшісіне ренжіп келгенін айтып шағымданды. Сіздің әрекетіңіз?
14. 9 - сыныпта оқитын кенже ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптасының туған күніне сұранды. Бірақ сіз ондай мерекелерді мектеп оқушысына үйде тойлауға болмайтынын естіп жүрсіз. Қайтесіз? Рұқсат бересіз бе, әлде?
Енді тренингімізді ары қарай жалғастырамыз
7 - слайд
Ата - аналарға «Екі жақты күнделік» әдісі бойынша тапсырма беріледі.
Оқиға
Сіздің пікіріңіз
Менің баламның бастауыш сыныпта оқу үлгерімі өте жақсы еді. Мұғалімдер мақтайтын. Мен баламды бетінен қақпадым. Оның алып келген 5 - тік бағаларына үнемі ақша беріп отырдым. Елден ерекше киіндірдім. Себебі ол менің жалғыз ұлым еді. Өсе келе ол мектепте соңғы сабақтан қашып кететін болды. Күнде ақша сұрайды. Бір күні сынып жетекшісі келіп, баламның мектептегі өрескел қылықтарын айтты. Әкесі қатал еді, ұрды, ұрысты. Бірақ соңғы кезде балам маған өкпелі сияқты. Бұрынғыдай еркелемейді, ашылып сөйлеспейді. Мен түсінбедім. Маған қандай ақыл айтасыздар?
Енді «Бақытты жанұяның» моделін құрастырамыз.
8 - слайд
Тақтадан слайд бойынша кітапханашы көрсетіп тұрады.
9 - слайд Қорытынды.
Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата - ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор. Ендеше, құрметті ата - аналар! Сіздерден сұрайтынымыз балаларыңыздың ұстаздарымен, мектеппен үнемі, жиі байланыс жасауларыңызды сұраймыз. Сонда ғана сіздің балаңыз тәрбиелі де тәртіпті болып өседі.
10 - слайд Соңғы сөз
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым келеді.
11 - слайд. Көріп тыңдағандарыңызға Рахмет!!!

Презентациясын жүктеп алу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету

Коучинг, бала тәрбиесінде сенімділік, қолдау көрсету

Мақсаты: Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіндігіне мән беріп, ата - аналарды бала тәрбиесіне...
Баланың бас ұстазы - ата - анасы

Баланың бас ұстазы - ата - анасы

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылы, Ш. Жексенбаев атындағы ОЖББ мектеп – балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі...
Ынтымақты отбасы

Ынтымақты отбасы

Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы Мақсаты: Ата- аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып,...
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...
Сіз қандай ата-анасыз?

Сіз қандай ата-анасыз?

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, табиғат, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету